Ауыл округтеріне қарасты ауылдардың шекарасын (шегі) өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл округтеріне қарасты ауылдардың шекарасын (шегі) өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Жер кодексінің" 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Отырар аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мына төмендегі ауыл округтеріне қарасты ауылдармен шектесіп жатқан жайылымдық және суармалы жерлер қосылып, ауылдардың шекарасы (шегі) өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Қарақоңыр ауыл округіне қарасты Ш. Қалдаяқов ауылынан 57,2 га жайылымдық, Сырдария ауылынан 30,9 га жайылымдық, Бесторанғыл ауылынан 7,8 га жайылымдық, Қарақоңыр темір жол бекеті аумағынан 36,0 га жайылымдық;
Тармақша 2
2) Қоғам ауыл округіне қарасты Мыңшұқыр ауылынан 27,0 га жайылымдық, Қоғам ауылынан 17,0 га жайылымдық, Талапты ауылынан 17,5 га жайылымдық;
Тармақша 3
3) Қарғалы ауыл округіне қарасты Отырар ауылынан 40,0 га жайылымдық, Қарғалы ауылынан 30,0 га жайылымдық;
Тармақша 4
4) Отырар ауыл округіне қарасты Арыс ауылынан 73,7 га жайылымдық, Автобаза ауылынан 31,6 га жайылымдық, М. Шойманов ауылынан 14,2 га жайылымдық;
Тармақша 5
5) Талапты ауыл округіне қарасты Шытты ауылынан 40,0 га жайылымдық, Көкмардан ауылынан 28,3 га жайылымдық, Ынталы ауылынан 31,4 га жайылымдық;
Тармақша 6
6) Шілік ауыл округіне қарасты Жаңа Шілік ауылынан 33,0 га жайылымдық, Ескі Шілік ауылынан 27,6 га жайылымдық;
Тармақша 7
7) Ақтөбе ауыл округіне қарасты Ақтөбе ауылынан 12,5 га жайылымдық;
Тармақша 8
8) Аққұм ауыл округіне қарасты Аққұм ауылынан 31,8 га жайылымдық;
Тармақша 9
9) Көксарай ауыл округіне қарасты Көксарай ауылынан 23,2 га жайылымдық;
Тармақша 10
10) Маяқұм ауыл округіне қарасты Маяқұм ауылынан 48,8 га жайылымдық;
Тармақша 11
11) Балтакөл ауыл округіне қарасты Балтакөл ауылынан 22,0 га жайылымдық;
Тармақша 12
12) Шәуілдір ауыл округіне қарасты Шәуілдір ауылынан 227,0 га жайылымдық, 73,0 га суармалы;
Тармақша 13
13) Қожатоғай ауыл округіне қарасты Қожатоғай ауылынан 26,8 га жайылымдық.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.