О мерах по поддержке отдельных категорий обучающихся в высших учебных заведениях Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 591 қаулысында : мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқытудың күндізгі нысаны бойынша үшінші және келесі курстарда білім алатын баламалы "үздік" бағасы бар білім алушыларға қосымша білім беру гранттарын тағайындауды қамтамасыз етсін. 2-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға тағайындалған қосымша білім беру гранттарын орналастыруды жүргізсін.";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында : көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: "Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру" деген бөлім: мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын: "Үкімет жоғары білім алу үшін ақылы негізде оқып жатқан жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөнінде шаралар қабылдайды.";
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында : көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: "Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз тобын қолдау" деген VIII бөлім: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын: " 4-1 Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның ақы­лы негіз­де бі­лім ала­тын үшін­ші және ке­ле­сі кур­ста­ры­ның үз­дік бі­лім алушы­ла­ры үшін бі­лім бе­ру грант­та­рын та­ғай­ын­дау БҒМ, ДСМ БҒМ-нің бұй­ры­ғы 2009 жы­л­ғы ақ­пан "; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын: " 14-1 Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның тех­ни­ка­лық, жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми және ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық­тар бой­ын­ша ақы­лы негіз­де бі­лім ала­тын бі­рін­ші кур­стан ба­стап ба­ла­ма­лы "жақ­сы" және "өте жақ­сы" ба­ға­сы бар, сон­дай-ақ көп ба­ла­лы және тұр­мысы на­шар от­ба­сы­дан шық­қан сту­дент­тер­ге, же­тім сту­дент­тер­ге және ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған сту­дент­тер­ге, мү­ге­дек сту­дент­тер­ге, ата-ана­ла­ры зей­нет­кер жа­сы­на жет­кен сту­дент­тер­ге ұзақ мер­зім­ді бі­лім бе­ру кре­дит­те­рін бе­ру БҒМ, ДСМ, "Са­мұ­рық-Қа­зы­на ҰӘҚ" АҚ Үкі­мет қа­улы­сы 2009 жы­л­ғы на­урыз ".
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 020 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғары оқу орындарының ақылы негізде білім алатын үшінші және келесі курстарының үздік білім алушылары үшін қосымша білім беру гранттарын беруге жұмсалатын шығындарды ескерсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.