Об утверждении Правил регулирования цен (тарифов) на услуги предоставления линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, Службы государственной охраны (за исключением нужд президентской связи), органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, а также оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 514 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифтерді) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағаларды (тарифтерді) реттеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қағидалар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсететін байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) активтердің реттелетін базасы – Оператордың бухгалтерлік балансында көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;
Тармақша 2
2) бөлектеп есепке алу – кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі;
Тармақша 3
3) Оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қажеттіліктері үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөнінде қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiмет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2. Қызметтерге бағалар (тарифтер) қалыптастыру тәртібі
2. Қызметтерге бағалар (тарифтер) қалыптастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Оператордың қызметтеріне бағалар (тарифтер) қалыптастыру қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу (бұдан әрі - бөлектеп есепке алу) негізінде жүзеге асырылады.
Қызметтерге бағалар (тарифтер) уәкілетті орган бекіткен тарифтеу бірлігі мөлшерінде қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Оператордың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар;
Тармақша 2
2) еңбек заңнамасына сәйкес персоналға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар;
Тармақша 3
3) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;
Тармақша 4
4) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге немесе Оператордың қызметтер көрсетуінде қолданысқа енгізілген активтерді сатып алуға жұмсалған шығындар.
Инвестициялық жоба болмаған жағдайда — қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің қаржыландыру шарттарын растайтын құжаттардың болуы.
Тармақ 7
7. Қызметтердің бағаларында (тарифтерінде) Оператордың жұмыс істеуі және дамуы үшін қажетті қаражат қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтерді көрсету кезінде қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына табыс ставкасының шегінде ескеріледі.
Тармақ 8
8. Оператордың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру кезінде мыналар:
Тармақша 1
1) қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
Тармақша 2
2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгінділері) үшін төлемдер;
Тармақша 3
3) үмітсіз борыштар; шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыппұлы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;
Тармақша 4
4) кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
Тармақша 5
5) талан-тараждан болған залалдар;
Тармақша 6
6) өндіріске тартылмаған қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелерді (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстауға;
Тармақша 7
7) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдары, оқу орындары объектілерін ұстауға;
Тармақша 8
8) сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;
Тармақша 9
9) ұйымдардың қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге алған қарыздарды өтеуге;
Тармақша 10
10) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларына (демалыс кештерін, концерттер және басқаларды өткізуге);
Тармақша 11
11) бақшалық серіктестіктерді (жол құрылысы, энергиямен және сумен жабдықтау, басқа да ұқсас шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыруға;
Тармақша 12
12) демеушілік көмек көрсетуге;
Тармақша 13
13) ақаудан болған ысырапқа;
Тармақша 14
14) өндірістің вахталық ұйымдарын қоспағанда, пәтерлер, тұрғын үй ғимараттарын және құрылыстар, жатақхана мен қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға;
Тармақша 15
15) мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілген сыйлықтарды сатып алуға;
Тармақша 16
16) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеуіне жұмсалған шығыстар, басқа да өнімсіз шығыстар;
Тармақша 17
17) қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстар ескерілмейді.
Тарау 3. 3. Бағаларды (тарифтерді) қарау және қолданысқа енгізу тәртібі
3. Бағаларды (тарифтерді) қарау және қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалардың (тарифтердің) жоғарылауын келісу немесе жаңадан енгізілетін көрсетілетін қызметтер бағасын (тарифтерін) келісу үшін операторлар уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлама (өтінім) жібереді.
Тармақ 10
10. Хабарламаға (өтінімге) мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) бағаның жоғарылауының себептерін растайтын құжаттар (шикізат, материалдар, қызметтер құнының жоғарылауын растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);
Тармақша 2
2) әрбір қызмет бойынша бағалардың (тарифтердің) жобасы;
Тармақша 3
3) бухгалтерлік теңгерім;
Тармақша 4
4) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;
Тармақша 5
5) тұтас алғанда ұйым бойынша және жеке алғанда қызметтердің әрбір түрі бойынша, шығындар баптары бойынша толық жаза отырып, бағалардың (тарифтердің) жобасын есептеу үшін қолданылатын шығыстар мен кірістер туралы жиынтық деректер;
Тармақша 6
6) қолданылатын шикізат пен материалдар жұмсау нормалары, персонал санының нормативі туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) инвестициялық бағдарламалар, олар болған жағдайда;
Тармақша 8
8) ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін шығыстардың жылдық сметасы;
Тармақша 9
9) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, негізгі құралдар құнының артуына алып келетін шығыстардың жылдық сметасы;
Тармақша 10
10) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген қызметтерге амортизациялық аударымдардың есептемесі;
Тармақша 11
11) қажетті есептемелері бар қызметтер бойынша шығындар мен қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алу деректері;
Тармақша 12
12) өткен екі күнтізбелік жылдағы қызметтерге бағалардың (тарифтердің) салыстырмалы кестесі;
Тармақша 13
13) есептеу әдісі көрсетілген қызметтерге бағалардың (тарифтердің) есептемесі.
Тармақ 11
11. Оператор қызметтерге бағаларды (тарифтерді) төмендеткен кезде Оператор жазбаша түрде бес жұмыс күнінің ішінде тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган хабарламаны (өтінімді) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Операторды хабарламаның (өтінімнің) қарауға қабылданғаны туралы немесе хабарламаны (өтінімді) қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде бас тартудың себептерін келтіре отырып, хабардар етеді.
Оператордың хабарламасын (өтінімін) қарауға қабылдаудан бас тартудың себептері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
Тармақша 2
2) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну.
Тармақ 13
13. Оператордың хабарламасын (өтінімін) уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен алпыс күн ішінде қарайды. Бағалар (тарифтер) жобаларын қарау мерзімі хабарлама (өтінім) алынған сәттен бастап есептеледі.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган қызметтерге бағаларды (тарифтерді) қарау кезінде мыналарға талдау жүргізуге құқылы:
Оператор қолданатын қызметтер бірлігін ұсынуға шикізат, отын материалдарын, материалдық ресурстардың қуатын жұмсау нормаларына және (немесе) тиісті салалық нормалармен немесе ұқсас қызметтерді көрсететін Операторлар қолданатын нормалармен салыстыру жолымен материалдық ресурстардың жылдық нормаларына;
ұқсас қызметтерді көрсететін Операторларға еңбекақы төлеу шығындарымен қоса Оператор персоналына еңбекақы төлеу шығыстарына;
Оператордың қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) артуына едәуір әсер ететін басқа да шығыстарға.
Тармақ 15
15. Хабарламаны (өтінімді) қарау негізінде уәкілетті орган бағаларға (тарифтерге) басқа Операторлардың, сондай-ақ ұқсас немесе осындай қызметтерді тұтынушылардың белгілі бір санаттарын анықтау үшін Оператордың өзінің ұқсас қызметтерінің бағаларымен (тарифтерімен) салыстырмалы талдау жүргізеді және ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тармақ 16
16. Қызметтерге бағаларды (тарифтерді) анықтау кезінде Оператордың шығындары мына жағдайларда есептелмейді:
Тармақша 1
1) шығындарды бөлудің негізсіз есептемесінсіз және басқа негізсіз материалдарсыз, қызметтерге бағаларды (тарифтерді) анықтайтын, бөлектеп есепке алудың (шығындар сметасының) жиынтық деректері ұсынылғанда;
Тармақша 2
2) алдыңғы қаржылық кезеңдерімен салыстырғанда белгілі бір шығындардың өсу негізділігін растайтын материалдар мен құжаттар болмағанда.
Тармақ 17
17. Оператордың қызметтерді ұсынумен байланысты нақты немесе жоспарланатын шығындарын салыстырмалы талдау және түзету негізінде Оператордың қызметтері бағасының (тарифінің) негізділігі анықталады.
Тармақ 18
18. Оператордың қызметтеріне баға (тариф) негізділігін растау мақсатында уәкілетті орган Операторлар тиісті сұрау салуды алған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылатын ақпаратты сұрауға құқылы.
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейін қарау нәтижелері бойынша оларды келісу немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 20
20. Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейі негізді болмаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес хабарламаны (өтінімді) қарау мерзімінен кешіктірмей Операторға бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлап, бағаларды (тарифтерді) келісуден бас тартудың себептерін көрсетеді.
Тармақ 21
21. Қызметтердің бағалары (тарифтері) келісілген жағдайда уәкілетті орган тиісті қызметтерге бағаларды (тарифтерді) қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде Операторга бұл туралы хабарлайды. Оператордың бағалары (тарифтері) уәкілетті орган белгілеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Оператордың қызметтеріне уәкілетті органның келісімінсіз бағаларды (тарифтерді) енгізуге жол берілмейді.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Операторлар, сондай-ақ қызметтерді алғаш көрсетушілер, көрсетілетін қызметтер бағаларын (тарифтерін) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде осы Қағидаларға сәйкес келтіреді және уәкілетті органға келісу үшін осы Қағидаларға сәйкес хабарлама (өтінім) жібереді.
Тармақ 23
23. Оператор осы Қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Басқа 1. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы уәкілетті
мемлекеттік органдарының, әскери
басқару, ұлттық қауіпсіздік және
ішкі істер органдарының, сондай-ақ
"электрондық үкіметтің" ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
операторының мұқтаждықтары үшін
техникалық құралдарды орналастыруға
қажетті байланыс жолдары мен арналарын,
кәбілдік кәріздердегі арналарды және
алаңдарды берудің көрсетілетін
қызметтеріне бағаларды (тарифтерді)
реттеу қағидаларына 1-қосымша
Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Тармақ 7
7. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.
Басқа 2. Бағалық реттеуге жататын Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы уәкілетті
мемлекеттік органдарының, әскери
басқару, ұлттық қауіпсіздік және
ішкі істер органдарының, сондай-ақ
"электрондық үкіметтің" ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
операторының мұқтаждықтары үшін
техникалық құралдарды орналастыруға
қажетті байланыс жолдары мен арналарын,
кәбілдік кәріздердегі арналарды және
алаңдарды берудің көрсетілетін
қызметтеріне бағаларды (тарифтерді)
реттеу қағидаларына 2-қосымша
Бағалық реттеуге жататын Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды пайдалануға беру.
Тармақ 2
2. Кабель кәріздеріндегі арнада кабель-орындарды пайдалануға беру.
Тармақ 3
3. Антенна-діңгек құрылыстары мен тіреуіштердегі орындарды жалға беру.
Тармақ 4
4. Аналогтік және цифрлық қалааралық және аймақішілік арналарды жалға беру.
Тармақ 5
5. Жалғастырушы желілерді жалға беру.
Тармақ 6
6. Түзу сымды жалға беру.
Тармақ 7
7. "Деректерді берудің арналық және/немесе желілік деңгейінде байланыстың жерүсті цифрлық арналарын жалға беру.
Тармақ 8
8. "KazSat-2", "KazSat-3" ғарыш аппараттары транспондерлерін және/немесе транспондерінің сыйымдылығын жалға беру.