О мероприятиях по созданию новых рабочих мест, содействию трудоустройству и предотвращению безработицы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңа жұмыс орнын құру, жұмысқа орналасуға көмек көрсету және жұмыссыздықты болдырмау жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен. Еңбекке жарамды халықтың жұмысбастылығын арттыруды жандандыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Жаңа жұмыс орнын құру, жұмысқа орналасуға ықпал жасау және жұмыссыздықты болдырмау жөніндегі шаралар бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ж.С.Таласпековке және Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 3. Жаңа жұмыс орнын құру, жұмысқа орналасуға ықпал жасау және жұмыссыздықты болдырмау жөніндегі ШАРАЛАР
Облыс әкімінің 1999 жылғы 30.09 № 172р шешіміне қосымша Жаңа жұмыс орнын құру, жұмысқа орналасуға ықпал жасау және жұмыссыздықты болдырмау жөніндегі ШАРАЛАР NN Іс шаралар Мерзімі Жауаптылар 1. Ең аз қорғалған еңбекке жарамды азаматтар тобын жұмысқа орналастыруға жасау Тұрақты Еңбек биржасы, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 2. Әрбір отбасының ең кемі бір адамын жұмыспен қамтуды көздей отырып, қала, аудан әкімдері еңбек рыногында нашар қамтылған тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында шешімдер әзірлеу 1999 ж, желтоқсан қала, аудан әкімдері, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 3. Қоғамдық жұмыстардың ақылы түрлерін көбейту жөнінде шаралар қолдану Тұрақты Еңбек биржасы, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 4. Еңбек рыногындағы ахуалдар, жұмыспен қамту, мамандық бойынша жағдайға бейімделу туралы облыс тұрғындарын ақпараттармен жедел қамтамасыз ету қызметтерін жандандыру мақсатында: - Бос қызметтер мен жұмыс орындары жөнінде облыстық банк ашу - Селолық аудандарда жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған ақпаратты жүйесін (АИСТ) енгізу - ақпараттық материалдар, тұрақты ақпараттық нүктелер, экспресс-ақпараттар шығару - Бос қызметтер мен жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізу Тұрақты Еңбек биржасы, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 5. Жұмыс берушілердің тапсырмасымен және олардың талаптарына сай жұмыссыздарды жқмыспен қамтудың сапасын арттыру Тұрақты Еңбек биржасы 6. Мекемелерде белгілі тәртіп бойынша босаған жұмыс орнына біліктілік талаптарға сай 3 күн ішінде жұмыс берушілердің бос орындар жөнінде мәлімет беру жұмыстарын жандандыру Тұрақты Еңбек биржасы, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 7. Жұмысқа орналастыру қызметі жолдамаларымен жұмысқа орналасудың тиімділігін зерделеу мақсатында орналасқандар мен істеп жүргендердің жағдайын талдау әр тоқсан сайын Еңбек биржасы, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің меншік түріне қарамай ұйымдардың мезгілінде жалақы төлеуді туралы 1998 жылғы 1 тамыздағы N 189ө өкімінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру Тұрақты Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, еңбек инспекциясы 9. Уақытша жұмыс орындарын (ауыл шаруашылығы жұмыстарды, жолдарды жөндеу, әлеуметтік салалар объектілерін қысқа даярлау және т.б.) ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын әзірлеу IV тоқсан, 1999 ж қала, аудан әкімдері 10. Ішкі еңбек рыногын қорғауды және шетелдік мамндар мен қызметкелердің еңбегін пайдалануды шектеуді қамтамасыз ету, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға шетелдік фирмалары қатыстыра отырып, кәсіпорындардың экономикалық дамц бағдарламасының орындалуына бақылау жасау Тұрақты қала, аудан әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 11. Экономика мен кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы кәсіпкерлер Ассоциациясы және «Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау қоғамдық қорының» Қамқоршылар Кеңесімен бірлесе отырып, төмендегідей мәселелерді қарайтын бірлескен отырып өткізсін: - қалалар және аудандардың жергілікті бюджеті есебінен бизнес-инкубаторда кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдірген жұмыссыздырды жұмысқа орналастыру қызметтері ақылы оқуы жөнінде; - кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоғамдық қорынан жеңілдетілген несие беру арқылы өз жеке ісін ашуға қаржы (шағын несие) бөлу мүмкіндіктерін қарау; IV тоқсан, 1999 ж Экономика және кәсіпкерлікті қолдау Бас басқармасы, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау қоғамдақ қоры, қала, аудан әкімдері, «Бизнес-инкубатор» шаруашылық мемлекеттік кәсіпорны, тұрмысы төмен азаматтарды қолдаудың кешендік қорымен бірлесе отырып, жетгілікті жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 12. Қалалық, аудандық прокуратураларымен, кәсіподақ ұйымдарымен, салық инспекцияларымен бірлесе отырып мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда және басқа да шаруашылық субъектілерінде еңбек және жұмыспен қамту туралы заңдарды жүзеге асыру шараларын әзірлеу және қолдану 1999ж, қараша, желтоқсан Кәсіпорындар, салық инспекторлары, прокуратура органдарымен бірлесіп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар 13. Осы мезгілде жұмысы тоқпар түрған кәсіпорындардың жұмысын қайта жүргізуге қаржы көздерін табу. Жұмыссыздар есебінен штат жинақтау мақсатындағы пікірлерден хаттама дайындау, қажет жағдайда жұмыссыздықтарды қайты даярлау I тоқсан 2000 жыл Қала, аудан әкімдері, шаруашылық субьектілері, еңбекпен қамтудың өкілетті органдары 14. Медициналық мекелер, тұрғын үйлер, жолдар мен мектептер құрылыстырын аяқтау объектілерінің тізбесін анықтау, осы объектілерде пайдалануға қажет жұмыссыздар санын, объектінің көлемі мен жұмыс жүргізу мрзімдерін анықтайтын сәйкес органдармен құрылыс шараларын әлірлеу 1999 жыл, қараша, желтоқсан қала, аудан әкімдері, шаруашылық субъектілері, еңбекпен қамтудың өкілетті органдары 15. Жұмысқа орналастурыдың автоматтандырылған ақпаратты жаңа жүйесіне сәйкес қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарының мамандарын оқыту 1999 жыл, III тоқсан Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 16. Мынадай шаралар әзірлеу: - жаңа өндірістер ашу арқылы банкрот кәсіпорындардан босаған қызметкелерді жұмыспен қамту; - кәсіпорындарының банкротқа ұшырауна байланысты жұмыстан шығып қалу қауіпті бар қызметкелерді әлеуметтік қорғау IV тоқсан, 1999 ж қала, аудан әкімдері, кәсіпорындар, жұмыс берушілер 17. Қалалар мен аудандарда халықты жұмыспен қамту арналған атқарушы билік, кәсіодақ және жұмыс берушілер өкілдерінің әлеуметтік әріптестік механизмін пайдалану мақсатында халықты жұмыспен қамтуға көмектесу жөніндегі үйлестіру кеңесін құру IV тоқсан, 1999 ж қала, аудан әкімдері 18. Қала, аудан әкімдерінің мәжілістерінде жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бағдарламасының негізгі бағыттарын орындау мәселесін қаоастыру IV тоқсан, 1999 ж қала, аудан әкімдері