О лицензировании отдельных видов деятельности Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен. 1998 жылғы қаңтардың 27-гі N 38-ші "Алкогольді өнімдердің айналымына, өндірілуіне мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетті қўру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, 1998 жылғы мамырдың 21-гі "Мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен және 1998 жылғы маусымның 16-ғы N 543-ші "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен, алкогольді өнімдердің айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы қыркүйектегі 19-ғы N 9-358-ші "Лицензиялау комиссиясын қўру туралы" облыс Әкімі шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.
Тармақ 2
2. Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалалары мен аудан әкімдеріне алкогольді өнімдердің айналымына бақылауды күшейту мақсатында мынадай тәртіп орнатылсын: - этил спирті және алкогольді өнімдерді өндіру, сақтау, сату (сырадан басқа) көтерме саудалау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің арнаулы лицензиясымен жүзеге асырылуы қажет.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіп және сауда басқармасы (Ш.М. Мәжіденов), Салық полициясы комитеті басқармасы (В.Н. Кидик), Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің келісімі бойынша осы шешімнің 2-ші тармағының атқарулуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.К. Кәрімоллинге жүктелсін.