Елді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
ҚАЗЕлді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Елді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Елді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/93-IV
- Қабылданған күні
- 12.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2012 · қолданыстағы AI44737_3.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UM000052
- ЭКБ идентификаторы
- 44737
- Редакция идентификаторы
- AI44737_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:47
0 Елді мекендер мен Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық ставкаларының мөлшері 30 пайызға, Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.