О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы Тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуге арналған 1999 жылғы бюджет қаражатының, осынау отбасыларының коммуналдық қызмет бөлушілерге төлем жөніндегі берешегінің, ал шаруашылық жүргізуші субъектілердің - жергілікті бюджетке төлем жөніндегі берешегінің бар болуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған бюджетке кредиторлық берешекті өтеу реті туралы тәртібінің кейінгі мерзімде бекітілуіне байланысты,шешім етемін:
Тармақ 1
1. Тұрмыста төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету жөніндегі жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегін өтеу реті туралы Уақытша Тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері көрсетілетін қызметті берушілермен өзара есептесу мен клирингтік есеп айырысуды жүргізу жолымен, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына жәрдемақы мен тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жөніндегі жергілікті бюджеттердің берешегін ішінара өтеу қажеттілігі турасында халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Пәтер иелері кооперативтерінің, газбен, энергиямен жабдықтау, коммуналдық қызмет көрсету қызметінің, есептесу-кассалық орталықтарының басшыларына тұрмысы томен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәдем көрсету жөніндегі есептесуді жүргізу үшін қажетті құжаттарды уақытылы әрі толық көлемде берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық, қалалық қаржы бөлімдері шаруашылық жүргізуші субъектілердің жергілікті бюджетке төлемдері жөніндегі берешекті өтеу есебінен көрсетілетін қызметті бөлушілермен өзара есептесу мен клирингтік есеп айырысуды өткізу жолымен жергілікті бюджеттің берешектерін есептесуді жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ.Б.Шалғымбаевқа жүктелсін.
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімінің 1999 жылғы «8» 11 № 255 шешімімен бекітілген Тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету жөніндегі жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегін өтеу реті туралы УАҚЫТША ТӘРТІБІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Осы Уақытша Тәртіп тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету жөніндегі жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегін және осынау отбасыларының 2000 жылдың 1 қаңтарына жинақталып қалған көрсетілетін қызмет беруші - кәсіпорындар алдындағы тұрғын - үй - коммуналдық қызмет жөніндегі берешектерін, өтеудің тәртібін реттейді. Жұмыс (қызмет) бөлушілердің есептесуді жүргізу сәтіне өтелмеген, «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтар мен алымдардан басқа, негізгі борышты, өсімдер мен айыппұлдарды қоса алғанда жергілікті бюджетке төлемдер жөніндегі берешекті өтеу, 1.01.2000 жылғы жағдай бойынша есеп беруде көрініс тапқан кредиторлық берешек сомасы шегінде жүргізіледі. Жергілікті бюджетке төлемдер жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуді: -тауарларды (көрсетілетін қызметті) тікелей бөлуші; -тікелей тауарларды (көрсетілетін қызметті) бөлушінің одан кейінгі біреуі болып табылатын көрсетілетін қызмет беруші - кәсіпорын жүзеге асыруы мүмкін.
Тарау 2. 2. КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ТАБЫС ЕТУ
2. КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ТАБЫС ЕТУ Тұрғын үй-коммуналдық қызметті төлеу жөнінде берешегі бар атаулы әлеуметтік жәрдем алушылар, өздерінің көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорындар алдындағы тұрғын- үй-коммуналдық көрсетілген қызметі үшін борыштарын, олардың кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына жәрдемақысы мен тұрғын үй жәрдемақысы бойынша бюджет алдындағы борыштарын өтеу есебінен өтеуіне келісімі турасындағы өтініштерін аудандық, қалалық еңбек, халықты жүмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдеріне табыс етеді, сондай-ақ олар өздерінің тұрғын - үй - коммуналдық қызметке төлемі жөніндегі берешегі турасында көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорындардан анықтаманы табыс етеді (№1 қосымша). Аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері тоқсан сайын атаулы әлеуметтік жәрдем алушының, оның алдындағы тұрғын үй- коммуналдық қызмет төлемі бойынша қолда бар берешегін көрсетілетін қызмет беруші- кәсіпорыннан, осы кәсіпорынның негізгі борышы, өсімдері мен айыппұлдары көрсетілген төлемнің әрбір түрі бойынша жергілікті бюджетке төлемдері жөніндегі берешегі туралы аумақтық салық органынан анықтаманы сұратып алады. Көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорында жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешек жоқ болған жағдайда, сондай-ақ, егер атаулы әлеуметтік жәрдем алушының алдындағы бюджеттің кредиторлық берешегі, көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорынның жергілікті бюджетке төлемдері жөніндегі берешек сомасынан артып кететін болса, онда көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорын, өзінің тауарлар (қызметтер) бөлушілерінен, ал қажет болған жағдайда оның алдында кредиторлық берешегі бар одан кейінгі жеткізіп қоюшылардан, олардың жергілікті бюджетке төлемдері жөніндегі берешектерінің қолда бары туралы ақпаратты сұратып алады. Аудандық, қалалық қаржы бөлімдері, аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері, көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорындар, басқа да Жеткізіп қоюшылар (егер ондайлар бар болса) және аумақтық салық органы жәрдемақы алушылар мен көрсетілетін қызмет берушілерден жинақтаған құжаттардың негізінде кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі клирингтік есеп айырысуды жүргізу туралы келісім- шарт-келісімін жасайды (№ 2 қосымша). Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша өзара есептесуді жүргізу жолымен тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету жөніндегі жергілікті бюджеттің кредиторлық берешегін өтеудің тәртібі, ҚР Қаржы министрлігімен 1999 жылғы 24 маусымда келісілген, облыс әкімінің 1999 жылғы 7 шілдедегі № 174 шешімімен, 1999 жылға арналған жергілікті бюджетке кредиторлық берешекті өтеу реті туралы Тәртібімен бекітілген.
Басқа 9
№ 1 Қ О С Ы М Ш А Аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне тұрмысы төмен отбасының атаулы әлеуметтік жәрдем алушы Т.А.Ә., алушының мекен-жалы ________________ __________________________________________ Ө Т I Н I Ш Мен,______________________кәмелетке толмаған (Т. А. Ә.) балаларым бар отбасыға жәрдем (турғын үй жәрдемі) жөніндегі маған есептелінген______________________теңге мөлшеріндегі соманы тұрғын үй коммуналдық қызмет үшін менің берешегімді өтеу есебіне__________________ (көрсетілетін қызмет ______________________ аударуыңызды өтінемін. беруші - кәсіпорын атауы)
Басқа 10
№ 2 Қ0СЫМША № КЕЛІСІМ-ШАРТ-КЕЛІСІМІ "____"______________ 199 ж. Тұрмысы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету жөніндегі кредиторлық берешекті азайту мақсатымен, осы келісімге қатысушылар төмендегі мыналар турасында келісім-шарт жасасты: 1. Аудандық, қалалық қаржы бөлімдері______________________ (кәмелетке толмаған балалары бар ______________________жөніндегі кредиторлық берешекті отбасыларына жәрдем, тұрғын үй жәрдемі) өтеу үшін______________________теңге мөлшеріндегі соманы аудандық, қалалық еңбек, халықты әлеуметтік қорғау бөліміне аударуға міндеттенеді. 2. Аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту, және әлеуметтік қорғау бөлімі тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй-коммуналдық қызмет бойынша берешегін өтеу есебіне ______________________ (көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорын атауы) ______________________теңге мөлшеріндегі соманы аударуға міндеттенеді. 3.______________________ ______________________салығы (көрсетілетін қызмет беруші кәсіпорын атауы) (салықтың атауы) бойынша өзінің бюджет алдындағы кредиторлық берешегін өтеу есебіне бюджетке ______________________теңге мөлшеріндегі соманы аударуға міндеттенеді. Аудандық, қалалық қаржы бөлімі Аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі _____________________ _____________________ Көрсетілетін қызмет беруші-кәсіпорын Аумақтық салық комитеті _____________________ _____________________