О создании компьютерных систем сбора, анализа и распространения информации в аппарате акима области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің аппаратында ақпарат жинау, талдау және таратудың компьютерлік жүйесін құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
Облыс әкімінің аппаратында, облыстық департаменттер мен басқармаларда ақпаратты жинау, талдау және таратуды практикаға енгізу, облыс әкімі аппаратының ақпараттар легін және жергілікті есептеу жүйесінің (бұдан әрі (ЖЕЖ) жұмысын тәртіпке келтіру мақсатында, сондай-ақ жергілікті жүйенің жалпылама ақпараттык-құқықтық бөлігіне азаматтар мен ұйымдардың еркін кіруіне қол жеткізуді ұйымдастыру үшін ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Б. Баймағамбетова, облыстың қаржы департаментінің директоры М.А. Щеглова, "Қостанай" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Р.Т. Келтенов, облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы В.Г. Лосев 1999 жылғы 1 желтоқсанға дейін облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен мыналарды аяқтасын:
- облыс әкімінің аппаратын компьютерлендіруді;
- Интранет/Интернет технологиясына ЖЕЖ өтуін;
- облыс әкімі аппаратының қызметкерлерін үзіліссіз орталықтандырылған факсимильді және электронды байланыспен қамтамасыз етуді;
- облыс әкімі аппаратының ақпараттык серверінің жалпы бөлігіне азаматтардың қалалық телефон желілері және Интернет арнасы бойынша ақысыз қол жеткізуін ашуды.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары:
- жергілікті есептеу жүйесінің шеңберінде жұмысты үйлестіру үшін жауаптыларды тағайындасын;
- апта сайын жұмадан кешіктірмей облыс әкімінің баспасөз қызметіне электронды байланыс бойынша жоспарланатын және өткізілетін шаралар, төмендегілерге қоғамдық мүдделілік тудыратын өз қызметінің нәтижелері туралы ақпарат берсін:
- инвестициялық қызмет саласында;
- бірлескен қызмет етуді ұйымдастыру туралы инвесторлар делегацияларымен келіссөздер туралы;
- қызметтің перспективалық жоспарлары туралы;
- алда тұрған проблемалар туралы;
- көпшілік шаралар туралы;
- алда өткізілетін және өткізілген баспасөз конференциялары және т.б. туралы.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері өткен немесе алдағы уақытта өтетін бұқаралық қоғамдық-саяси акциялар туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне уақытында хабарласын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы В.Г. Лосев, сондай-ақ облыс әкімінің аппараты және бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіби және қоғамдық топтар арасында ақпаратпен жедел алмасу үшін ЖЕЖ-ді пайдалануда облыс әкімі аппаратының, бөлімдерінің, облыстық департаменттер мен басқармалар қызметтерінің жалпы үйлестірілуін жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Ақпараттық-консультативтік қызмет көрсету жөнінде занды тұлғалар арасында келісім-шарт жасауға құқық беретін Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 7 қазандағы 56 шешіміне сәйкес жүргізілген конкурстың нәтижесі бойынша, сондай-ақ "Ақпараттық қызмет көрсету туралы" 1999 жылғы 1 шілдедегі 7/3 "РТС" фирмасы ЖШС (Радио-телевидение-Связь) және облыс әкімінің аппараты арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес жергілікті есептеу жүйесіне техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және жетілдіру жүргізетін болып "РТС" белгіленсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімі аппаратының жергілікті есептеу жүйесінің техникалық әкімшісі болып "РТС" фирмасының техникалық директоры Виктор Григорьевич Давитян бекітілсін.