Об утверждении размеров единиц тарификации Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген тарификация бірліктерінің өлшемдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласында талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.К. Наметчаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс операторлары өзінің телекоммуникация желілерінде осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктерінің өлшемдеріне сәйкес трафикті өлшеуді және есепке алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілінеді. "Келісілді" Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы Шабдарбаев А.С. _____________________ 2009 жыл
Басқа 0. Тарификация бірліктерінің өлшемдері
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығымен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдері
Тармақ 1
1. Тарификация бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі.
Тармақ 2
2. Телефондық трафиктің өлшеу бірлігі 1 секунд болып табылады, сондай-ақ оның туындысы 60 секунд немесе 1 минут.
Тармақ 3
3. Интернет және деректер беру трафиктің өлшем бірлігі 1 бит және 1 байт болып табылады, сондай-ақ 1 килобайт, 1 мегабайт, 1 гигабайт, 1 терабайт олардың туындысы болып табылады, қайда 1 байт 8 битке тең, 1 килобайт 1024 байтқа тең, 1 мегабайт 1024 килобайтқа тең, 1 гигабайт 1024 мегабайтқа тең, 1 терабайт 1024 гигабайтқа тең.
Тармақ 4
4. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне кіріс, шығыс және транзиттік трафиктің барлық түрін өткізгенде байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысуда қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
Тармақша 1
1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
Тармақша 1-1
1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі - 1 секунд;
Тармақша 2
2) халықаралық телефондық трафигі - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
Тармақша 3
3) Интернет және деректер беру трафигі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб).
Тармақ 5
5. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс операторымен абоненттерге қызмет көрсету барысында қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
Тармақша 1
1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық және IP-телефониялар: байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд); басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
Тармақша 1-1
1-1) ұялы байланыс: байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде - 1 секунд; басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу - 1 секунд;
Тармақша 2
2) халықаралық телефон байланысы: таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд); басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);
Тармақша 3
3) деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділігі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб);
Тармақша 4
4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс - 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан - 10 секунд).
Тармақ 6
6.
Тармақ 7
7. Байланыс операторлар, байланыс операторлар мен абоненттер арасында өзара есеп айырысу кезінде тарификация бірліктерінің өлшемдерінен төмен трафик, осы бұйрықпен бекітілген тиісті тарификация бірліктері өлшемдеріне сәйкес, осы қызмет үшін толық тарификация бірліктері өлшемдері ретінде тарифтеледі.
Тармақ 8
8. Байланыс операторларымен осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктері өлшемдерінен төмен тарификация бірліктері өлшемдерін қолдануы рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.