О правилах розничной торговли алкогольными напитками и пивом Күшін жойған
Басқа 0
Алкогольді ішімдіктер мен сыраны бөлшек сауда арқылы сату ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 22.01.2002 № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасында алкогольді ішімдіктерді сату тәртібін сақтауға бақылауды күшейту туралы» 1995 жылғы 15 мамырдағы №678 қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 1995 жылғы 27 шілдедегі №143-ІІ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігімен келісілген «Алкогольді ішімдіктер мен сыраны бөлшек сауда арқылы сату ережелері» қосымшаға сәйкес күшіне енгізілсін. Осы ереже меншік нысандарына қарамастан облыстың барлық сауда желісі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін сақталуға міндетті.
Тармақ 2
2. Қала және аудандар әкімдері, ішкі істер органдары, санитарлық-эпидемиологиялык кызмет, салық инспекциясы, стандарттау және метрология орталығы, мемлекеттік сауда инспекциясы және атқарушы үкіметтін басқа да органдары облыста алкогольді ішімдіктер мен сатылуын ұйымдастыруға, сатылатын өнім сапасына және сәйкес сертификаттардын болуына, сондай-ақ «Алкогольді ішімдіктер мен сыраны бөлшек сауда арқылы сату ережелерінде» белгіленген нормалардың сақталуына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімшілігінің сауда департаменті аталған ережені барлық сауда ұйымдары мен кәсіпорындарының және тұрғындардың қатеріне жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімі бірінші орынбасарының «Алкогольді ішімдіктер мен сыраны бөлшек сауда арқылы сатудын уақытша ережелері туралы» 1995 жылғы 3 қаңтардағы № 2-1 өкімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындаулын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К.Алексеевке жүктелсін.