Көшелерге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Тармақ 1
1. Есет Көтібарұлы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Байқадам ауылының көшелеріне атау берілсін.
Тармақша 1
1) Есет Көтібарұлы көшесі Ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, ауылдық округ атауы.
Тармақша 2
2) Ідіріс Үргенішбаев көшесі Кеңес одағының батыры, жерлесіміз.
Тармақша 3
3) Абай Құнанбаев көшесі Қазақ халқының ұлы ақыны.
Тармақша 4
4) Төлеу Бәсенов көшесі Еңбегі сіңген архитектор, жерлесіміз.
Тармақша 5
5) Ұран Бақтыбай көшесі Халқымыздың аты ұранға шыққан батыры.
Тармақша 6
6) Қайдауыл Едігеұлы көшесі Жерлесіміз, ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.
Тармақша 7
7) Әлия Молдағұлова көшесі Кеңес одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.
Тармақша 8
8) Қазақай көшесі Халық арасына ислам дінін, имандылық ұрығын таратушы.
Тармақ 2
2. Есет Көтібарұлы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Алақозы елді мекенінің көшесіне атау берілсін.
Тармақша 1
1) Тәуелсіздік көшесі Еліміздің тәуелсіздігі құрметіне.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.