Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сотталған азаматтар үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы Әділет Министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығының негізінде және 1997 жылғы 16 шілдедегі N 167 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабына сәйкес, қала әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсiпорындардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шығарылған сот үкiмiне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушiлер сотталған азаматтарды қала аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттердi отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс, жолдарды және оның аймағын тазалау жұмыстарына, санитарлық қызметтерге тартылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аталған тiзiмде көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстардың төлемақыларын жергiлiктi бюджетке аударылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 05 ақпандағы N 311 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: М.И.Абубикиров _______________ «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «3» ақпан 2009 ж.
Басқа 7
Қала әкімдігінің 2009 жылы « «3» ақпандағы № 180 қаулысына қосымша Сотталған азаматтар үшiн тегiн пайдалы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсiпорындардың тiзбесi
Тармақ 1
1. «Жаңаөзен қалалық орталық аурухана» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорын /С.Бекназаров/
Тармақ 2
2. «Өзенинвест» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Ж.Мукашев/
Тармақ 3
3. «Тазалық» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Н.Қайнарбеков/
Тармақ 4
4. «Өзенкөктем» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Ж.Туров/
Тармақ 5
5. «Өзен жылу» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын /Б.Ақшабаев/