Құжат мәтініне өту

Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

Қаулы · № 1149 · қабылданған 17.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.02.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-45201/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 1149 ·17.03.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

ҚАЗҚалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1149 · қабылданған 17.03.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1149
Қабылданған күні
17.03.2009
Көрсетілген редакция
01.02.2013 · қолданыстағы 45201_215827.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
01.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LA000110
ЭКБ идентификаторы
45201
Редакция идентификаторы
45201_215827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:34

0 Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2009 жылғы 3 ақпандағы N 2/785 заң бұзушылығын жою туралы ұсынысына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. "Қалалық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 1962 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-1-84 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы N 65-66 "Ақмешіт ақшамы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 17 наурыз
N 1149 қаулысымен бекітілген
Қалалық коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен
қолданылатын коэффициенттер мөлшері
Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
Реттік саны
Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр)
Кеңселік
1,0
өндірістік
0,8
қоймалық, буқазандық
0,6
басқалар үшін
0,9
2
Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр)
бөлек тұрған
1,0
кіріктірме-жапсарлас бөлігі
0,9
цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі
0,8
өжіре бөлігі
0,7
3
Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж)
барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды
1,0
4
Аймақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка):
Қызылорда облысының орталығы үшін:
қала орталығы
қала шет аймағы
қаланың қалған бөлігі
2,0
1,2
1,5
аудан орталығы емес қыстақтар, ауылдар үшін
1,0
5
Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ):
банктердің, "Қазпошта" АҚ есеп айрысу-кассалары үшін
2,0
брокерлік және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін
3,0
қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,5
Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін:
жоғарғы білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру
1,1
0,9
0,8
орта және арнайы орта білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін
0,9
басқалар үшін
1,0
6
Жалға алушының ұйымдастырушылық - құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқ):
мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін
1,3
сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін
1,2
жеке кәсіпкерлер үшін
1,1
акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
мемлекеттік кәсіпорындар үшін
0,7
Республикалық, облыстық мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
Ескертпе:

1 1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:

Жа = Еа х А х Ктұр х Ктүр х Кж х Ка х Кқ х Кұқ
Бұд жерде:
Жа – жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
Ка - аймақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Кұқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.

2 2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:

Жа = Ққ х Nаm/100 х Кт
Бұл жерде:
Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
Nm - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт - төмендету коэффициенті ( жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде - 0,8 мөлшерде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде - 0,5).