Көшелерге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Сарат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қырыққұдық ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қырыққұдық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
Тармақша 1
1) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, бірінші көшеге есімі берілсін.
Тармақша 2
2) Мәншүк Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, екінші көшеге есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.