О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку Узункольского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеудi жүргізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тiркеуді 2009 жылғы қаңтар-наурызында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымдастырып, жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) тіркеу жұмыстары аяқталған соң, жасалған шарттар мен шығарылған шығындар бойынша қызмет көрсеткендермен есеп айырысуды өткізу ұсынылсын;
Тармақша 3
3) Ұзынкөл ауданының шақыру участкесіне Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын тіркеу қорытындылары жайлы ақпаратты аудан әкіміне 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарласын.
Тармақ 3
3. "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрігеріне (келiсiм бойынша) тіркеу жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылсын: Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың кеуде клеткаларына, жүрек рентгенттерін жасау және керекті лабораториялық тексерулер жүргізсін.
Тармақ 4
4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл селосының, Троебрат селосының әкімдері тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру участкесіне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бастықтың міндетін атқарушысына 12200500 "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар" бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегiнде Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз етуге байланысты iс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесiне тiркелуден бас тартып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскесiне әкелу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тіркеу жүргізу мерзiмiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеу жүргiзудiң орындалуына бақылау жасау Ұзынқөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 8
8. " Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Ұзынкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 4 шешімі жойылсын.
Тармақ 9
9. Ұзынкөл ауданы әкімінің осы шешімі ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.