О реализации этилового спирта с уплатой акциза организациям, использующим его в технических целях, или при производстве неалкогольной продукции Күшін жойған
Басқа 0
Этил спиртін акциз төлеу арқылы сату туралы
Отандық өндірушілер өндірген этил спиртінің көлемінің қозғалысын бақылауға және спиртті пайдалануға рұқсатты беруді жылдамдатуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Этиль спирті және алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Комитеттің аумақтық басқармалары алкоголь өнімінің өндірісіне байланысты емес, технологиялық процестерде және басқа мақсаттарда этил спиртін пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Комитеттің аумақтық мекемелері тоқсан сайын берілген және қайтарып алынған рұқсаттар туралы есепті, рұқсат бойынша алынған спирттің мақсатты пайдаланылуы туралы ақпаратты берсін.
Тармақ 3
3. Этил спиртін пайдалану туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Нормативтік реттеу бөлімі (А. Лепеспаев) қоса беріліп отырған Ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы Р. Алдашевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап іске асады.
Басқа 0. Этил спиртін акциз төлеу арқылы сату Ережесі
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Алкоголь өнімін өндіру және
оның айналымын мемлекеттік
бақылау жөніндегі комитет
Төрағасының
"____"_____________1999 жылғы
N_____бұйрығымен
бекітілген
Этил спиртін акциз төлеу арқылы сату Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Этиль спирті және алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңын орындау, этил спиртінің қозғалысын бақылауға алу және алкоголь өнімінің өндірісіне байланысты емес, технологиялық процестерде және басқа мақсаттарда этил спиртін пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асыру үшін әзірленді.
Тармақ 2
2. Этил спиртін өндірушілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет (әрі қарай - комитет) беретін рұқсат негізінде сатуға құқылы.
Осы Ережедегі рұқсат құқық беруші акт болып танылады, этил спиртін өндірушілерге спиртті технологиялық процестерде және алкоголь өнімін өндіру мен сақтау және басқа мақсаттарға байланыссыз алуға және пайдалануға құқық береді.
Тармақ 3
3. Рұқсат өндірушіге тек қана рұқсатта көрсетілген тұтынушыға спиртті сату үшін беріледі.
Тармақ 4
4. Рұқсат бір жылдан артық емес мерзімге беріледі.
Тармақ 5
5. Осы Ереже этил спиртін сақтауға және сатуға берілетін лицензияға қатысты қатынастарды реттемейді.
Тарау 2. 2. Спиртті сатуға рұқсат беру тәртібі
2. Спиртті сатуға рұқсат беру тәртібі
Тармақ 6
6. Өндірушіден спирт алуға рұқсат алу үшін комитетке не оның аумақтық органдарына мынадай құжаттарды табыс етуі тиіс:
Тармақша 1
1) N 1-қосымшада көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш иесінің бірінші басшының қолы және мөрімен расталынған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік құжатының көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтініш иесін куәландыратын және (немесе) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын тіркеу туралы куәлік құжатының көшірмесі, жеке тұлғалар үшін- нотариус растаған;
Тармақша 4
4) өтініш иесінің белгілі бір мерзімге (бір жылдан артық емес) немесе тиісті уәкілетті орган бекіткен белгілі көлемге есептелген спиртті тұтыну нормативіне сәйкес спиртке мұқтаждығын дәлелдейтін құжат;
Тармақша 5
5) өткен жылы тұтынылған спирт көлемі туралы есеп.
Тармақ 7
7. Анықталған тұтынушыға спиртті сатуға өндірушіге рұқсат беру туралы шешімді Комитет комиссиясы немесе оның аумақтық органдары қабылдайды.
Тармақ 8
8. Барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей рұқсат беріледі.
Тармақ 9
9. Рұқсатты беру және берілген қайтарылған рұқсаттарды тізуді жүргізуді комитет және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Белгіленген формадағы N 2-қосымшада көрсетілген рұқсатқа, Комитеттің Төрағасы уәкілеттік берген адам, яғни комиссия төрағасы қол қояды.
Тармақ 11
11. Рұқсат өтініш берушінің қызметтік куәлігін көрсеткен бірінші басшыға немесе өтінішкердің расталынған сенім хатын көрсеткенде беріледі.
Тарау 3. 3. Спиртті босатуға рұқсатты беруден бас тарту
3. Спиртті босатуға рұқсатты беруден бас тарту
Тармақ 12
12. Рұқсат беруден бас тартуға болады, егер:
Тармақша 1
1) осы ереженің 6 тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар өткізілмесе;
Тармақша 2
2) спиртті тұтыну есептері дәлелденбеген болса;
Тармақша 3
3) өтініш иесі жөнінде соттан оған спирт алуға болатын қызмет түрімен айналысуға тиым салынатын шешім болса.
Көрсетілген кедергілерді өтінуші жойғанда өтініш жалпы негізде қарастырылады.
Тармақ 13
13. Спирт сатуға рұқсат беруден бас тартқанда өтініш иесіне өтініш бергеннен бастап бір ай мерзім ішінде жазбаша түрде дәлелденген жауап береді.
Тарау 4. 4. Рұқсаттың әрекетін тоқтату және қайтарып алу
4. Рұқсаттың әрекетін тоқтату және қайтарып алу
Тармақ 14
14. Спиртті сату рұқсатының күші мынадай жағдайда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) рұқсаттың берілген мерзімі біткенде;
Тармақша 2
2) пайдалануға рұқсат етілген спирттің толық көлемі сатылғанда;
Тармақша 3
3) рұқсат қайтарылып алынғанда;
Тармақша 4
4) этил спиртін алуға рұқсаты бар жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін тоқтатқанда, заңды тұлға жойылғанда немесе қайта ұйымдастрылғанда.
Тармақ 15
15. Рұқсат мынадай жағдайда қайтарылып алынуы мүмкін:
Тармақша 1
1) сатылатын спиртті мақсатсыз пайдаланғанда;
Тармақша 2
2) спиртті алушының, спиртті сатуға болатын қызметпен айналысуға рұқсаты бар адамға сот тиым салғанда;
Тармақша 3
3) спирт тұтынушы осы Ереже талаптарын орындамағанда.
Тармақ 16
16. Рұқсатты қайтарып алу туралы шешімді комитет комиссиясы не оның аумақтық органдары шығарады, этил спиртін пайдаланушы, рұқсатта көрсетілген өндіруші жөнінде уәкілетті органдарға жазбаша хабарланады.
Тармақ 17
17. Заңды тұлға қайта құрылғанда (қосылғанда, біріккенде, бөлінгенде, жеке шыққанда, өзгергенде) атауы өзгергенде не (немесе) өтінішкердің орны ауысқанда бұрын берілген рұқсат өзінің күшін жояды. Қайта құрылған немесе қайта тіркелген тұлға рұқсатты жалпы негізде алады.
Тарау 5. 5. Спиртті мақсатты тұтынуға бақылау жасау
5. Спиртті мақсатты тұтынуға бақылау жасау
Тармақ 18
18. Комитет рұқсатын алған этил спиртін тұтынушылар, спиртті мақсатты түрде пайдаланғаны туралы есеп беруге міндетті.
Тармақ 19
19. Этил спиртін пайдаланған көлемі туралы есеп Комитеттің аумақтық басқармаларына рұқсат етілген этил спиртінің көлемі пайдаланылғаннан кейін жіберіледі немесе он күн ішінде берілген рұқсаттың мерзімі өткеннен кейін.
Тармақ 20
20. Ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік өтінішкерге жүктеледі.
Тармақ 21
21. Комитеттің аумақтық басқармасы белгіленген уақытта комитеттің орталық аппаратына берілген, қайтарылып алынған рұқсаттар және этил спиртін мақсатты пайдаланушылар жөнінде есеп береді.
Тармақ 22
22. Тиісті құжатсыз этил спиртінің сатылғаны немесе осы ереженің талаптарын бұзғаны үшін белгіленген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі Комитеті
Этил спиртін акциз
төлеу арқылы сату
Ереженің 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі Комитеті
____________________________________________________________________
(өтініш беруші заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)
____________________________________________________________________
Өтініш
Спиртті босатуға рұқсат беруіңізді өтінемін______________________
____________________________________________________________________
(спирт босататын өндірушінің атауы)
Мына________________________________________________________________
(спиртті босатудың мақсаты)
Саны________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәлімет:
1. Тіркелгені туралы куәлігі________________________________________
(заңды тұлғаның, жеке кәсіпкер
____________________________________________________________________
ретіндегі жеке тұлғаның N, қашан және кім бергені)
2. Мекен-жайы_____________________________________________________
(заңды тұлғаның мекен-жай, жеке тұлғаның тұратын
____________________________________________________________________
жері, индексі, қала, аудан, облыс, көшесі, үйі, телефоны, факс)
____________________________________________________________________
3. Ұсынылған құжаттар_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жетекші(жеке кәсіпкер) ______________қолы
М.О. _________аты-жөні
Өтініш қарауға алынды_______________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы, лицензияланған органның жауапты қызметкерінің аты-жөні)
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі Комитеті Рұқсат беру
Этил спиртін акциз
төлеу арқылы сату
Ереженің 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі Комитеті Рұқсат беру
____________________________________________________________________
(спирт өндірушінің атауы)
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Акциз төлеу арқылы спирттің сатылу мөлшері________________________
____________________________________________________________________
(мөлшері - сусыз спирттің литрі)
кімге_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның аты-жөні)
негізінде жүзеге асырушы__________________________________________
(заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлігі,
____________________________________________________________________
жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлғаның тіркелгені туралы куәлігі, N,
____________________________________________________________________
қашан және кім бергені)
Спирт_______________________________________________________________
(қандай мақсатта)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________пайдаланылады
Рұқсаттың мерзімі_________________________________________________
(белгіленген күнге дейін немесе белгілі көлемін
____________________________________________________________________
пайдаланғанға дейін)
_______________ _______________
(қызметі) (қолы) М.О.