Ошақты ауылдық округінің Сарыжылға ауылының шегіне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ошақты ауылдық округінің Сарыжылға ауылының шегіне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 107, 108 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Ошақты ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 қазандағы N 247 ұсынысы негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ошақты ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 134,0 га жер учаскесі Сарыжылға ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шектері өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.