Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын, 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының, 2, 3 тармақшаларын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізілсін.