Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Басқа 5
Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысына қосымша Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар;
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақ 7
7. Мүгедектер;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 10
10. Оралмандар;
Тармақ 11
11. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар;
Тармақ 12
12. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жатады;
Тармақ 13
13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақ 14
14. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақ 15
15. алынып тасталсын.