О привлечении заемных финансовых средств акимом города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмiнiң заемдық ақша қаражатын тарту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 29.07.2004 N 76 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңдарына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Әкiмiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында 400,0 (төрт жүз) миллион теңге көлемiнде Қазақстанның қаржы нарығына (оның iшiнде Алматы қаласы атқарушы жергiлiктi органының облигациясын шығару жолымен) қаражатты шеттен алуды iске асыруға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. 2000 жылғы Алматы қаласының бюджетiнде Алматы қаласының жолдарын жөндеу үшiн осы заманғы жол техникасын алуды қаржыландыру мақсатында Алматы қаласының Әкiмi мен екiншi деңгейдегi "ТұранӘлемБанкi" ААҚ коммерциялық банкiсi арасындағы шеттен алу туралы кредиттiк келiсiмде қарастырылған шарттар мен тәртiп бойынша 1998829 АҚШ доллары сомасында (теңгенiң бағамы бойынша) заемды қайтару және оған қызмет көрсету бойынша мiндеттеменi өтеу үшiн шығын қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (Ю.В. Костин) жүктелсiн.