Об изменении границ Бадамского и Буржарского сельских округов Ордабасинского района Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Бадам және Бөржар ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бөржар ауылдық округінен жалпы көлемі 200 гектар жер бөлігінің қосылуымен Бадам және Бөржар ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.