О неотложных мерах по улучшению воспитания, обучения, социальной защиты и материального обеспечения детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. Күшін жойған
Басқа 0
Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік қорғау және материалдық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шұғыл шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Жетім балалар мен ата=ананың қамқоршылығынсыз қалған балалар ды әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандар және Қапшағай қаласының әкімдері, денсаулық сақтау /Дүрімбетов Е.Е/, қаржы /Тәжібаев К.К/, әлеуметтік қамтамасыз ету /Мыңбаев 3.К./, еңбек және еңбекпен қамту /Жапаров М.К./, жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі /Угренинов В.Я./ басқармалары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Жетім балалар мен ата=ананың қамқоршылығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шұғыл шаралар және білім беру мекемелерінің балаларына, тәрбиеленушілеріне, оқушылар мен студенттеріне киім=кешек пен тамақ шығындарынын заттай нормалы туралы" 1995 жылғы 31 наурыздағы № 376 қаулысын басшылыққа алсын және сөзсіз атқаратын болсын. Бұл қаулының жүзеге асырылуы жөнінде нақты шаралар жасап, жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім департаменті /Битуова Т.Р./, жергілікті білім беру органдары:
Тармақ 2.1
2.1. Бірінші кезектегі тәртіппен балалар үйінің отбасылық түріндегі, № 1 облыстық балалар үйі және оның филиалдарының тәрбиеленушілерін, жетім балалар мен ата=ананың қамқоршылығынсыз қалған балалар қатарынан оқитын оқушыларды киіммен, аяқкиіммен, жұмсақ инвентармен, жеке бас жабдықтармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 2.2
2.2. Жетім балалар мен ата=ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқу=тәрбие мекемелерінің барлық түрін бітірушілерді
жұмысқа жолдағанда және олар жұмысқа орналасқанда бір мезгілдік материалдық көмек көрсетсін.
Тармақ 2.3
2.3. Жетім балалар мен ата=ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды спорт, көркем сурет және музыкалық өнер мектептерінде оқуы үшін ақы төлеуден босатсын.
Тармақ 2.4
2.4. Жыл сайын жетім балалар мен ата=ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды демалыс, оның ішінде саноторий түріндегі лагерлерге, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне тегін жолдамалармен толық қамтамасыз етуді қарастырсын.
Тармақ 3
3. Бұл шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орныбасары Б.С.Шәкіровке жүктелсін.