О создании государственного учреждения Департамент по управлению коммунальной собственностью Мангистауской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi мемлекеттiк мекемесiн құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 105 бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысын iске асырудың жекелеген мәселелерi" 1999 жылғы 17 шiлдедегi N 994 , "Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1431 қаулыларын басшылыққа ала отырып, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Департамент) құрылсын.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментiнiң құрылымы мен штат санының шегi бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы (Е.Күмiсқали) акт бойынша облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн қабылдап алу-берудiң барлық актiсi мен осы мәселе жөнiндегi басқа да құжаттарын жаңадан құрылған Департаментке беретiн болсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О.Рахметов акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қабылдап алу-беру актiлерi мен облыстың коммуналдық меншiгiне берiлген шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң мемлекеттiк үлестерiн жаңадан құрылған Департаментке берiлуiн қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Шаметова) Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментiн ағымдағы жылдың аяғына дейiн бекiтiлген бюджет шегiнде қаржыландыруға қаражат iздестiрсiн және 2000 жылға арналған облыстық бюджеттi қалыптастыру кезiнде оның қаржыландырылуын көздесiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О.Рахметовке жүктелсiн.