О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в постоянном землепользовании и в собственности граждан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрақты пайдалануда және азаматтардың иелігінде болуы мүмкін жер участоктерінің шекті (ең үлкен) мөлшері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 желтоқсандағы заңдық күші бар Жарлығынын 12 бабын басшылыққа алып және "Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер участоктерін беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі №401 қаулысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Жер участоктерінің шекті (ең үлкен) мөлшері мынадай болу мүмкіндігі жағдайларында:
Тармақша а
а) шаруа (фермерлік) қожалығын жүргізу үшін тұрақты түрде пайдалануға: - шаруашылық ұйымдастыруға тілек білдірген отбасының еңбекке қабілетті әрбір мүшесіне орташа аудандық жер үлесінің екі мөлшеріне дейін арнаулы жер қорының жерінен;
Тармақша б
б) отбасы меншігіне: - жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (аулалық және далалық жер үлесі) ауылдық жерлерде-суландырылмайтын жерден 0,50 гектар және суармалы жерден 0,30 гектар; - тұрғын үй құрылысы және күтіп-баптау үшін, бақ шаруашылығы үшін, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін -0,20 гектер жер беру белгіленсін
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Р.Х.Сұйербаевқа жүктелсін.