О правилах благоустройства городов и населенных пунктов области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың қалалары мен елдi мекендерiн көрiктендiру Ережелерi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2012.12.06 № 120/11 шешімімен.
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен елдi мекендерiн көрiктендiру Ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерiне мәслихаттарына Ережелердi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк шаралары туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және жергiлiктi жағдайларды ескерiп дайындау және қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3. Павлодар облысының қалалары мен елдi мекендерiн сәулеттендiру, санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету және ол аумақтардағы жасыл желектi қорғаудың Ережелері
3. Осы шешiм жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Павлодар облысының қалалары мен елдi мекендерiн сәулеттендiру, санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету және ол аумақтардағы жасыл желектi қорғаудың Ережелері Павлодар облысының қалалары мен елдi мекендерiн сәулеттендiру, санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету және ол аумақтардағы жасыл желектi қорғаудың ережелерi елдi мекендерде қоршаған ортаны толық қолдау жөнiндегi iс шаралар кешенiнiң өткiзiлу тәртiбін анықтайды, сәулеттендiру объектiлерi мен элементтерiне қатысты архитектуралық, санитарлық, экологиялық негiзгi талаптарын анықтайды. Ереже облысты елдi мекендерiн сәулеттендiру жөнiндегi жұмысты жүргiзу және ұйымдастыру мәселелерiн, сондай-ақ барлық меншiк түрлерiнiң жеке және заңды тұлғаларының құқығын, мiндетiн, жауапкершiлiгiн анықтайтын нормативтiк құжат болып табылады. Ереже облыстың қалалары мен елдi мекендерiн сәулеттендiру, көгалдандыру, санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң, мамандандырылған мекемелердiң басшыларына жетекшi құрал ретiнде арналған. Жалпы қағидалар мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Осы ереже Облыстық Мәслихат бекiткеннен кейiн Павлодар облысының аумағында тұратын немесе жұмыс iстейтiн, меншiк нысанына қарамай, барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi және облыстың елдi мекендерiнiң барлығына таратылады.
Тармақ 2
2. Облыстың елдi мекенi Павлодар аймағын құрастыратын элемент болып табылады, яғни адамдар тұратын әртүрлi мақсаттағы объектiлерi бар бiрыңғай салынған жер учаскесi шеңберiнiң бөлiгi.
Тармақ 3
3. Сәулеттендiру - елдi мекендердегi адамның қауiпсiз, қолайлы, ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететiн элементтерi мен жұмыс кешенi. Бұл жұмыс кешенi сәулеттендiрудiң объектiлерi мен элементтерiн ұйымдастырудың, сақтаудың пайдаланудың, жөндеудiң және күзетудiң инженерлiк сәулеттендiру, сыртқы сәулеттендiру, санитарлық сәулеттендiру және көгалдандыру сияқты негiзгi бағыттарын қамтиды.
Тармақ 4
4. Бөлiнген аумақ - жер пайдаланушының жеке меншiгiне берiлген немесе өкiлеттi органдардың шешiмiне сәйкес оған қарасты объектiлер (ғимараттар, көлiк магистралi т.б.) орналасқан жер учаскесi.
Тармақ 5
5. Бекiтiлген аумақ заңды және жеке тұлғаларға күтiп-бағуға, қызмет етуге өкiлеттi органның қосып берген жер учаскесi.
Тармақ 6
6. Қалаларға сәулеттендiрудiң қажеттi жағдайларымен қамтамасыз ету үшiн сәулеттендiру басқармалары (бұдан әрi - СБ) жұмыс iстейдi, селолық жерлерде сәулеттендiрудiң қазыналық қызметi (бұдан әрi - СҚҚ) ұйымдастырылады. Олар сәулеттендiру жұмыстарын үйлестiру, яғни объектiлер мен жалпы пайдаланылатын аумақтарда мемлекеттiк тапсырысты iске асыру, қоғамдық - пайдалы мәнi бар шараларды, сондай-ақ пайдалану, қызмет көрсету, жеңiл-желпi және күрделi жөндеу жөнiнде мамандандырылған кәсiпорындармен шарт жасасу, сәулеттендiру элементтерi мен объектiлерiн күзету, тұрғындар мен ұйымдарға ақылы көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Тендердi жеңiп алған жеке және заңды тұлғалар жергiлiктi бюджет есебiнен орындалатын жұмыстарды жасайды.
Тармақ 8
8. Сәулеттендiру элементтерi мен объектiлерiнiң, инженерлiк инфрақұрылымның, жалпы қордың қоршаған ортаны қорғаудың, санитарлық жағдайды қамтамасыз етудiң сақталуына өкiлеттi мемлекеттiк органдар, СБ, СҚҚ, санитарлық полиция бақылау жасайды.
Тармақ 9
9. Қалалық СБ, СҚҚ-ның жұмыстарының мақсаты облыстың елдi мекендерi мен қалаларын көгалдандыру, санитарлық жағдайымен қамтамасыз етудi сәулеттендiрудi қажеттi деңгейде сақтау.
Тармақ 10
10. Осы құжаттағы ережелердi заңды және жеке тұлғалардың бұзуы заңға сәйкес жауапкершiлiкке тартуға әкеп соғады.
Тарау 1. 1. Негiзгi талаптар
1. Негiзгi талаптар
Тармақ 1.1
1.1. Елдi мекендер қызмет көрсететiн объектiлермен көркеюi керек және iс жүзiндегi қалыптың, ережелердiң талаптарына сай, сондай-ақ осы құжаттың ережелерiне сәйкес, адам өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдармен жабдықталуы тиiс.
Тармақ 1.2
1.2. Барлық меншiк түрлерiнiң жеке, заңды тұлғалары өздерiне бөлiнiп, бекiтiлiп берiлген аумақтарды көрiктендiру талабына сай, күтедi, тазалайды, сонымен қатар, өз есебiнен архитектуралық, санитарлық, экологиялық талаптарға орай, күтiп ұстап, жөндеу жұмыстарын жүргiзедi.
Тармақ 1.3
1.3. Жыл сайын сәуiр мен қазан айларында көрiктендiру айлығын өткiзедi.
Тармақ 1.4
1.4. Елдi мекендерде коммуникацияның барлық түрлерiне қызмет көрсететiн заңды және жеке тұлғалар өзiне қатысты әрбiр қатынас жолдарында мезгiлiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзiп, жөндеу кезiнде бұзылған жерлердi қайтадан қалпына келтiрулерi тиiс.
Тармақ 1.5
1.5. Заңды және жеке тұлғалар елдi мекендер аумағында жолды, тротуарларды, газондарды, басқа да тозығы жеткен инженерлiк ғимараттарды бұзып, көшiрiп жасайтын жөндеу жұмыстарын көрiктендiру басқармасының (қазыналық көрiктендiру қызметi) берген рұқсат қағазы болған жағдайда ғана жүргiзе алады.
Тармақ 1.5.1
1.5.1. Рұқсат қағаз жөндеу жүргiзетiн жердiң өкiлiне немесе тапсырыс жасаушыға ғана берiледi. Рұқсат қағаз алу үшiн көрiктендiру басқармасына мынадай құжаттар ұсынулары тиiс: - жөндеу жұмысын жүргiзуге рұқсат қағазын алу үшiн тапсырыс және учаскенi, объектiнi, жөндеу жұмысынан соң қалпына келтiрiлетiнi жөнiндегi кепiлдiк; - инженерлiк тораптың және коммуникацияның иегерлерiмен (объектiнi қайта жөндеу, немесе оны бұзып көшiру туралы) келiсiлген жоба; - жөндеу жұмысының жобасы немесе объектiде жөндеу жұмысын жүргiзу кестесi; - қажет болған жағдайда жасыл желектi көшiруге арналған тапсырыс. Елдi мекендердегi адам өмiрiнiң қауiпсiздiгiне, қоршаған ортаға әсерiн тигiзетiн жағдайда жөндеу жұмысын жүргiзушi жұмысты жүргiзуден бұрын бұл рұқсат қағазды тиiстi өкiлеттi мемлекеттiк органдарда тiркеуге мiндеттi.
Тармақ 1.5.2
1.5.2. Елдi мекендерде адам өмiрiнiң қауiпсiздiгiн сақтау үшiн, ерекше маңызды объектiлердiң апатын жедел түрде жою сияқты жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмімен, рұқсатсыз мекеменiң өкiлiнiң қатысуымен жедел жұмысқа кiрiсуiне болады, ал рұқсат қағаз 24 сағаттың iшiнде алынуы тиiс.
Тармақ 1.5.3
1.5.3. Жұмыс жүргiзу кезiнде зақым келтiрiлген объектiлер немесе инфрақұрылым рұқсат қағазында көрсетiлген жөндеу мерзiмiнiң аяғына дейiн қайтадан қалпына келтiрiлуi қажет. Мерзiмiнен асырылып iстелiнген жұмыс өз еркiмен орындалған жұмыс болып есептеледi. Осы ереженi бұзған кiнәлi адам жауапқа тартылғаннан соң, рұқсаттың мерзiмiн ұзартуға болады. Жұмыс жүргiзушi жұмыс басталғанша мына талаптарды орындауы тиiс: - қауiптi зонаның айналасы қоршалып, ескерту белгiлерi қойылуы тиiс. - жаяу адамдар жүретiн жерлерде лайықтандырылып, түнде жарықпен қамтамасыз етiлуi тиiс. - канализацияның тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануы тиiс. - көгалдандырылған жерлер жабық қорғандармен қоршалуы тиiс. - жолдар мен адам жүретiн жерлерде жұмыс жүргiзiлуi қажет болған жағдайда, ескерту белгiлерi қойылған, айналып өтетiн жолдар жасалуы тиiс.
Тармақ 1.5.4
1.5.4. Жөндеу жұмысына қажеттi материалдар, ауыр механизмдер жұмыс басталудан 1 сөтке бұрын әкелiнуi тиiс. Бұл материалдар мен механизмдер көлiк пен жаяу жүрушiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, орналастырылуы қажет.
Тармақ 1.5.5
1.5.5. Жөндеу жұмыстары iс жүзiндегi норма мен ережелерге сәйкес, сондай-ақ рұқсат қағазындағы нұсқауға сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 1.5.6
1.5.6. Құрылыс материалдары желмен ұшырылып, шашыратылмау шараларына сай сақталады. Одан әрмен жұмысқа жарамсыз деп табылған материалдар зонадан шығарылып тасталады. Ал басқа жұмыс барысында қайта пайдалануға қажет материалдар складтарда сақталуы үшiн актiмен тапсырылады. Көгалдарды, жасыл желектi, жер асты құдықтарының төбелерiн, решеткаларын және т. б. құрылыс материалдарымен, жермен жауып, бастырып тастауға болмайды. Бұл аталған элементтердi қорғау үшiн лайықты ағаштан жасалған қалқандар қолданылады.
Тармақ 1.5.7
1.5.7. Көрiктендiру басқармасының өкiлi қайта қалпына келтiрiлген жұмысты актiмен қабылдап алады.
Тармақ 1.5.8
1.5.8. Сапасыз жұмыстың салдарынан болған зардаптарды жөндеу жүргiзушiлер өздерi жоюы мiндеттi.
Тармақ 1.5.9
1.5.9. Жұмыс шартын бұзып, қайта жөндеу жұмыстары сапасыз жүргiзiлген жағдайда көрiктендiру басқармасының өкiлi мемлекеттiк қызметтiң өкiлiмен басталған жұмысты тоқтатып, шығынды төлетiп, кiнәлi адамды жауапқа тартуға құқысы бар.
Тармақ 1.5.10. ИНЖЕНЕРЛIК СӘУЛЕТТЕНДIРУ
1.5.10. Жүргiзу жұмысының мерзiмi iс жүзiндегi нормаларға сәйкес күнтiзбе кестесiне орай белгiленедi. ИНЖЕНЕРЛIК СӘУЛЕТТЕНДIРУ
Тарау 2. 2. Елдi мекендердiң iшкi көлiк жүйесi
2. Елдi мекендердiң iшкi көлiк жүйесi
Тармақ 2.1
2.1. Қозғалыс қауiпсiздiгiмен қамтамасыз ету және оны ұйымдастыруды жақсарту шараларына мыналар жатады: жол тегiстiгiн сақтау, шұңқыр, жарық тағы басқа ақауларды жою; автомобиль дөңгелегiнiң қажеттi iлiнiсу коэффициентiн қамтамасыз ететiн жолдың кедiр-бұдырлығынан сақтау; жол жағасын бекiту, жол жиегiнiң жалаңаштанбауын қадағалау, суды жол жағасынан бұруды қамтамасыз ету, жол жағасында су, шұңқыр, iз тағы басқа ойлы-қырлы жерлердi болдырмау; жолдың бойында құру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, оның iшiнде жолдың ойма жермен өтетiн бөлiгiнде, жол тарабында, темiржол өткелiнде; қозғалысты канал-каналмен өткiзу; қозғалыстың ұйымдастырылуын жақсарту және оның қауiпсiздiгiн арттыру.
Тармақ 2.2
2.2. Көлiктiң барлық түрлерiнiң иелерi елдi мекендер мен көшелерге автомашиналар мен көлiктiң басқа түрлерiн таза күйiнде шығарып, оларды мұнтаздай етiп ұстауға мiндеттi:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Көшелердi ластамау үшiн көлiкпен тасымалданатын сусымалы және басқа жүктер мұқият жабылуға тиiс.
Тармақ 2.3
2.3. Көлiктiң үзiлiссiз қозғалысын қамтамасыз ету барлық көшелер мен жолдарды пайдаланушылардың, жол қозғалысын реттеу және бақылау органдарының мiндетi.
Тармақ 2.4
2.4. Инженерлiк жүйенiң апаты кезiнде, көше, алаң тағы басқа жалпы пайдаланылатын жерлердi қалпына келтiру, жолдың қыртысын ашатын, қазу, жөндеу жұмыстары осы Ережелердiң "Негiзгi талаптарының" 1 тарауының 1.5. тармағына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2.4.1
2.4.1. Меншiк нысанына қарамай, заңды немесе жеке тұлғалар, қажет болған жағдайда апат болған жерде қоймада сақталған немесе басқа да жабдықтарды өз күштерiмен босатулары керек.
Тармақ 2.5
2.5. Көшелерде көлiк қозғалысын тоқтатуға немесе шағындауға байланысты iстелiнетiн жұмыстар болса, тапсырысшы автокөлiк қозғалысын тоқтату немесе қоғамдық көлiктiң жолын өзгерту үшiн жергiлiктi атқарушы органның өкiмiн алып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар етедi.
Тармақ 2.6
2.6. Көшелер мен алаңдарда жерасты құрылысын салу немесе жүргiзу мүмкiншiлiгiнше жабық әдiспен, жолдың бетiне зақым келтiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.
Тармақ 2.6.1
2.6.1. Кварталдардың iшiнде, сәулеттендiрiлген көшелер мен алаңдарда жерасты құрылыстарын ашық әдiспен күрделi жөндеу және қайта құру жергiлiктi атқарушы органның өкiмiмен жүргiзiледi. Осы немесе басқа әдiстi қолдаудың орындылығы жобалау кезiнде жергiлiктi жағдайға байланысты жеке анықталады.
Тармақ 2.7
2.7. Егер қазылған кезде жобада көрсетiлмеген жерасты коммуникациясы табылса, жұмысты атқарушы СБ-ны (немесе СҚҚ-ны) немесе осы коммуникацияға қарасты мекеменi ескертуге мiндеттi.
Тармақ 2.8
2.8. СБ-ның рұқсатымен жұмыс аяқталған соң қазылған жер құм, қиыршық тас сияқты материалмен қайта жабылады.
Тармақ 2.9
2.9. Жол бетiнiң енi 4-7,5 метр болған жағдайда көшенiң қазылған жерiнiң қалпына келтiру жұмыстары көлiк жүретiн жолдың толық енуiне, ал енi 7,5 метрден артық болса ор бойымен және құрылыс механизмдерi жұмыс iстеген аймақта жүргiзiледi. Сәулеттендiру элементтерi мен бұзылған жер бетiн қалпына келтiру жұмыстары жол бетiн қайта жабу жұмыстарынан кейiн екi тәулiктен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 2.10
2.10. Жұмыстар жүргiзiлетiн жерлерге ескерту хабарламалар жазылған тақтайлар орнатылуы қажет.
Тарау 3. 3. Елдi мекендердiң iшiндегi жерасты және жер бетiндегi инженерлiк коммуникация жүйесi
3. Елдi мекендердiң iшiндегi жерасты және жер бетiндегi инженерлiк коммуникация жүйесi
Тармақ 3.1
3.1. Елдi мекендердiң сәулеттiлiгiн қорғау үшiн инженерлiк жүйелердiң техникалық жағдайы инженерлiк коммуникация, және ғимараттар мамандандырылған кәсiпорындардың үздiксiз бақылауында болады; олардың мiндетi: аумақта су тасқынына жол бермеу; күзететiн және бөлiнiп берiлген аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау; люктардың, құдықтардың, камералардың қақпақтары, жауын суының торлары жол жабуының деңгейiнде болып, түзетiлген жағдайда болуын бақылау, қыс мезгiлiнде олардың орналасқан жерiн жылдам анықтау үшiн белгiлер салынуы, пайдалану, қайта жабу мен монтаждау ережелерiн сақтамағандықтан iстен шығуы мүмкiн жерасты жолдарының үстiңгi жабуының жағдайын бақылау;
Тармақ 3.2
3.2. Үстiңгi және жерасты суларын бұруға арналған трубалар, құдықтар мен каналдарды тазалау, жауын суларының коллекторларын, жауын суларынан қабылдағыштарды тазалау қажетiне қарай, кемiнде жаз мерзiмiнде 4 рет, күз-қыс мерзiмiнде 1 рет тазалануы тиiс.
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Жауын канализациясы мен жауын суларының қабылдағыштардағы қатты қалдықтарын қажетiне қарай тазалап, сол бойда ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерге шығарылуы қажет.
Тармақ 3.3
3.3. Өнеркәсiп кәсiпорындарының алаңдарына жиналған су шаруашылық канализациясына ағызылуы тиiс. Қысқы мерзiмде су құбырлары, жылу торабының, шаруашылық канализациясының апаты болған жағдайда суды нөсерлiк канализацияға ағызуға тыйым салынады.
Тармақ 3.4
3.4. Күзде суық түсер алдында суағар желiнiң торларын жауып, бекiту керек.
Тармақ 3.5
3.5. Қазiргi жерасты коммуникацияларын қайта жөндеу кезiнде оларды көлiк жүретiн жол астынан шығаруды ескерген жөн.
Тарау 4. 4. Елдi мекен аумағын жарықтандыру
4. Елдi мекен аумағын жарықтандыру
Тармақ 4.1
4.1. Елдi мекен аумағы сыртқы жарық қондырғылары арқылы жарықтандырумен қамтамасыз етiледi. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар: электр жабдықтау құрылғысы, қоректендiретiн желi, қоректендiру пункттерi, таратушы желiлерi; қорғау құрылғысы және жерге қосылған электр желiсi; басқару қондырғысы; тiреуiштер, арқанды салпыншақтардың тiректерi.
Тармақ 4.2
4.2. Тiректер бүйiр тасының алдыңғы қырынан цокольдiң сыртқы бетiне дейiн 0,6 метрден кем емес арақашықтықта орналасады. Автобустар мен ауыр жүк машиналары жүрмейтiн көшелерде бұл аралықты 0,3 метрге дейiн кемiтуге болады.
Тармақ 4.2.1
4.2.1. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жерiнде тiректер тротуардың дөңгеленген жерiне дейiн және әртүрлi кiрер жерлерден 1,5 м. қашықтықта орналасады. Тiректер газондарда ағаштармен қатар, аллеялар мен жаяу жүретiн жолдарда орналасады.
Тармақ 4.2.2
4.2.2. Ғимарат жанындағы енi тар тротуарлар мен алаңдарды ыңғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандыруға болады.
Тармақ 4.3
4.3. Сыртқы жарықтандыру құрылғыларын қалпында сақтауға қызмет көрсетуге мынадай iс-шаралар жатады: Сан және сапа көрсеткiштерi мөлшерде берiлген сыртқы жарықтандыру құрылымдарын техникалық дұрыс қалпында сақтау, шамшырақты тазалау, жарықтану деңгейiн өлшеу; сыртқы жарықтандыру қондырғысының белгiленген жұмыс тәртiбiн, жергiлiктi атқарушы орган бекiткен кесте бойынша жарық берудi қадағалауды, жартылай немесе толық сөндiрудi, жанбайтын шамшырақтарды, бұзылған жерлерiн анықтап, және оны шұғыл жоюды қамтамасыз ету.
Тармақ 4.3.1
4.3.1. Екi аптада 1 рет шамшырақтардың жану пайызын және сыртқы жарықтандыру құрылғысының жағдайын анықтау үшiн бақылау тексерiстерi өткiзiледi. Шамшырақтың жану пайызы 95 пайыздан кем болмауы керек.
Тармақ 4.3.2
4.3.2. Сыртқы жарықтандыру құрылғысының жағдайына байланысты металл тiректер, тiреуiштер мен басқа да элементтер, үш жылда бiр рет сырланып тұрады.
Тармақ 4.4
4.4. Витриналарды жалпы жарықтандыру мақсатында әдетте люминесцент шамдары алынады. Қосымша жарық беру үшiн қызуы күштi шамдар пайдаланылады.
Тармақ 4.5
4.5. Жарнама, стендiлер, витриналарды жарықтандырудан шағылысқан толассыз жарықтың айнадай құрылымын қараған адам күзiне түспестей орналастыру керек.
Тармақ 4.5.1
4.5.1. Жаяу адамның, жүргiзушiнiң көзiне сәуленiң тура түспеуi үшiн жарықтандырғыш құралдың қорғау бұрышын ескеру керек немесе экрандайтын арнайы торлар құрады.
Тарау 5. 5. Табиғи суаттар
5. Табиғи суаттар
Тармақ 5.1
5.1. Елдi мекендер табиғи суаттардың қасында орналасса, олардың жағасында жағажайлар жасалады.
Тармақ 5.2
5.2. Серуендейтiн аллеяларда көгалдар мен ағаштар аллеяның iшкi жағына орналасады.
Тармақ 5.2.1
5.2.1. Оңтүстiкке қараған жағалауларда көлеңкелi учаскелер жасалады. Газондар мен гүл өсiретiн жерлерге бөлiнедi.
Тармақ 5.2.2
5.2.2. Баспалдақтың шығар жерi өте биiк болған жағдайда ол жерге алаң жасалуы қажет.
Тармақ 5.3
5.3. Жағажай аумағы судың көздерiн санитарлық қорғау аймағынан тыс және су ағынының ең төмен жерiн ластау мүмкiндiгiнен қашық жерде болу керек.
Тармақ 5.4
5.4. Жағажайға медпункт, құтқару стансасы, тамақтандыру сауда пункттері, киiм ауыстыратын кабиналар, әжетханалар, қоқыс жинайтын жерлер орналасады. Iшетiн су фонтандары болса, ондағы су "Ауыз су" үлгiсiне сәйкес болуы керек.
Тармақ 5.5
5.5. Жағажайлар неғұрлым күн көп түсетiн оңтүстiк, оңтүстiк батыс, оңтүстiк шығыс баурайларына орналастырылады.
Тармақ 5.6
5.6. Шомылуға арналған жерлерде машина, кiр жууға, жануарларды жуындыруға болмайды.
Тармақ 5.7
5.7. Материалдарды, жабдықтарды арнайы бөлiнген жерлерден басқа жерлерде сақтауға; - қоқысты, балшықты, ластанған қарды, тазаланбаған өнеркәсiп және шаруашылық қалдықтарын суаттардың, өзеннiң айналасына лақтыруға тыйым салынады. Қыс мерзiмi аяқталған соң жағалау аймағы көң - қоқыстан тазаланып, су бассейнiнiң санитарлық жағдайын қамтамасыз ететiн шаралар жүргiзiледi.
Тарау 6. 6. Елдi мекендердi сәулеттi көркем безендiру
6. Елдi мекендердi сәулеттi көркем безендiру
Тармақ 6.1
6.1. Елдi мекендердi сырттай көркейту қалыпты тәртiппен бекiтiлген жоспарлаудың детальды (бөлшектi) жобасы және аумақты салудың жоспары бойынша iске асырылуы керек.
Тармақ 6.2
6.2. Сырттай көркейту элементтерiн орналастыру жағдайында олардың аумақтың бағытына (мақсатына) сәйкес келуiн, бағынуын, архитектурамен және табиғи ортамен органикалық бiрлiгiн қамтамасыз етуi қажет.
Тармақ 6.3
6.3. Аумақтың тұрғын жай бөлiгiн көркейтудiң жоспарлы элементтерi балалардың ойын алаңынан, үлкендердiң демалатын жерiнен, спорт және шаруашылық алаңдарынан тұруы керек.
Тармақ 6.3.1
6.3.1. Балалардың ойын алаңы тұрғын аймақтың iшiнде көлiк жолынан қашық, терезеден 12 метр жерлерге орналасуы қажет.
Тармақ 6.3.2
6.3.2. Шаруашылық алаңына кiр кептiретiн, киiм тазалайтын және қоқыс жинайтын аумақ енедi. Алаңдардың ұзын бойларына бір қатар бұталар отырғызылуы керек, (терезесі жоқ қабырға жағына ғана отырғызбауға болады).
Тармақ 6.3.3
6.3.3. Тұрғын жай iшiнде жаяулылар жолдарын үлкен жолдың, жаяу адамдардың қозғалыс бағытына сәйкес мүмкiндiгiнше, ең аз көлбеумен қысқа қашықтықтарға салынуы керек.
Тармақ 6.3.4
6.3.4. Балалар алаңының салынуы сол жерге қойылған жабдықтарға байланысты болуы керек.
Тармақ 6.4
6.4. Су тасқыны аумағына жақын орналасқан саябақтар тұрғын жайдан, негiзгi магистральдар мен жолдардан алшақтау болуын ескерiлiп жабдықталуы қажет.
Тармақ 6.4.1
6.4.1. Саябақтар аумағында көркейту жұмыстарының ойын, спорт, серуен алаңдары элементтерi ескерiлуi қажет.
Тармақ 6.4.2
6.4.2. Базар аумақтарында, оның iшiнде шаруашылық, базар алаңдарында жауын және ерiген су ағатын еңiстiгi, канализациясы, су құбыры немесе жабық суағар жүйесi болуы керек.
Тармақ 6.4.3
6.4.3. Моланың аумақтары қоршалған және көлiк жүретiн жолдары болуы керек.
Тармақ 6.5
6.5. Тұрғын, әкiмшiлiк пен басқа да ғимараттардың және оған жақын жатқан аумақты көркейту үшiн ол жерлерге сауда орындарын, халыққа қызмет көрсету пункттерiн, офистер, тағы басқа объектiлердi орналастырғанда, осы объектiлердiң иелерi өздерi жасаған жобаға сәйкес, ғимараттың алғы бетiн безендiру және жақын жатқан аумақты көркейтуде бiрқатар iс-шараларын орындауы керек.
Тармақ 6.5.1
6.5.1. Iс-шаралар кешенiне жобада көрсетiлген мөлшерде төмендегi жұмыстар енедi: қажеттi өңдеу (бояу, әртүрлi материалдармен қаптау және басқа): ғимараттың жалпы стилiне сәйкес күнқағары бар кiреберiс, қарт адамдар мен мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне келiп тұруына ыңғайлы болуы үшiн пандустар, баспалдақтардың қанатын салу: аумақты көркейту үшiн тротуарды, көлiк келетiн, тоқтайтын алаңдарды, газонды салу, көгалдандыру жұмыстарын орындау; орындықтар, қоқыс салғыш, қоршау сияқты көркейту элементтерiн т.б. орнату; көшеден көлiк жолына дейiн және ғимаратқа жақын аумақты жарықтандыра алатын сыртқы жарықтандыруды (жарықты жарнама) орнату; қажеттi аз ғана ақпараты бар, жалпы стильде сәнiмен орындалған маңдайшалар орнату;
Тармақ 6.6
6.6. Көлiк тұрақтары бекiтiлген жобалы - смета құжаттарының негiзiнде ғана ұйымдастырылады.
Тармақ 6.6.1
6.6.1. Көлiк тұрақтары жеке жабдықталған автомобиль тұратын қалтасы ескерiлген, жол таңбаларымен белгiленген алаңдарда орналасады.
Тармақ 6.6.2
6.6.2. Көлiк тұрақтарын жайғастыру кезiнде техникалық талаптары орындалуы қажет: жол таңбалары, белгiлер, жарнама қондырғылар, қоршаулар мен павильондар.
Тармақ 6.7
6.7. Көрiктендiрудi, санитарлық, экологиялық нормаларды бұзбау үшiн бұл мақсаттарға арнайы бөлiнбеген жерлерде (оның iшiнде, бекiтiлген аумақтарда): киоск, ларек, павильон қоюға; құрылыс материалдарын, ағаш, көмiр, механизмдер мен басқа да заттарды жинап қоюға; үйлердiң қабырғаларына, көше жарықтандырушы тiректерге, ағаштарға түрлi хабарландырулар iлiнуге тыйым салынады.
Тарау 7. 7. Санитарлық көріктендіру
7. Санитарлық көріктендіру
Тармақ 7
7. Елдi мекендердiң және оларда орналасқан объектiлер мен ғимараттардың аумақтарын жинастыру.
Тармақ 7.1
7.1. Тазалық пен тәртiптi ұдайы сақтау мақсатында әр аптаның бейсенбi күнi санитарлық күн болып саналады, ұйымдар, мекемелер, жеке меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың ұйымдарының, сондай-ақ жеке меншiк үй иелерiнiң өздерiне қарасты аумақтарын жиналуы, жасыл желекке қамқорлық көрсетiлуi ескерiлген.
Тармақ 7.1.1
7.1.1. Аула аумағының тазалығы күнделiктi жинастыру арқылы сақталады. Ауа райының жағдайына байланысты тротуарға су немесе құм шашылады, қардан тазартылып, үй жанындағы көшеттер, балалар алаңы, суағарлар мен құрғатқыштар тазартылады.
Тармақ 7.1.2
7.1.2. Объектiлер мен элементтер орналасқан қоғамдық орындардың аумағын жинау (жалпы пайдаланылатын демалыс орындары), адам аз жүретiн уақыттарда (түнгi уақыт, немесе таңертең ерте) жүргiзiледi: елдi мекендердiң аумағын жинау сөтке бойы жүргiзiледi және жазғы, қысқы болып екiге бөлiнедi.
Тармақ 7.2
7.2. Жаз мезгiлiнде көлiк жүретiн жол мен тротуар шаңнан, балшықтан, түскен жапырақтан, көше қоқысынан тазартылады.
Тармақ 7.2.1
7.2.1. Елдi мекен аумағын жазғы мерзiмде жинауына сыпыру, су шашу, көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi мен тротуарды жуу жатады. Жолдың көлiк жүретiн бөлiгi, алаңдар, инженерлiк ғимараттар түнде жуылады.
Тармақ 7.2.2
7.2.2. Интенсивтi қозғалысы бар көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi екi сөткеде бiр рет жуылады.
Тармақ 7.2.3
7.2.3. Жапырақ түсетiн кезде түскен жапырақ желмен көлiк жүретiн жолды, тротуарды, газонды басып қалуы мүмкiн жерлер ғана жиналады. Жиналған жапырақ арнайы бөлiнген жерлерге апарылып тасталуы қажет. Жапырақты тұрғын жай аумағында, сквер мен саябақтарда жағуға тыйым салынады.
Тармақ 7.2.4
7.2.4. Тұрғын жай аумақтарын жинау таңертең ерте 8-ге дейiн немесе кешкi 19 сағаттан кейiн жүргiзiледi және оған төмендегi жұмыстар енедi: аумақты сыпыру, сыпырғыны жинау, сыпырғыны белгiленген жерге жеткiзу, тротуар плитасының арасындағы шөптi жұлу, қоқыс жинайтын контейнер т. б. тазалау.
Тармақ 7.3
7.3. Қысқы жинауды жүйелi мерзiмдi - қар түсу кезiнде және одан кейiн жинауға бөледi. Қар көп жауған кезде күрделi жинауға айналады.
Тармақ 7.3.1
7.3.1. Жүйелi жинау таңертең ерте өткiзiледi, ал мерзiмдi жинау (апатқа байланысты) қар жауа бастағаннан бастап, көлiк жүретiн жол мен тротуар тазаланғанша жүредi.
Тармақ 7.3.2
7.3.2. Елдi мекендердiң аумағын жинау, қоқыс, қар, мұз, балшық, құм шығару таңертеңгi 6-дан 19 сағатқа дейiн мүмкiндiгiнше күнi бойы жүргiзiледi.
Тармақ 7.3.3
7.3.3. Қысқы жинау екi кезектен тұрады: бiрiншi кезектегi жұмыс жаяу адам мен көлiк қозғалысының, әсiресе, жол өткелдерiнiң, магистральдi көшелердiң, автобус жолдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет. Екiншi кезектегi жұмысқа қар дуалдарын жасау, көлiк жүретiн жолды қардан тазалау, мұз жару, қарлы мұзды сырғанақтарды жою, қар түспесе де, көлiк жолын тазалау жатады.
Тармақ 7.3.4
7.3.4. Жолдар мен тротуарларды қарлы-мұзды қосынды (немесе құмның басқа хлоридтармен) пайдаланылады. Ауаның температурасына қарай (6 градусқа дейiн 1 кв.метр 120 гр., 6 градустан төмен болса, 1кв.метрге 240 гр) қосынды горизонтальдi учаскелерге шашылады. Қосынды шашу интенсивтi қозғалысы бар көшелерден, бiрiншi кезекте өте қауiптi жерлерден түсетiн, көтерiлетiн жерлерден, жол қиылысынан, қоғамдық көлiктiң тоқтайтын жерiнен, көпiрдiң көлiк жүретiн бөлiгiнен, жол өткелдерiнен т.б. инженерлiк құрылымдардан басталады.
Тармақ 7.3.5
7.3.5. Жаяу жүрушiлердi бақытсыздықтан, шамшырақтар мен жасыл желектi зақымдаудан сақтау шараларын орындай отырып, төбедегi, карниздегi, суағар трубадағы ұраларды тазалау ғимараттардың иелерi мен жалға алушылардың күш-қуатымен өткiзiледi.
Тармақ 7.3.6
7.3.6. Жер пайдаланушылар - өздерiне берiлген, бекiтiлген аумақтарды, инженерлiк тораптар мен элементтердi (құдық, люк, тiреу, насос станциялары, жылу пункттерi, трансформаторлы подстанциялар) санитарлық норма белгiлеген жағдайда ұстаулары; - қатты қалдықтарды көң-қоқыс шығарылатын белгiлi жерге апарып көмуi; - қажет болған жағдайда өз аумағында дезинфекция (масаны, таракандарды, тышқандарды т.б. құрту үшiн) жасауы; - көк тайғаққа қарсы iс шаралар жүргiзуi мiндеттi.
Тармақ 7.3.7
7.3.7. Елдi мекендердi қардан тазалау оны арнайы бөлiнген қар жинайтын\орындарға (бос жерлерге, сайға) шығару, көлiк жүретiн жолдан жасыл желек түбiне, өзен арнасына лақтыру арқылы орындалады. Соңғысы қарға құмды тұзды немесе басқа химиялық қоспалар шашылмағанда жасалады. Өзен жағаларында қар жинайтын орындар жасалады. Қыс өткеннен кейiн қар жиналған жерлерде қар тазалау, бассейндердiң санитарлық жағдайымен қамтамасыз ету шаралары жүргiзiледi.
Тармақ 7.3.8
7.3.8. Көлiк, адам өтетiн жерлерге жасыл желектi газондарға қар, мұз жинауға тыйым салынады.
Тармақ 7.4
7.4. Сауда орындар мен халыққа қызмет көрсету пункттарының иелерi (базардан тыс) және осы объектiлердi жалға алушылар күнi бойы осы жердiң тазалығын сақтап, жұмыс бiткен соң қоқыс пен балшықтан тазалайды.
Тармақ 7.4.1
7.4.1. Көшелерде, аулаларда және басқа көпшiлiк пайдаланатын жерлерде сауда лотоктарын, бос құтыларды, басқа да жылжымалы сауда жабдықтарын жиналған қоқыс пен басқа да қалдықтарды тастап кетуге тыйым салынады.
Тармақ 7.5
7.5. Саябақ жабылғаннан кейiн жиналады. Күндiз қалдықтар, түскен жапырақтар жиналып, жасыл желек суарылады.
Тармақ 7.6
7.6. Жағажай аумағы мен демалыс аймақтары жабылған соң жиналады: жағаны, киiм ауыстыратын орынды, әжетханаларды, жасыл аймақты, бос ыдыстарды жуу мен әжетханаларды дезинфекциялауды жүргiзедi. Жағажай аумағын, демалыс аймақтарын жинау құмның үстiңгi қабатын апта сайын қопсыту арқылы жыл сайын құм салынады, жағажайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында сауда жасаған ұйымдар мен жеке кәсiпкерлер жиналған қоқысты шығарып, үнемi жинап отырады.
Тармақ 7.7
7.7. Базардың аумағы (шаруашылық аумағы) ерiген және жауған су еңiстiкке ағатындай асфальтталған болуы қажет.
Тармақ 7.7.1
7.7.1. Канализациясы жоқ базарларда сауда орнынан кемiнде 50 метр жерде қоғамдық әжетхана салынуы қажет.
Тармақ 7.7.2
7.7.2. Базар аумағының тазалығын сақтау базар иесiнiң мiндетiне енедi.
Тармақ 7.8
7.8. Кооператив гараждары, шаруашылық қоралардың, саяжай қоғамдарының, жасыл желек бекiтiлген аумақтар меншiк иегерлерiнiң күшiмен жүргiзiледi.
Тармақ 7.9
7.9. Моланың айналасын тазалықта ұстау СҚ (ҚСҚ) - мен келiсiм-шарт бойынша кәсiпорындармен тазаланады.
Тарау 8. 8. Елдi мекендердiң аумағында құрылыстарды бұзу және бөлу
8. Елдi мекендердiң аумағында құрылыстарды бұзу және бөлу
Тармақ 8.1
8.1. Қазiргi заңға сәйкес аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту осы процедураның орындалуы заңды түрде қамтамасыз етiлген соң ғана кiрiсуге болады.
Тармақ 8.2
8.2. Көрсетiлген жұмыстарды қажеттi машина мен механизмдердi жұмылдырып, бiлiктiлiгi сәйкес жұмысшылар атқарады.
Тармақ 8.3
8.3. Құрылысты толық немесе жартылай бөлшектеу немесе оларды бұзу, қайта пайдалануға лайықты деп танылған соң басталады. Құрылыс жартылай бөлшектенгеннен кейiн ғана алуға болатын элементтердi бүлiнуден сақтау керек.
Тармақ 8.4
8.4. Ғимаратты бұзуды жылыту құралдары мен желдеткiштi, санитарлық-техникалық және орнатылған электр жабдықтарын, радио мен байланыс жабдықтарын, газбен қамту жабдықтарын бұзып алудан бастау керек. Алып тастауға болмайтын сымдар, тiреулер мен ажыратқыштар бөлшектерге бөлiнуi керек.
Тармақ 8.4.1
8.4.1. Алып тастауға, әрi қарай пайдалануға болатын бөлшектер бұйымдар, қоршаудың металл элементтерi, еденнiң бөлiктерi т. б. бiр мезгiлде алынуы керек.
Тармақ 8.5
8.5. Ағаштан жасалған, бөлшектенбейтiн, тас, бетон құрылыстар сындырып, қиратылып, кейiн сынығы шығарылып тасталуы керек, ағаштан жасалғаны сол жерде өртенуi керек.
Тармақ 8.5.1
8.5.1. Құрылыстың тiк тұрған бөлшектерiн құлатпас бұрын бұзуға бөгет болатын үстiңгi жабу элементтерiн iшкi жағына жығу керек. Құрылысты бұзуға автокран немесе эксковатор - кран пайдаланылса, салмағы жүк көтергiштiгi механизмнiң салмағының жартысынан аспайтын металдан жасалған шар ұру элементi ретiнде қолданылуға тиiс. Кейбiр жағдайларда құрылысты алдын ала әлсiздендiру үшiн жарылыс жұмыстары жүргiзiледi.
Тармақ 8.6
8.6. Бөлшектенетiн ағаш құрылыстарын бұзып, кейiн пайдалануға жарайтын элементтерiн талдау керек. Әрбiр жиналмалы құрама элементтi бұзған жағдайда алдын ала тұрақты бекiтiлуi керек.
Тармақ 8.7
8.7. Ағаш құрылыстың орнында өртенуi немесе басқа жерде жағылуын сәулеттендiру басқармасымен, өрт сөндiрушi, санитарлық қызметтермен келiсiлуi керек.
Тармақ 8.8
8.8. Одан әрi пайдалануға жарайтын құрылыс тасының сынығы ағаш немесе металл бөлшектерiнен ажыратылуы үшiн електен өтуi керек.
Тармақ 8.9
8.9. Тұтас темiрбетон және металл құрылыс жайлары жалпы құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететiн бұзудың арнайы схемасы бойынша бұзылуы керек. Темiрбетон блогының немесе металл элементiнiң салмағы кранның жүк көтергiштiгiнiң салмағынан аспауы керек. Блокты бөлшектеудi темiр арматурадан ашудан бастау қажет. Босатылған соң металл элементтердi кесу керек.
Тармақ 8.10
8.10. Құрамды темiрбетон құрылысы бұзу схемасы бойынша керiсiнше монтаж схемасы бойынша бөлшектенуi керек.
Тармақ 8.10.1
8.10.1. Элементтiк бөлшектенуге жарамайтын жиналмалы темiрбетонды конструкциялар монолиттi сияқты бөлшектенуi керек.
Тармақ 8.11
8.11. Қажет жағдайда ғимараттардың жерасты бөлiктерi бөлек арнайы учаскелерде зерттеледi. Зерттеу қорытындысы бойынша оны бұзу әдiсiн анықтауға болады.
Тармақ 8.11.1
8.11.1. Бұзылатын фундаменттi алғашқы құйылған жерiн ашудан бастау керек. Қаланған фундаменттi экскаватор немесе соғуға бейiмделген заттың көмегiмен бұзу керек. Бутобетон және бетон фундаменттер бейiмделген ұрғыштардың немесе жарылғышпен сiлку арқылы сындырылып, сынықтары шығарылады. Темiр-бетон фундаменттердi арматурасынан жалаңаштап кесiп, соңынан блоктарға мүшелеп бұзады.
Тармақ 8.11.2
8.11.2. Жай үйлермен коммуникациялардың траншеялары мен жерасты бөлiгiнiң котловандарының енi 3 метрден асатын болса, қабат-қабатталып, тығыздалып жабылады.
Тармақ 8.12
8.12. Бөлшектелген немесе бұзылған учаске қайта өңделуге жатады.
Тарау 9. 9. Елдi мекендердiң су тасқынды аймақтарынан қалдықтарды жинап, шығару
9. Елдi мекендердiң су тасқынды аймақтарынан қалдықтарды жинап, шығару
Тармақ 9.1
9.1. Елдi мекендердi аумағындағы үйлердiң қалдықтарын жинау, сақтау және оны алыстату сәулеттендiру деңгейiне, үйдiң қабаттылығына, құрылыстың салыну түрiне байланысты, және қоқыс құбыры бар немесе қоқыс құбыры жоқ үйлердiң қоқысын жинау болып бөлiнедi. Санитарлық нормаға сәйкес сұйық қоқыс жинайтын шұңқыры болу керек. Маса, таракан, тышқандарды құртатын дезинфекция, дератизация жасау керек.
Тармақ 9.2
9.2. Тұрғын үйлерден, сауда кәсiпорындарынан қоғамдық тамақтану, мәдениет орындары, қоғамдық ұйымдар мен басқалардан қатты қалдықтар арнайы кәсiпорынмен келiсiм шарт негiзiнде жоспарлы жүйелi түрде жиналады.
Тармақ 9.2.1
9.2.1. Арнайы бөлiнбеген жерлерге қалдықтарды лақтырып, төгiп тастауға қатаң тыйым салынады.
Тармақ 9.3
9.3. Қатты қалдықтардың жоспарлы - жүйелi түрде жиналып, шығарылуы объектiлердiң тапсырыссыз, белгiлi мерзiмде қалдықтарды жүйелi шығарылуын белгiлейдi: тұрғын үйлер үшiн үй иесiнiң бекiткен кестесiне сәйкес контейнерлерде қатты қалдықтарды ұзақ уақыт жинамау үшiн; қоғамдық және мәдени объектiлерi үшiн қажетiне қарай, бiрақ аптасына екi реттен кем емес; аз қабатты құрылыс үйлерiнiң иелерi үшiн - қажетiне қарай, бiрақ аптасына бiр реттен кем емес; Көлемдi қалдықтар тапсырыс бойынша шығарылады. Сұйық қалдықтар мамандандырылған кәсiпорындармен шарт негiзiнде шығарылады.
Тармақ 9.4
9.4. Санитарлық қызметтермен келiсiм бойынша, үй иелерi мен кәсiпорын, ұйым, мекемелердiң басшыларының мамандандырылған кәсiпорынмен келiсiм шарты негiзiнде қоқыс пен қалдық жинауға арналған контейнерлер орналастырылады.
Тармақ 9.4.1
9.4.1. Қоқыс жинайтын алаңдар тұрғындарға ыңғайлы, ауа мен топырақты ластамайтын, эстетикалық талаптарға сай келетiн тұрғын жайдың iшiнде орналастырылады. Контейнерлер шаруашылық аулаларында үйлердiң көлденең қабырғасы жағынан, немесе, жасыл қоршаумен, аласа қабырғамен мiндеттi түрде қоршалып, үйлердiң арасында орналастырылады. Қоқыс жинайтын алаң мен ғимараттың арасы 100 метрден алыс болмауы керек. Алаңдарға дейiн асфальт төселген жолдар оған ғимараттан баруға да, мамандандырылған көлiк баруға да ыңғайлы болуы керек.
Тармақ 9.4.2
9.4.2. Контейнерлерге тұрмыстық iрi заттар, 300 килограмнан аса салмағы бар құрылыс материалдарын салуға, сұйық қалдықтар құюға және контейнердiң iшiнде қоқыс жағуға тыйым салынады.
Тармақ 9.5
9.5. Барлық алаңдарға, көшелерге, бақтар, саябақтарға, вокзалдар, аэропорттар, базарлар, көлiк аялдамаларына жеткiлiктi мөлшерде қоқыс салатын жәшiктер қойылуы керек.
Тармақ 9.6
9.6. Мал өсiретiн шаруашылықтар мен кәсiпорындардың иелерi малды қораға ұстайтын мерзiмде тезек және басқа қалдықтарды тұрған аумақтарда жинап, санитарлық қызметтермен келiсiлген арнайы бөлiнген жерлерге төгуге мiндеттi.
Тармақ 9.7
9.7. Мамандандырылған кәсiпорындардың қызметiмен қамтамасыз етiлмеген заңды және жеке тұлғалар, меншiк нысанына қарамастан, қоқыс тасуға арналған көлiктерi бар жағдайда өз күш, құралдарымен қоқыс төгетiн жерге апарып төгедi.
Тармақ 9.8
9.8. Қоқыстың шығарылуын санитарлық қызмет пен көрiктендiру басқармасы бақылайды. Жеке және заңды тұлғалардың тексеру кезiнде қатты қалдықтарды шығаруға мамандандырылған кәсiпорынмен келiсiм шарты болуы керек. Келiсiм шарты болмаса, қоқыс шығарып төгетiнiн растайтын басқа құжаты болуы керек.
Тарау 10. 10. Қатты қалдықтарды зиянсыздандыру
10. Қатты қалдықтарды зиянсыздандыру
Тармақ 10.1
10.1. Әрбiр елдi мекенде заңға сәйкестендiрiлген, қажеттi көркейту элементтерi (жолдары, мөлшерленген орлары, көрсеткiштерi) бар ең кемiнде қоқыс төгетiн бiр орын ұйымдастырылуы керек. Қоқыс төгетiн орын санитарлық нормасы сақталған, арнайы бөлiнген аумақта орналасады, яғни төгетiн орын мен елдi мекен арасындағы санитарлық қорғау аймағы 500 метрден жақын болмайтын жерге орналасуына рұқсат берiледi.
Тармақ 10.2
10.2. Қатты қалдықтар оларды зиянсыздандыру жұмыстары жүргiзiлетiн рұқсат етiлген қоқыс жинайтын орындарға апарылады. Қоқыс пен қалдықтардың рұқсат етiлген қоқыс жинайтын орынға апарылғаны арнайы құжатпен расталады.
Тармақ 10.3
10.3. Қоқыстың өздiгiнен өртенуiн болдырмас үшiн зиянсыздандыру жұмыстары ұйымдасқан түрде бақылау негiзiнде жүргiзiлуi керек.
Тармақ 10.4
10.4. Әкелiнген қоқыс ауа мен байланысқа түспес үшiн 2 метрлiк қалыңдықпен салынып, үстi, жан-жағы шiрiмейтiн материалдармен жабылуы керек. Жерасты суларын ластамас үшiн төгiлген қоқыстың астыңғы қабаты су өтпейтiн болуы керек. Қоқыс жинайтын орын тегiстiк жерде, жолдардың түйiскен жерiнде және сайларда болуы мүмкiн.
Тармақ 10.5
10.5. Болашақта қоқыс салу орындары аумақты вертикальды жоспарлай отырып пайдаланады.
Тарау 11. 11. Елдi мекендердегi жасыл желектi қорғау
11. Елдi мекендердегi жасыл желектi қорғау "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Z970160_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбiр азамат жасыл желектiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Жалпы пайдаланылатын жерлердегi көшеттер мызғымайтын мемлекеттiк қор құрады және заңмен қатаң қорғалады.
Тармақ 11.1
11.1. Жасыл көшеттердi бағып, күту, оларды уақытында зиянкестерден, аурудан, арам шөптен қорғау жұмыстарына төмендегi iс шаралар жатады: көшеттердi жеткiлiктi және уақытылы суару; жердi уақытылы және сапалы өңдеу, тыңайтқыш салу; қатар аралықтары мен бағанның дөңгелектерiн уақытылы және мұқият өңдеу; зиянкестердiң саны мен олардың келтiретiн зиянын есептеу негiзiнде биологиялық, химиялық қорғау құралдарымен өңдеу.
Тармақ 11.1.1
11.1.1. Жергiлiктi климат жағдайына бейiмделген ағаштар мен көшеттердiң тұқымын таңдаудың, жақсы өңделiп тыңайтылған жерге дұрыс материал отырғызудың өсiмдiк қорғауды ұйымдастыруда, өсiмдiктiң өсуiне оптималды жағдай жасаудың маңызы зор.
Тармақ 11.1.2
11.1.2. Егулер мен көшеттердi мұқият қарау, кепкен, ауруға шалдыққан бұталарды уақытылы кесу, зиянкестердiң жайылуын анықтау қорғау шараларының бiрiншi қажетiне жатады. Көшеттердi аурудан сапалы түрде қорғау үшiн механикалық, химиялық әдiстермен қатар, жәндiктердiң табиғи жауларын пайдаланатын әртүрлi әдiстердiң, кешенi қолданылатын биологиялық әдiстер де iске асырылады.
Тармақ 11.1.3
11.1.3. Жасыл желек, газон, гүл егiлген орындарға зиян келтiретiн арам шөптермен күрес жұмыстарын өткiзу қажет.
Тармақ 11.1.4
11.1.4. Жасыл желектi қорғаумен қамтамасыз етудiң алдын алатын iс-шараларын жасау керек: жасыл желек аумағында құрылыс материалдарын, ағаш, топырақ, көмiр т.б. заттарды жинау; баған шұңқырын, гүл жиегiн, газондарды ластау; газондар мен жүру, ағаштар мен көшеттердi қирату, кесу, басқа да механикалық зақымдар келтiру; ағаштар мен жасыл көшеттердi рұқсатсыз шабу; клумбадағы гүлдердi жою көп жылдық гүлдердiң, бұталардың түбiн тамырымен жұлу; костер жағу; жалпы пайдаланылатын жерлерде, мектеп жанындағы учаскелерде, стадионда, бақтар мен саябақтарда, көшеде, құс, мал бағу.
Тармақ 11.2
11.2. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн жеке және заңды тұлғалар құрылыс астында қалатын жасыл желектер мен газондарды жоюға мәжбүр болған жағдайда қалпына келтiру құнын сметада есептеп көрсетулерi керек.
Тармақ 11.2.1
11.2.1. Мамандандырылған кәсiпорынға қалпына келтiру құны төленгеннен кейiн, көрiктендiру басқармасының келiсiмi бойынша соңынан жасыл желектi отырғызу үшiн жасыл желектi көшiру жұмыстары жүргiзiледi.
Тармақ 11.3
11.3. Сату-сатып алу келiсiм шартын жасау, немесе жердi жалға беру кезiнде шартта жеке пунктпен, немесе қосымша ретiнде сол жерде бар жасыл желектiң түрi, жасы, газондардың, бұталардың мөлшерi көрсетiлуі тиiс.
Тармақ 11.3.1
11.3.1. Шартта сатып алушының (жалға алушының) жасыл желектi сақтауға жауапкершiлiгi белгiленедi. Жасыл желектiң бөлiгiн шабу қажеттiгi жағдайында көрiктендiру басқармасының келiсiмiмен сатып алушы (жалға алушы) өз есебiнен шабылған ағашты басқа жерге, жоғарыдағы пунктке сәйкес, елдi мекеннiң кез келген жерiне 1:3 қатысымен (1 ағаштың орнына 3 ағаш 1 м2 көшеттiң орнына 3 м2) отырғызады.
Тармақ 11.4
11.4. Жұмысты атқарудағы заңды және жеке тұлғалардың мiндетi: жасыл желектi зақымдаудан қоршау; жолдарға, тротуарларға, өткелдерге, алаңдарға т. б. асфальт салғанда бағанның түбiнен диаметрi 1 м, қажет болса газонның шөбiн жұлып, темiр тор құруға жер қалдыру; жолдар, тротуарлар т. б. құрған кезде жасыл көшеттер орналасқан аймақтарда тiк белгiлердi 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды, жоғарғы бетiн көтерiп, немесе төмендеткенде жасыл желектiң дұрыс өсу жағдайын сақтауды ескеру керек; салынып жатқан объектiлерге жол тартқанда көшеттердiң орындарын ескерiп, жасыл желектiң қоршауын сақтау керек.
Тармақ 11.5
11.5. Жасыл желектiң жағдайы жоспарлы (көктем мен күзде) және кезектен тыс (қатты қар, жауын жауғанда, жел қаққанда) қарап, бақыланады. Тексерiс кезiнде жөндеу, қорғау, отырғызу, тазалау жұмыстарының көлемi анықталатын барлық көркейту элементтерi зерттеледi.
Тармақ 11.6
11.6. Жасыл желектердi күту, бағу, оларды отырғызу, осы аймақ бекiтiлген жердi пайдаланушыларға, жеке және заңды тұлғаларға: тұрғын үй мөлтек аудандарда, тұрғын үй аулаларында - КСК, тұрғын үй иелерiне; - жалпы пайдаланатын объектiлерде (парк, сквер т. б.) СҚ-мен келiсiм шарт бойынша мамандандырылған кәсiпорындарға; - кәсiпорындар, завод, фабрикалар және басқа объектiлердiң бекiтiлген аумақтарында - мекемелер немесе объектiлер иелерiне жүктеледi.
Тармақ 11.7
11.7. Жасыл қорды сақтау және жасыл желектi күтiп ұстау тәртiппен қамтамасыз ету тиiстi өкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүктеледi.
Тарау 12. 12. Елдi мекеннiң жасыл сәулетi
12. Елдi мекеннiң жасыл сәулетi
Тармақ 12.1
12.1. Барлық елдi мекендер үшiн жолдарды көгалдандыру мен қайта құру жұмыстарын, оның iшiнде қалалар мен селолардың, поселкелерiнiң айналасында жасыл шеңберлер құру мiндеттi.
Тармақ 12.2
12.2. Ағаштар мен бұталардың тұқымдарының ассортиментiн таңдау өсiмдiктiң шаңнан, желден қорғау, газға тұрақтылық, фитонцидтiк қасиеттерiне байланысты болады. Ағаштар мен бұталарды объектiлерде орналастырғанда олардың негiзгi биоритмикалық көрсеткiштерiн - биiктiгiн, кеңдiгiн, бұтақтарының қалыңдығын ескеру қажет.
Тармақ 12.2.1
12.2.1. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн көгалдандыру кезiнде ағаштар мен бұталардың ассортиментiнде тiкенек және фитонцидтi түрлерi болмауы керек.
Тармақ 12.2.2
12.2.2. Үй жанындағы жерлерге өрiлiп, өрмелеп өсетiн өсiмдiктер отырғызуды ескеру керек.
Тармақ 12.2.3
12.2.3. Спорт алаңдарын айнала көгалдандыруда шапшаң өсетiн iрi, тығыз жапырақты ағаштар топ-тобымен немесе қатар-қатар егiледi.
Тармақ 12.2.4
12.2.4. Ғимараттарды, демалыс алаңдарын, телефон подстанцияларын көркемдегенде тiк, өрмелеп өсетiн ағаш түрлерi қолданылады.
Тармақ 12.2.5
12.2.5. Көгалдандыру кезiнде қыс мезгiлiнде объектiнiң сәнiн келтiретiн қылқанды ағаш түрлерiн ескеру керек.
Тармақ 12.2.6
12.2.6. Жалғыз ағашты жақсы көрiнетiн ашық жерге отырғызады. Бұталарды гүлденуiне байланысты топтайды. Тура жолдар мен көлiк жүретiн жол бойында ағаштар қатарлай немесе аллеямен отырғызылады.
Тармақ 12.3
12.3. Ағаш отырғызарда ең алдымен ағаштар мен бұталардың өсуi мен дамуы үшiн қабатын өңдеу жырту жер жұмысы жүргiзiледi. Мiндеттi түрде көктемгi және күзгi топырақ жыртылады.
Тармақ 12.4
12.4. Отырғызылатын шұңқырлар 7-10 күн бұрын қазылады қысқы және көктемгi отырғызу үшiн, оны күзде қазып, жапырақтармен тығыздап толтырып тастайды.
Тармақ 12.4.1
12.4.1. Шұңқырдан алынған жер толық жарамсыз болса, оның орнына құнарлы топырақ салынады.
Тармақ 12.4.2
12.4.2. Отырғызылатын шұңқырдың мөлшерi ағаштың көлемi мен жасына байланысты болады.
Тармақ 12.5
12.5. Ағаштар мен бұталар күзде де, көктемде де отырғызылады. Жазғы егу ерекше жағдайларда ғана болады.
Тармақ 12.5.1
12.5.1. Сыну немесе механикалық зақым қаупi бар жерлерге ағаш отырғызса, оларды қоршайды немесе бағанның дөңгелектерiне 1-1,5 метрлiк диаметрлi металл немесе ағаш торлар салынады.
Тармақ 12.5.2
12.5.2. Кейбiр жағдайларда өсiп кеткен сирек немесе әлсiз тамыр жүйелi көшеттер қолданылса, отырғызғаннан кейiн бiрден түбiрiнен кесiп тастайды.
Тармақ 12.6
12.6. Газонның топырағы құнарлы, дұрыс бiркелкi араласқан, түйiршiксiз болуы керек.
Тармақ 12.6.1
12.6.1. Газонды күту жұмысына оны суару, шөбiн шабу, адам шөбiн тазалап, үстiнен қоректендiру, қысқы аяздан қорғап, қоқысын жинау жатады.
Тармақ 13
13. Елдi мекен аумағында үй жануарларын ұстау
Тармақ 13.1
13.1. Үй жануарлары иелерiнiң мiндеттерi: - есептеу және инфекцияға қарсы алдын ала шаралар жасау үшiн мал дәрiгерлiк станцияларда жануарларды тiркеу. - "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығына сәйкес зерттеу және алдын ала егу үшiн мал дәрiгерлiк станцияға жеткiзу.
Тармақ 13.2
13.2. Мал мен құс су жағасынан, демалыс орындарынан, сауда, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарынан, аурухана, мектеп т.б. қоғамдық ғимараттардан 100 метр және тұрғын үйлерден 15 м. қашықтықта ұсталуы керек. Аулаларда санитарлық-техникалық талаптарға сәйкес тезек сақтайтын орын болуы керек.
Тармақ 13.3
13.3. Мынаған рұқсат етiледi; - санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрiгерлiк қызметтердiң рұқсатымен жануарларды зообұрыштарда, балалар мен жасөспiрiмдердiң мекемелерiнде, сауықтандыру және санитарлық-курорттық мекемелерде ұстауға; - байлаулы күйiнде немесе қоршалған, жекелендiрiлген аумақта жануарларды бос жiберуге; - мекемелер мен ұйымдарда күзетшi иттердi тек байлаулы күйiнде ұстауға; - адамдардың қауiпсiздiгiн мiндеттi түрде сақтай отырып, оқу үйрету алаңдары мен мал басында иттердi томағасыз, шынжырсыз ұстауға; жалпы пайдаланылатын жерлерде иттердi қысқа жiппен (ұзындығы 1 метрге дейiн), томағамен ұстауға; - иттердi жiппен, томағамен бос жерлерге, ауланың сыртына, арнайы бөлiнген жерлерге серуенге шығаруға; - адамдардың қауiпсiздiгiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, иттер мен мысықтарды қоғамдық көлiкпен, оның ережесiн сақтай отыра, алып жүруге; - иесiнiң немесе жауапты адамның қатысуымен малды жайлаудан тұрақты жерiне айдауға.
Тармақ 13.4
13.4. Мыналарға тыйым салынады: - сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына, мектепке дейiнгi мекемелер мен мектептерге жануарларды әкелуге, сонда ұстауға; - жалпы пайдаланылатын жерлер мен жағажайды, стадионды, бақтар мен саябақтарды иттердi серуендетуге пайдалануға; - iрi тұқымды иттердi 14 жастан кiшi балалардың серуендетуiне; - елдi мекендердiң санитарлық аймақтарында, басқа да жалпы пайдаланылатын жерлерде мал бағуға;
Тармақ 13.5
13.5. Елдi мекен аумағында иесiз жүрген жануарлар қаңғырған деп есептелiп, арнайы қызметтердiң ұстап алуына болады.
Тармақ 14
14. Осы ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 14.1
14.1. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк заңдылығында ескерiлген жазалау шаралары қолданылады. Маман: А.Татарков