О неотложных мерах по переходу на новую систему оплаты за жилищно-коммунальные услуги Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің жаңа төлем жүйесіне көшу жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен.
Облыс әкімі қаржы көздерінің тапшылығына байланысты мемлекеттік және жекешелендірілген тұрғын үй қорының шиеленісті жағдайда екендігін атап көрсетті. Құрылыс құрылмаларын, үй ішіндегі инженерлік жүйелер ен жабдықтардың үдемелілікпен тозуы байқалады, тұрғындарға тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасы ұдайы төмендей түсуде. Іс жүзінде әрбір тұрғын үйге жылу және сумен қамту жүйелерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Тұрғын үй қорының одан әрі бүлінуіне жол бермеу, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңа экономикалық негізге көшіру мақсаттарында және «Республиканың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995ж. қазандағы №1299-шы Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық экономика басқармасы (Сорокин) мүдделі кәсіпорындарымен және ұйымдармен бірлесіп тұрғындар үшін барлық тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің босатылған бағалары мен тарифтері кестесін, қызмет көрсетуші ұйымдардың шығасын жабатын еркін тарифтерге төменде көрсетілген кезендер бойынша көшуді көздей отырып, жүзеге асыруды қамтамасыз ететін болсын:
1 кезең: 1996 жылғы 1 маусымнан бастап 1 тамызды қоса есептегенге дейін-тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің өзіндік құнының 50 процентін төлейді;
2 кезең: 1996 жылғы 1 тамыздан бастап 1 қазанды қоса есептегенге дейін – тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің өзіндік құнының 75 процентін төлейді;
3 кезең: 1996 жылғы 1 қазаннан бастап тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың шығасыларын жабатын денгейде тариф белгіленеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлерді ұстау және коммуналдық қызмет үшін ақыны көтеру жергілікті бюджеттердің, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары есебінен арнаулы жәрдемақы беру түрінде тұрғындарға біржолғы әлеуметтік қорғау шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Коммуналдық шаруашылықтын мамандандырылған кәсіпорындарының балансысына коммуникациялар мен тұрғын үйлер толық берілгенге дейін ведомостволар сыртқы инженерлік желілерді ұстану, пайдалану, қайта жүргізу бойынша шығындарды өтейді.
Тармақ 3
3. Әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері:
тұрғын үй-коммуналдық қызмет тұтыну нормативтері мен олардын тарифтік төлем мөлшелерін белгілесін;
тұрғын үй-коммуналдық салаларын қаржыландыруды 1996ж. 1 қазаннан бастап жәрдемақысыз негізге көшірудің кезеңдерінде сай белгіленген тарифтерді сәйкесті деңгейдегі мәслихаттардың бекітуіне тапсырсын.
Облыстың мүдделі кәсіпорындарымен және ұйымдарымен бірлесіп, жергілікті жерлерде тұрғын үй жәрдемақысы орталықтарын құрып, оларға сәйкесті қызметтік орын бөлсін және ұстану қаржыларын белгілесін;
жергілікті бюджет жобаларын мерзімді уақытында жасау үшін ең аз қамтылған азаматтардын тұрғын үй жәрдемақысы төлеміне арналған қаражатқа қажеттілікті жыл сайын айқындасын және сатылы түрде Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне ұсынсын;
жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласы шараларын орындаушыларды теңдерлік принципте таңдап алу белгіленсін;
жекеменшік пәтерлер (үйлер) иелері кооперативтерін құру, тұрғын үйлер кондоминиум жұмыстары белсенділікпен жүргізілсін және оларды ұйымдастыру 1996 жылғы 1 желтоқсанға аяқталатын болсын.
Тармақ 4
4. Азаматтардың тұрғын үйлерді ұстау (мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалдау) жалға беру) шарттары бойынша төлеу мен тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған шекті жол берілетін шығындарының үлесі отбасының жиынтық кірісінің 30 процент мөлшерінде белгіленсін.
Ең аз қамтылған азаматтардың тұрғын үйді ұстау (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу, жалдау) және тұрғын үй-қоммуналдық қызметке ақы төлеудегі іс жүзіндегі шығындарын өтемдік шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемі нормасын және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінің шегіндегі бұл мақсаттарға шығынның шекті жол берілетін үлесіне балама сомалардан арттыру жағдайында тұрғын үй жәрдемақысы берілсін.
Тармақ 5
5. Өтемақы шараларымен қамтылатын тұрғын үй аумағының нормасы болып тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне мемлекеттік тұрғын үй берудің баламды нормасындағы, бірақ жалғыз тұратын азаматтар үшін бір бөлмелі пәтерден кем емес пәтерлердің (үйлердің) пайдалы алаңы қабылдансын.
Бір пәтерде тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету төлемдері бойынша бөлек жеке шоттары бар бірнеше отбасы немесе азаматтар тұрған жағдайда тұрғын үй алаңының нормасы жеке тұрғын бөлмеден кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйге меншік нысанына қарамастан тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшін төленетін ақы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын қорындағы үйді жалдау (жалға беру) шарттары бойынша ақы төлеу тұрғындар тарапынан заңда белгіленген тәртіпте, белгілі бір елді мекен үшін бекітілген бірыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ең аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысының берудің тәртібі туралы Уақытша Ереже және тұрғын үй жәрдемақысы қызметі туралы Үлгі Ереже №1, 2 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімді жүзеге асырауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызмет көрсету шығасыларының негізділігіне бақылау жасау облыстық экономика басқармасына (Сорокин) аудандық және қалалық әкімдер мен облыс әкімінің орынбасары А.Ф. Маючий жолдасқа жүктелсін.
Басқа 9. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің
1996 жылғы «5» сәуірдегі
№ 60 шешіміне
№1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Тарау 10. І. Тұрғын үй жәрдемақысы
І. Тұрғын үй жәрдемақысы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы – аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу (жалдау) жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
Тұрғын үй жәрдемақысы азаматтардың жекелеген санаттары үшін тұрғын үй мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі заңда белгіленген жеңілдіктермен қатар халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы – республикада тұрақты тұратын тұлғаларға егер өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары отбасынынң бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шекті шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 30 проценті мөлшерінде белгіленеді.
Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Сол аумақтың халқы қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, газ, канализация, электр, жылу қуаты, қоқыс шығару, лифтілер) тұтынудың нормативтерін облыс әкімі белгілейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тұрғын үй жәрдемақысы қызметі береді. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің ұйымдық нысандары мен құрылымын әкімі айқындайды.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысы сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қарауындағы үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындауды тұрғын үй жәрдемақысы қызметі жүргізеді.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығын жоғалтады.
Егер оларда күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 14 жасқа дейінгі (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқы болмайды.
Тармақ 7
7. Шиеленісті, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселені шешу жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдерінен құрылатын аудандар мен қала әкімдері жанындағы арнаулы комиссяның қарауына енгізілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысы аударымсыз нысанда тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін төлемді тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесіне) есептелеген сомамен салыстырғанда азайту ретінде беріледі. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелеген ақыдан артық болмауға тиіс.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнінде жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күннен бастап алты ай мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақыларын алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Отбасының тұрғын үйді ұстау мен үй-коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй жәрдемақысы қызметтері бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ жәрдемақының дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй жәрдемақысы қызметін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Тарау 22. ІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу
ІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) өтінішінің және оған қоса берілетін отбасының құрамы, тұратын үйінің пайдалы алаңының мөлшері, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары, отбасының жиынтық табысы туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Тармақ 13
13. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасына шарт жасалады, оған жәрдемақыны есептеп шығарудың есебі енгізіледі. Шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үйді жалға алушыда (меншік иесінде) сақталады.
Аталған шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Ақпараттың растығына күдік туған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы қызметі сұрау салуға хақылы ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тұрғын үй жәрдемақысын алуға өтініш берген тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшелері заңды және жеке тұлғаларға оның табыстары туралы тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне мәліметтер беруге келіскендігін растау ретінде көрсетілуі мүмкін табыс туралы ақпаратты ашуға арналған арнайы рұқсатқа қол қоюы қажет.
Тармақ 15
15. Жәрдемақы мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тарау 27. ІІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздері
ІІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздері
Тармақ 16
16. Меншіктің барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік-нормативтік шығындарды анықтау баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеттердің және атқарушы өкіметтің басқа уәкілетті органдарының бақылаумен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметті берілген жәрдемақылар сомасын көрсете отырып негізгі жалға алушылар мен меншік иелерінің тізімін жасайды және тоқсан сайын жиынтық ведомостарды шығынның орнын толтыру үшін өзі тұрған жердегі қаржы органына ұсынады.
Тармақ 19
19. Қаржы органдары төлем тапсырымдары бар аталған ведомостар негізінде жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының не болмаса тұрғын үйлердегі тұрғын жай иелері кооперативтерінің қаражатының орнын толтырады.
Тармақ 20
20. Облыстық, қалалық, аудандық қаржы органдары жылына кемінде бір рет бастапқы құжаттар бойынша бюджет қаражатының тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге жұмсалу дұрыстығына тексеру жүргізуге міндетті.
Тармақ 21
21. Солар бойынша тұрғын ұй жәрдемақылары заңсыз тағайындалған құжаттарды дұрыс ресімдемегені үшін осындай жағдай өздерінің кінәсінен болған лауазымды тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Басқа 34. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің 1996 жылғы
«5» сәуірдегі № 60
шешіміне
№2 қосымша
Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
Тарау 35. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қыркүйектегі №1344 Жарлығына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық саласын жұмыс істеудің дотациясыз негізіне кезең-кезеңмен көшіруге байланысты халықты нысаналы әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметін құру туралы шешімді облыс әкімі қабылдайды.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі өз қызметінде қолданылып жүрген заңдарды, осы Үлгі ережені, сондай-ақ облыс әкімінің осы мәселелер бойынша қабылдаған актілерін басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі есептелеулерге болжам жасау және жәрдемақы тағайындау бөлімшелерінен құрылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі туралы Ережені, оның құрылымын және штат санын облыс әкімі бекітеді.
Тарау 41. ІІ. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің негізгі қызметтік міндеттері
ІІ. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің негізгі қызметтік міндеттері
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің негізгі қызметтік міндеттері:
тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу тарифтерінің көтерілуі нәтижесінде халықтық әлеуметтік қорғалатын топтарының жалпы санын айқындау;
тұрғын үй-жайларды ұстау мен көрсетілген тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін әлеуметтік қорғалатын отбасыларына шығынның бір бөлігін өтеуге атаулы өтемақылар тағайындау;
халыққа атаулы дотация жөніндегі шығындарды өтеуге арналған қаржы қаражатының көлемін болжау болып табылады.
Тарау 43. ІІІ. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің міндеттері мен құқықтары
ІІІ. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің міндеттері мен құқықтары
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметінің негізгі міндеттері:
тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілу себептері туралы, сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы мөлшеріне әсер ететін факторлар туралы халыққа хабарлау;
жәрдемақы алудан үміткер отбасының жиынтық табысы деңгейінің құжаттармен расталуын қамтамасыз ету;
тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлемдердің есептелуінің дұрыстығын тексеру;
әлеуметтік қорғалатын азаматтарға, соның ішінде ведомстволық тұрғын үй қорында тұратын азаматтарға жәрдемақының мөлшерін белгіленген мерзімде айқындау;
халыққа атаулы жәрдемақылар берілуіне байланысты шығындарды өтеуге қаражатты жоспарлау үшін әкімдерге негізделген есептемелер беру;
тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау мәселелері жөніндегі азаматтардың өтініштерін, хаттары мен шағымдарын уақтылы қарау болып табылады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметі:
тұрғын үй жәрдемақысына үміткерлерден отбасы құрамы, отбасы табысы, тұру алаңы туралы сенімді ақпарат берілуін талап етуге;
халықтың берген тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін қажетті құжаттарының дұрыстығына тексеру жүргізуге;
азаматтардың тұрғын үй жәрдемақысын алудағы заңды құқықтарын қорғауға;
күмәнді (жалған) құжаттарды әдейі берген адамдарды тұрғын үй жәрдемақысын пайдалану құқығынан айыруға;
халыққа атаулы көмекті жүзеге асыру үшін құжаттардың уақтылы түсуіне бақылау жасауға құқылы.