О взимании сбора за право реализации товаров на рынках с применением контрольно-кассовых аппаратов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бақылау-касса аппаратын қолдана отырып базарларда тауарларды сату құқығы үшін алым жинау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N840 қаулысына сәйкес облыс базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымақыны жинауды ұйымдастыруды жақсарту және салық пен төлемдердід жергілікті бюджетке толық және уақытында түсуін қамтамассыз ету үшін:
Тармақ 1
1. Қала мен аудан әкімдері базарларда фискальды зердесі бар бақылау-касса аппаратын орнатумен тауарларды сату құқығы үшін алымақыны қабылдайтын орын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті (Аханаев О.Қ.) мен Сауда және қызмет көрсету департаменті (Шакенов М.Ш.) фискальды зердесі бар бақылау-касса аппараты арқылы базарларда тауарларды сату құқығы үшін төленетін алымақыны жинау тәртібін әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. “Шығыс Қазақстан облысы базарларында тауарларды сату құқығы үшін төленетін алымақыны жинау жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту туралы” Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1997 жылғы 27 қазанындағы N 1-195Р өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасарына (Швайченко Ю.П.) жүктелсін.