Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N 993 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуға рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының, 2-тармағының күші
жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге қажетті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне екі апта мерзім ішінде бекітуге енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңсесінің құрылымы
Басшылық
Премьер-Министрдің Хатшылығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
Заң бөлімі
Аймақтық даму бөлімі
Экономикалық бөлім
Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі
Жиынтық талдау бөлімі
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі
Сыртқы байланыстар бөлімі
Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
Кадр жұмысы бөлімі
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы
Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің Хатшылығы
📌 ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08. N 1878;
2000.05.15. N 708a ;
2000.06.29. N 971;
2001.01.17. N 58 ;
2002.01.31. N 145
қаулыларымен.