Об установлении водоохранных зон и полос озер Айдабол, Зеренда, Майбалык, Караунгир, Султанкельды, Тенгиз, Копа, рек Терсаккан, Жабай, Селеты, Колутон, Чаглинка, Кылшакты и режима их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдері, Террісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдерінің және Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары негізінде 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдерінің және Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері аумақтарында шаруашылыққа пайдалану режимі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігінің
су ресурстары жөніндегі
Комитетінің су ресурстарын
пайдалану реттеу
және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік су
инспекциясының
бастығы Н.Атшабаров
Басқа 5. Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдері және Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон,
Шағалалы мен Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары және белдеулері
Ақмола облысы әкімдігінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19
қаулысына 1-қосымша
Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдері және Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон,
Шағалалы мен Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары және белдеулері
Р/с №
Су объектісінің атауы
Су айдынының ауданы, ш.км
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
ені метрмен
ауданы ш.км
ені метрмен
ауданы ш.км
1
Айдабол көлі
1,632
500
0,897
35-90
0,104
2
Зеренді көлі
1,083
500
0,913
35-80
0,072
3
Майбалық көлі
0,560
300
0,173
50-90
0,045
4
Қараүңгір көлі
1,093
500
0,740
35-80
0,066
5
Сұлтангелді көлі
3,570
500
1,832
35-50
0,150
6
Теңіз көлі
233,900
500
10,521
50
0,979
7
Қопа көлі
1,479
500
0,838
35-75
0,080
8
Терісаққан өзені
9,480
500
1,281
35-100
1,782
9
Жабай өзені
6,710
500
1,941
35-100
2,660
10
Селеті өзені
7,890
500
27,256
35-100
3,218
11
Колутон өзені
9,679
500
20766
35-100
2,755
12
Шағалалы өзені
1,540
500
16339
35-100
2,441
13
Қылшақты өзені
3,500
500
1,093
35-100
1,057
Басқа 6. Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнің, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Ақмола облысы әкімдігінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
№ А-1/19 қаулысына
2-қосымша
Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнің, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Елдi мекендердегі су қорғау аймағы шегінде су объектiсiнiң ластануын және қоқыстануын болдырмайтын пайдалану режимі сақталуы тиіс.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.