О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасын реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қаматамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: Энергетика және минералдық ресурстар министрі _____________ С. Мыңбаев 2009 жылғы 28 ақпан
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 24.07.2013 № 220-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.