Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных казначейских обязательств Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтінен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 451-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 941 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 тамыздағы N 813 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 434-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 3 сәуірдегі
N 466 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (бұдан әрі - қазынашылық міндеттемелер) шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қазынашылық міндеттемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) эмитент - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
Тармақша 2
2) қаржы агенті - эмитентпен жасалған қазынашылық міндеттемелерді орналастыру туралы агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) орталық депозитарий – «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 2-1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам. Орталық депозитарий эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және қазынашылық міндеттемелерді есепке алу және оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережесі - оның негізінде қаржы агенті қазынашылық міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын қаржы агентінің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
Тармақша 5
5) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудің ішкі ережесі – оның негізінде орталық депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асыратын орталық депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
Тармақша 6
6) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша эмитент белгілеген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
Тармақша 7
7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге, атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен айналысуға арналған лицензиясы бар, эмитентпен жасалған агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 8
8) депонент – орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым.
Тармақ 4
4. Эмитенттің бас қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады, ол эмитентпен жасалған бас агенттік келісімнің негізінде ішкі қаржы нарығында қарыз алу мәселелері бойынша эмитенттің қаржылық кеңесшісінің функцияларын жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары
3-тарау. Қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары
Тармақ 5
5. Қазынашылық міндеттемелер құжатталмаған нысанда шығарылады.
Тармақ 6
6. Әрбір шығарылымның орталық депозитарий Заңға сәйкес беретін халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) болады.
Тармақ 7
7. Қазынашылық міндеттемелер жазылу, аукцион (қайталама аукцион) өткізу арқылы және қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі қағидаларында белгіленген басқа да сауда тәсілдерімен орналастырылады.
Тармақ 8
8. Қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоттар және орталық депозитарийдің депоненттерін номиналды ұстауды есепке алу жүйелеріндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша және (немесе) орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын және Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген, номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың есепке алу жүйелеріндегі шоттар бойынша жүзеге асырылады. Орталық депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, оған, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, бастапқы нарықта орналастыру кезінде қайталама нарықта қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу және өтеу кезінде қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, сондай-ақ қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету (сыйақы есептеу және төлеу) кіреді.
Агент төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, оларға бастапқы нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру кезінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бойынша есеп айырысу кіреді.
Тармақ 9
9. Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымының көлемі мен шарттарын Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген үкіметтік борыш пен оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар лимитінің шегінде эмитент белгілейді.
Тармақ 10
10. Қазынашылық міндеттемелерді орналастыру, қызмет көрсету және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережесімен және тиісінше қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету және өтеу ережесімен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалары бастапқы дилерлер арқылы қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
Тармақ 12
12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:
Тармақша 1
1) қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 2
2) ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 3
3) ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 4
4) ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 5
5) ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 6
6) ұзақмерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 7
7) арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 8
8) TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
Тармақша 9
9) TONIA (Tenge Over Night Index Average) TCI (TONIA Compounded Index) индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Орталық депозитарий орналастырылған қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырған күн, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, осы міндеттемелерді өтеген күннің алдындағы соңғы күн өткенде аяқталады.
Тармақ 14
14. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, осы міндеттемелер бойынша сыйақы есептелетін бірінші күн болып оларды айналысқа қосу басталған күн, ал соңғы күн болып - оларды өтеген күннің алдындағы соңғы күн есептеледі.
Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу қазынашылық міндеттемелердің жекелеген түрлерін шығарудың шарттарымен белгіленген күндерде жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзге мерзім көзделмесе, соңғы сыйақыны төлеу қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс күніне келмесе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Қазынашылық міндеттемелерді өтеу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, оларды айналысқа қосу мерзімі аяқталғаннан кейінгі бірінші күні атаулы күн бойынша жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелердің атаулы құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, эмитент қайталама нарықта нарықтық баға бойынша қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымның бүкіл немесе ішінара көлемін сатып алуға және оларды өтеуге құқылы.
Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент эмитенттің қазынашылық міндеттемелерінің айналысы кезеңі ішінде жүзеге асырады.
Сатып алынған қазынашылық міндеттемелерді сақтау орталық депозитарийде жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді сатып алуды эмитент қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады, онда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында кері сатып алуды жүргізу үшін қажетті тәртіп қамтылады.
Қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымының бір бөлігін немесе бүкіл көлемін сатып алу туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына жеткізіледі. Орталық депозитарий және қаржы агенті осы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға хабарлайды.
Қазынашылық міндеттемелерді сатып алу қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымын кері сатып алудың көлемі мен шарттарын эмитент қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылармен келісу арқылы айқындайды.
Қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Эмитенттің қазынашылық міндеттемелерді кері сатып алуды жүргізу туралы шешімі эмитенттің және қаржы агентінің ресми сайтында жарияланады.
Тармақ 16-1
16-1. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің айналыстағы белгілі бір шығарылым(-дар-)ын эмитент белгілеген тәртіппен осы қазынашылық міндеттемелердің барлық ұстаушыларының келісімі бойынша нарықтық немесе өзге құны бойынша қазынашылық міндеттемелердің жаңа шығарылымына алмастыруды жүзеге асыра алады. Қазынашылық міндеттемелерді алмастыру оған тілек білдірген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларда ғана жүргізіледі.
Айналыстағы қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымын қазынашылық міндеттердің жаңа шығарылымына алмастыру туралы эмитенттің шешімі орталық депозитарийдің және қаржы агентінің назарына осындай сатып алу күніне дейін 20 (жиырма) жұмыс күні бұрын жеткізіледі. Қаржы агенті, өз кезегінде осы хабарламаны алғаннан кейін бес (5) жұмыс күні ішінде бұл туралы бастапқы делдалдарға хабарлайды.
Тармақ 17
17. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
Тарау 4. 4-тарау. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
4-тарау. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 18
18. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер дисконтталған эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 19
19. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 100 теңге.
Тармақ 20
20. "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме" атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МЕККАМ) деп аталады.
Тармақ 21
21. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер үш, алты, тоғыз және он екі ай айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
Тармақ 22
22. Сыйақыны есептеу үшін қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінде күндердің іс жүзіндегі саны пайдаланылады.
Тармақ 23
23. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру дисконтталған баға (атаулы құннан төмен баға) бойынша өтеу - атаулы күн бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды орталық депозитарий депоненті арқылы ресімдейді.
Тарау 5. 5-тарау. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
5-тарау. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 25
25. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 26
26. Орта мерзімді қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
Тармақ 27
27. "Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МЕОКАМ) деп аталады.
Тармақ 28
28. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
Тармақ 29
29. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы күн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімінің ішінде орналастырған кезде белгіленген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 30
30. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 31
31. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына екі рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С* 180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
Тармақ 33
33. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Тарау 6. 6-тарау. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер
6-тарау. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 34
34. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 35
35. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
Тармақ 36
36. "Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме" атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МЕУКАМ) деп аталады.
Тармақ 37
37. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады.
Тармақ 38
38. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзімі ішінде орналастыру кезінде анықталған купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 39
39. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 40
40. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына бір рет эмитент белгіленген күндерде жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
Тармақ 42
42. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Тарау 7. 7-тарау. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
7-тарау. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 43
43. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 44
44. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
Тармақ 45
45. "Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме" атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме" (МОИКАМ) деп аталады.
Тармақ 46
46. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады және алты ай еселігі болуы тиіс.
Тармақ 47
47. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 48
48. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 49
49. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 50
50. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына екі рет эмитент белгілеген күндерде орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір алты толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
Тармақ 51
51. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
I, % - төлемге жататын өткен купон кезеңі үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100,
мұнда,
І 1 , I 2 , І 3 ,...,І n - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте,
С=N*К* 180/360,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
Тармақ 53
53. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
Тармақ 54
54. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
Тармақ 55
55. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді индекстелген міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Тарау 8. 8-тарау. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
8-тарау. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 56
56. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 57
57. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
Тармақ 58
58. "Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме" атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме" (МУИКАМ) деп аталады.
Тармақ 59
59. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
Тармақ 60
60. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 61
61. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 63
63. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір алты толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
Тармақ 64
64. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 65
65. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*I/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді индекстелген
қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
I, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100;
мұнда,
I 1 , І 2 , І 3 ,..., І n - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
Тармақ 66
66. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
Тармақ 67
67. Егер еткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
Тармақ 68
68. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Тарау 9. 9-тарау. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер
9-тарау. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 69
69. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 70
70. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
Тармақ 71
71. "Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме" атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме" (МЕУЖКАМ) деп аталады.
Тармақ 72
72. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтер мен міндеттемелерін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға берген күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниясы, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында орналастырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінің екіден бір бөлігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелердің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на беру күніне дейін жинақтаушы зейнетақы қорлары, өмірді сақтандыру компаниясы, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу еркін негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 73
73. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бес-жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
Тармақ 74
74. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 75
75. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 76
76. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 77
77. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір он екі толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
Тармақ 78
78. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 79
79. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
I, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І 1 /100)*(І 2 /100)*(І 3 /100)*...*(І n /100))-1)*100,
мұнда,
І 1 І 2 , І 3 ,...,І n - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейін үш санға дейін (қоса алғанда) дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
Тармақ 80
80. Тұтыну бағасының индексін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ай сайын жариялайды.
Тармақ 81
81. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
Тармақ 82
82. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады.
Тарау 10. 10-тарау. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
10-тарау. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 83
83. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 84
84. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 10 АҚШ долларына баламалы теңгедегі сома.
Тармақ 85
85. "Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" деген атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме" (МАОКАМ) деп аталады.
Тармақ 86
86. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер екі және үш жыл айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
Тармақ 87
87. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру агент арқылы жазылуды жүргізу жолымен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары арасында ғана жүзеге асырылады.
Агентті тарту туралы шешімді эмитент қабылдайды. Агенттерді іріктеу әлеуетті агенттердің осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін, әлеуетті агенттер ұсынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі шарттардың қолайлылығын бағалау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады. Тендердің қорытындылары бойынша эмитент агентпен агенттік келісім жасасады.
Тармақ 88
88. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу депозитарийдегі депоненттердің дербес шоттары бойынша және депоненттердің дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
Тармақ 89
89. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының қосалқы шотынан не атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушының дербес есеп шотынан үзінді көшірме беру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 90
90. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей эмитент орталық депозитарийге арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 91
91. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің шығарылымына жазылу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей эмитент бұқаралық ақпарат құралдары және агент арқылы арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы жариялайды. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы хабарландыру мыналарды: арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу және сатып алу, оларды айналысқа қосу тәртібін, шығарылған күнін және нөмірін, айналым мерзімін, сыйақы ставкасын, сыйақы төлеу және өтеу күнін, сыйақы сомасын есептеу әдісін, өтінімдерді қабылдау орнын қамтуы тиіс.
Тармақ 92
92. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылу 10 (он) жұмыс күні ішінде жалғастырылады. Эмитент жазылу мерзімін 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Жазылу мерзімін ұзартқан жағдайда, эмитент жазылу мерзімін ұзарту басталған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы агентті және орталық депозитарийді хабардар етеді және қажет болған кезде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы мәліметтерді береді.
Тармақ 93
93. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерге жазылуды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінімді агентке береді және өтінімде көрсетілген арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің санына сәйкес келетін сомада сатып алынатын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер үшін ақы төлеуді жүргізеді. Өтінімдер бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтінімдер берілетін күнге белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша қолма-қол да және сол сияқты қолма-қол емес нысанда да теңгемен жүзеге асырылады.
Тармақ 94
94. Жеке тұлғаның агенттің атаулы ұстауының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда, өтінімді берумен бір мезгілде жеке тұлға шотты ашуға бұйрықты және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін қоса бере отырып, брокерлік қызмет көрсету және атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалатын шарттың негізінде агенттің ішкі құжаттарына сәйкес дербес шот ашады. Агент орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде тиісті қосалқы шот ашуы тиіс.
Тармақ 95
95. Жазылу жүргізу кезеңінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға жеке тұлғалар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.
Тармақ 96
96. Жазылу жүргізу кезеңінде агент операциялық шығыстар үшін жеке тұлғалардан төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақының сомасына енгізіледі.
Тармақ 97
97. Жазылу жүргізілетін кезеңде агент өтінімдерді жұмыс күні қабылдайды. Агент келесі күні сағат 11.00-ге дейін қабылданған және қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық ведомосін қалыптастырып, эмитентке және бастапқы орналастыруға арналған бұйрықтарды орталық депозитарийге жібереді.
Орталық депозитарий қабылданған бұйрықтардың негізінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті қосалқы шоттарға есепке жазады және сол күнгі сағат 12.00-ге дейін бұйрықтардың орындалуы (орындалмауы) туралы есептерді агентке жібереді.
Тармақ 98
98. Агент орталық депозитарийдің есебін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастырудан түсетін қаражатты эмитентке аударады.
Тармақ 99
99. Жазылу аяқталған күнінен бастап екінші күні эмитент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру нәтижелерін агентке жібереді.
Тармақ 100
100. Агенттің қызметтері үшін комиссиялық сыйақы төлеу тәртібі агенттік келісіммен анықталады. Комиссиялық сыйақы мөлшері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
Тармақ 101
101. Жазылу аяқталған күнінен кейінгі келесі күн арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталған күні болып есептеледі. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу осы міндеттемелерді өтегенге дейін екі жұмыс күні бұрын аяқталады.
Тармақ 102
102. Қазақстан Республикасының резидент жеке және заңды тұлғалары қайталама нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
Тармақ 103
103. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушы болып табылатын жеке тұлға бағалы қағаздардың қайталама нарығында арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар операциялар жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда мәміле жеке тұлға мен агент арасындағы брокерлік қызмет көрсету мен атаулы ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге жасалған шарттың негізінде жасалады.
Тармақ 104
104. Агент арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардан брокерлік қызмет көрсеткені үшін төлем алмайды. Осы шығыстар агенттік келісімге сәйкес эмитент агентке төлейтін комиссиялық сыйақы сомасына енгізіледі.
Тармақ 105
105. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу мерзімділігі - жарты жылдық. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен төлем күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады және сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні өткен соң қайта басталады.
Тармақ 106
106. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 107
107. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S = N * С * 180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы төлеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша кезекті төлемге жататын арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
Тармақ 108
108. Сыйақы төлеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий сыйақы алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және сыйақы төлеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
Тармақ 109
109. Сыйақы төлейтін күні сағат 16.00-ге дейін эмитент алдағы сыйақы төлеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомадағы ақшаны сыйақы төлеу күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен орталық депозитарийдің позициясына аударады.
Тармақ 110
110. Сыйақы төлейтін күні сағат 17.00-ге дейін орталық депозитарий эмитенттен түскен ақшаны осы Ереженің 108-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес депоненттерге аударады.
Тармақ 111
111. Депонент сыйақы төлеу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ұстаушыларға сыйақы төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 112
112. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен атаулы құн бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнінен бастап, екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 113
113. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бар мәмілелерді тіркеу арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу күніне дейін екі жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
Тармақ 114
114. Өтеу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын орталық депозитарий өтеу кезінде ақша алуға құқығы бар ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және өтеуге жататын АҚШ долларындағы жалпы сома туралы мәліметтерді эмитентке жібереді.
Тармақ 115
115. Өтеу күні сағат 16.00-ге дейін эмитент алдағы өтеу туралы мәліметтерде көрсетілген сомадағы ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтеу күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша теңгемен орталық депозитарийдің позициясына аударады.
Тармақ 116
116. Өтеу күні 17.00-ге дейін орталық депозитарий осы Ереженің 114-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімге сәйкес ақшаны депоненттерге аударады және сонымен бір уақытта ұстаушылардың қосалқы шоттарынан өтелетін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді есептен шығарады.
Тармақ 117
117. Депонент өтеу күнінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеуге ақша аударуды жүзеге асырады.
Тарау 11. 11-тарау. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер
11-тарау. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 118
118. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 119
119. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны – 1000 теңге.
Тармақ 120
120. «TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер» (МЕТИКАМ) атауы орыс тілінде «Казначейские обязательства, индексированные к ставке TONIA» деп аталады.
Тармақ 121
121. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.
Тармақ 122
122. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 123
123. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
Тармақ 124
124. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі қазынашылық міндеттемелер айналысының тиісті жылы екі рет эмитент белгілеген күндерде жүзеге асырылады.
Купон төленетін алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын айқындалады, бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
Тармақ 125
125. Индекстелген купонның сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S=N*T/2+C,
мұнда
S, теңге − кезекті төлеуге жататын, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге − кезекті төлеуге жататын TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті санының номиналдық құнының сомасы;
T, % − төлеуге жататын өткен купондық кезең үшін алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M), T мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді;
С, теңге – тіркелген купон сомасы,
бұл ретте, C=N*K*180/360,
мұнда
K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
Тармақ 126
126. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
Алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, TONIA мөлшерлемесінің мәндері негізінде алты ай мерзімге әрбір күнтізбелік күні есептелетін TONIA құраушы мөлшерлемесі.
Алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.
Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі (Т, % − алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) қағаз айналысы мерзімі ішінде күн сайын өзгеріп отырады, бұл мөлшерлеме қаржы агенті есептеген соңғы TCR_6M мәніне тең болады.
Тармақ 127
127. Егер өткен купондық кезең үшін алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесі (TCR_6M) теріс мәнге тең болса, онда алты айға арналған TONIA Compounded мөлшерлемесінің (TCR_6M) мәні нөлге тең деп қабылданады.
Тармақ 128
128. TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді иеленушілер Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Тарау 12. 12-тарау. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер
12-тарау. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер
Тармақ 129
129. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
Тармақ 130
130. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны – 1000 теңге.
Тармақ 131
131. «TONIA TCI индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер» (МЕТИСКАМ) атауы орыс тілінде «Казначейские обязательства, индексированные к ставке TONIA TCI» деп аталады.
Тармақ 132
132. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.
Тармақ 133
133. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
Тармақ 134
134. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – бүкіл айналым кезеңінде айдағы күндердің іс жүзіндегі саны/есеп айырысу жылында 365 күн.
Тармақ 135
135. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі қазынашылық міндеттемелер айналыста болатын тиісті жылы екі рет эмитент белгілеген күндерде жүзеге асырылады.
TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесі купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын айқындалады және бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
Тармақ 136
136. Индекстелген купонның сомасы мынадай формуламен айқындалады:
S=N*T/2+C,
мұнда:
S, теңге − кезекті төленетін, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге − кезекті төленетін TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті санының номиналдық құнының сомасы;
T, % − өткен төленетін купондық кезең үшін TONIA TCI көрсеткішіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесі, T мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді. Т мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
T=(TCI (TONIA Compounded Index) соңына/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d
мұнда:
TCI (TONIA Compounded Index) соңына – алдағы купон төленетін күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;
TCI (TONIA Compounded Index) басына – алдыңғы купон төленетін күнге немесе қазынашылық міндеттемелердің айналысы басталатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күн бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;
d – TCI (TONIA Compounded Index) басына және TCI (TONIA Compounded Index) соңына анықтау күндері арасындағы есептеу кезеңіндегі күнтізбелік күндердің іс жүзіндегі саны;
С, теңге – тіркелген купон сомасы,
бұл ретте C=N*K/2,
мұнда:
K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.
Тармақ 137
137. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.
TCI (TONIA Compounded Index) индексі – қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін TONIA композиттік индексі.
TCI (TONIA Compounded Index) индексі күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.
Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі Т, % қағаз айналысы мерзімі ішінде күн сайын өзгеріп отырады және мынадай формуламен есептеледі:
Т=(TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d
мұнда:
TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне – есеп айырысатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;
TCI (TONIA Compounded Index) басына – алдыңғы купон төленетін күнге немесе қазынашылық міндеттемелердің айналысы басталатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күн бойынша TONIA композиттік индексінің мәні.
Тармақ 138
138. Егер өткен купондық кезең үшін TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша ауыспалы купон мөлшерлемесінің бөлігі теріс мәнге тең болса, онда ауыспалы купон мөлшерлемесінің бөлігінің мәні нөлге тең деп қабылданады.
Тармақ 139
139. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы
орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін сатып алуға
N ________ ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың,
қызмет көрсетудің және өтеудің
ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы
орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін сатып алуға
N ________ ӨТІНІМ
Осы арқылы өтінім беруші Қазақстан Республикасының
мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
(«ISIN»___________) (бұдан әрі – облигациялар) сатып алу ниеті
туралы хабарлайды.
1. Өтінімді толтыру күні ____________
2. Өтінімді толтыру уақыты ____________
3. Өтінім берушінің аты-жөні _______________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)
4. Өтінім берушінің туған жылы ___________
5. Жеке басын куәландыратын құжат
___________________________________ _______________________
(құжаттың атауы) (нөмірі)
_________________________ _______________________
(құжат берілген күн) (құжатты кім берген)
6. Өтінім берушінің ЖСН |____________________|
7. Тұрақты тұратын мекен-жайы ___________________________________
8. Сатып алынатын облигациялар саны (дана) ___________________
9. Өтінім сомасы (теңге) ___________________
10. Сатушы: агент арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
11. Өтінім берушінің қолы _________________
____________________________________________________________________
Өтінімді қабылдаған
қызметкердің қолы _____________________ / ______________________
(қолы) (Аты-жөні)
Басқа 2. Агентке төленетін комиссиялық сыйақы
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың, айналысқа қосудың,
қызмет көрсетудің және өтеудің
ережесіне 2-қосымша
Агентке төленетін комиссиялық сыйақы
Орналастыру көлемі, теңгемен
Комиссиялық сыйақы
бастап
дейін
%
50 000 000
700 000 000
6,50
700 000 000
1 000 000 000
1,90
1 000 000 000
5 000 000 000
1,80
5 000 000 000
10 000 000 000
1,70
10 000 000 000 бастап және одан жоғары
1,60