О применении налога на добавленную стоимость при экспорте товаров в Республику Узбекистан и импорте товаров из Республики Узбекистан Қолданыста
Басқа 0
Тауарларды Өзбекстан Республикасына экспорттау және тауарларды Өзбекстан Республикасынан импорттау кезінде қосылған құнға салынатын салықты қолдану туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарлар экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Былай:
тауарларды Өзбекстан Республикасына экспорттауға қосылған құн салығы
нөлдік ставка бойынша салынады;
тауарларды Өзбекстан Республикасынан импорттаған кезде қосылған құн
салығы кедендік ресімдеу кезінде жалпы белгіленген тәртіппен төленеді деп
белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.