Об утверждении квалификационных требований к социальным работникам в сфере здравоохранения и правил их аттестации Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 2
2) Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 21 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________ Г. Абдыхалықова 2009 жылғы "____" "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ____________ Ж. Түймебаев 2009 жылғы "____"
Басқа 0. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Осы біліктілік талаптар денсаулық сақтау саласындағы мынадай әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметкер: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстерін, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі тиіс.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер біліктілігіне қойылатын талап жоғары кәсіби білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) немесе арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша магистратура/мамандандыру.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талап (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) техникалық және/немесе кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім.
Басқа 1. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауға денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер (бұдан әрі – аттестатталушы адам) жатады.
Тармақ 3
3. Аттестаттау денсаулық сақтау жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы қазіргі заманға теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Аттестаттау бес жылдың ішінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі демалысында жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау мыналарды:
Тармақша 1
1) тестілеуді;
Тармақша 2
2) әңгімелесуді қамтиды.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау әңгімелесу түрінде жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Аттестаттаудан өту жөніндегі құжаттар
2. Аттестаттаудан өту жөніндегі құжаттар
Тармақ 7
7. Аттестациядан өту үшін аттестаттау мемлекеттік басқармасындағы жергілікті денсаулық сақтау органға облыстық республикалық маңызы бар қаланың, елорданың (бұдан әрі – жергілікті орган) келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) кадрларды санау іс парағы;
Тармақша 3
3) нотариуспен расталған білім туралы диплом көшірмесі;
Тармақша 4
4) ұйымның кадр бөлімімен жұмыс кітапшасының көшірмесі.
Тарау 3. 3. Аттестацияны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары
3. Аттестацияны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары
Тармақ 8
8. Аттестацияны өткізу үшін жергілікті орган тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 9
9. Комиссия саны кемінде бес адамнан тұратын мүшелерден және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Төрағасы болып табылатын бірінші басшысы, немесе оның орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.
Тармақ 10
10. Комиссияның құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті органның қызметкерлері, жоғары оқу орындарының арнайы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келісім бойынша) енгізіледі.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау жөніндегі мәселені қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейін мерзімге ауыстырылады. Аттестатталушы дәлелсіз себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда аттестатталған жоқ деп табылады.
Тармақ 13
13. Аттестацилық комиссияның отырысы егер онда үштен бірі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Дауыс беру нәтижесі Комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауыс бергені. Дауыс беру теңдей болғанда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге құқысы жоқ.
Тармақ 15
15. Комиссия нәтижесі ашық дауыс беру бойынша есептеледі.
Тармақ 16
16. Аттестатталушы адамның өту қорытындылары отырыста болған комиссияның төрағасы, хатшысы басқа да мүшелері қол қоятын хаттамалық шешімде тіркеледі.
Тармақ 17
17. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Тестілеуді өткізу
4. Тестілеуді өткізу
Тармақ 18
18. Аттестатталушы адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тестілеу өткізіледі. Тестілеу нәтижелері баллмен бағаланады әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Тестілеу нәтижесі бір жылға дейін жарамды.
Тармақ 19
19. Тестілеу жергілікті орган бекітетін 80 сұрақтан тұрады.
Тармақ 20
20. Тестілеу бойынша 50-ден кем балл жинаған аттестатталушы адам әңгімелесуге жіберілмейді және қайта аттестаттауға жатады.
Тарау 5. 5. Әңгімелесуді өткізу
5. Әңгімелесуді өткізу
Тармақ 21
21. Аттестатталушы адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзіреттілігі деңгейін анықтауға бағытталған болуға тиіс.
Тармақ 22
22. Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын қызметіне лайықты;
Тармақша 2
2) қайта аттестаттауға жатады.
Тарау 6. 6. Қайта аттестаттау
6. Қайта аттестаттау
Тармақ 23
23. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін, осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 24
24. Комиссия қайта аттестаттау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын қызметіне лайықты;
Тармақша 2
2) атқаратын қызметіне лайықсыз.
Тарау 7. 7. Қорытынды ресімдер
7. Қорытынды ресімдер
Тармақ 25
25. Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кәсіптік даярлығының деңгейін растайтын сертификат беріледі.
Тармақ 26
26. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерге хаттамалық шешімінің көшірмесі беріледі.
Тармақ 27
27. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге сертификаты берілген күнінен бастап бес жылға дейін Қазақстан Республикасы мекенінде жарамды. Осы уақыт біткен соң денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман сертификаты күшін жояды.
Басқа 2
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің аттестаттау ережесіне қосымша __________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Сертификат N _________ 20 __ жылғы "___" ____________ аттестаттау комиссиясының шешімімен N ________ хаттама, Әлеуметтік қызметкер _____________________________________________ Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________________________________ (Т. А. Ә., қолы) Комиссия мүшелері: _______________________________________________ (Т. А. Ә., қолы) __________________________________________________ (Т. А. Ә., қолы) __________________________________________________ (Т. А. Ә., қолы) __________________________________________________ (Т. А. Ә., қолы) М.О. Елді мекен ________________________ Күні 20 __ жылғы "__" ________ (қала, облысты көрсету керек) Тіркеу N ______