Об утверждении Положения о Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құ
зыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
16 қарашадағы N 1731
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ауыл шаруашылығы аясында, сондай-ақ мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз саласында басшылықты, сол сияқты заңдарда көзделген шектерде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу,астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды салааралық үйлестіруді іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584
қаулысымен.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.22. N 1222
қаулысымен.
Тармақ 2
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын білдіруге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады.
Тармақ 5
5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен
аудандарда мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы
аумақтық органдары болады.
Министрліктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
Тармақ 7
7. Министрліктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
тұрғысында мемлекет болып табылады.
Министрлікті құру туралы акті пен осы Ереже Министрліктің құрылтай
құжаттары болып табылады.
Тармақ 8
8. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен
ғана жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Егер Министрлікке заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік
бюджеттің кірісіне аударылады.
Тарау 2. 2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері
және құқықтары
2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері
және құқықтары
Тармақ 9
9. Министрлік заңдарда белгілеген тәртіппен мынадай функцияларды
жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттiң аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларын, басымдықты және өзге де мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге, iске асыруға және үйлестiруге қатысады;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және алғашқы өңдеуде тұрақтандыру мен арттыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі шаралардың кешенін және астық рыногын реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы секторы үшін қаржы-несие және салық саясатын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басымдықты бағыттарын әзірлеуге қатысады, инвестицияларды ауыл шаруашылығына, мал дәрігерлігі, фитосанитария, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу салаларына тартуға және пайдалануға жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы ғылымы, аймақтық даму, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу және астық қолхаттарының айналымы мәселелері жөнінде заң, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ астық сапасы мемлекеттік стандарттарының жобаларын әзірлейді;
Тармақша 6
6) эпизоотияға қарсы іс шараларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау республиканың аумағын жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шараларды, жануар және өсімдік тегінен шыққан азық-түлікке, шикізатқа мал дәрігерлік-санитарлық және фитосанитарлық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 6-1
6-1) облыстарды, Астана және Алматы қалаларын әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын өз құзыреті шегiнде келiседi;
Тармақша 6-2
6-2) елдi мекендердiң, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалығын анықтау үшiн негiзгi өлшемдердi әзiрлейдi;
Тармақша 6-3
6-3) бюджет қаражаты, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инвестициялық жобаларға қорытындылар бередi;
Тармақша 6-4
6-4) ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттiк саясатты өз құзыретiнiң шегiнде iске асырады;
Тармақша 6-5
6-5) аймақтық саясатты iске асыруда мемлекеттiк органдарға көмек көрсетедi;
Тармақша 6-6
6-6) мемлекеттiң аймақтық саясатын iске асыру бойынша және Министрлiктiң өз құзыретiн iске асыруы жөнiндегi өзге де шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 6-7
6-7) елдiң басқа аймақтарынан және елдi мекендерiнен экономикалық перспективалы аймақтар мен елдi мекендерге қоныс аударуы ынталандыруға жататын адамдар санын келiседi;
Тармақша 7
7) мелиорация, суландыру және кәріз саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттiң аймақтық саясатын іске асыруға қатысады;
Тармақша 7-1
7-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) астық, мал дәрігерлігі, фитосанитария және мал тұқымын асылдандыру ісі туралы заңдардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк
машиналардың есебі мен техникалық жағдайын тексеруді жүргізеді, сондай-ақ
оларды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 9-1
9-1) доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған
өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, доңғалақты тракторлар құрамында
жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттiк тiркеудi және олардың техникалық
жай-күйiн тексерудi жүргiзедi, сондай-ақ оларды жүргiзу тәртiбiн
белгiлейдi;
Тармақша 10
10) астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік азық-түліктік астық
резервін қоса алғанда, мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-1
10-1) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды
жүзеге асырады;
Тармақша 10-2
10-2) астық рыногының мониторингін жүргізеді;
Тармақша 10-3
10-3) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция
мен тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру және өсімдіктерді қорғау
технологиясын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды, ауыл
шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi әзірлейді әрі іске асыруға
қатысады;
Тармақша 10-4
10-4)
Тармақша 10-5
10-5)
Тармақша 10-6
10-6) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау
кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастама жасайды, оны жүзеге
асыруға қатысады және тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 10-7
10-7) астық қолхаттарының нысанын, оларды беру, олардың айналымы
және оларды жою ережесін бекітеді;
Тармақша 10-8
10-8) тұқымдарды сараптау (сертификаттау) және олардың сорттық және
себу сапаларын куәландыратын тиісті құжаттар беру тәртібін белгілейді;
Тармақша 10-9
10-9) тұқымдарға сорттық үстеме ақылардың нормаларын белгілейді;
Тармақша 11
11) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тауарлар мен қызмет
көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделейді
және оны село тауар өндірушілерінің назарына жеткізеді;
Тармақша 13
13) өз құзыретінің шегінде агроөнеркәсіп кешені шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің бюджеттік несиелерді, үкіметтік және Үкімет кепілдік
берген сыртқы заемдарды игеру және қайтару жөніндегі қызметін бақылауды
және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) республикалық бюджеттік әзірлеуге және атқаруға қатысады;
Тармақша 15
15) республикалық меншіктегі ұйымдарда акциялардың мемлекеттік
пакеттері мен мемлекеттік үлестерге иелік ету және пайдалану құқығын
жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) заңдарға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 9-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394
қаулысымен.
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584
қаулысымен.
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.22. N 1222
қаулысымен.
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704
қаулысымен.
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.30. N 846
қаулысымен.
Тармақ 10
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өндірісінде, астық өндіруде, элиталық тұқым шаруашылығында, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу салаларында, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында өзiнiң құзыретi шегiнде мемлекеттік саясатты әзірлеу және, iске асыру және үйлестiру;
Тармақша 1-1
1-1) аймақтық саясатты iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) маркетингтік қызметтерді дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы өндірісі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу саласымен тікелей айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметіне, реформалауға және заңдарға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жетілдіру, жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мелиорация, суландыру және кәріз саласында, астық сапасына" деген сөздермен ауыстырылып, "және олардың мониторингін жүргізу мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және олардың мониторингін жүргізу;
Тармақша 8
8) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделеу және оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына жеткізу;
📌 Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584
қаулысымен.
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.22. N 1222
қаулысымен.
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704
қаулысымен.
Тармақ 11
11. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде атқару үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Министрлікке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген жағдайларда лицензиялауды және сертификаттар беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 4-1
4-1) мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын сақтаушы астық қабылдау
кәсіпорындарынан оны тиеп жөнелтуді келісуге;
Тармақша 4-2
4-2) астық қолхаттарының нысанын бекітуге;
Тармақша 4-3
4-3) элиталық тұқым өндіру және сатумен айналысатын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттауды өткізуге;
Тармақша 4-4
4-4) тұқым шаруашылығында сорттылық және тұқымдық бақылауды жүзеге
асыруға;
Тармақша 4-5
4-5) тұқымға сорт үстемесінің нормаларын белгілеуге;
Тармақша 5
5) өз құзыреті мен өкілеттіктерінің шегінде мемлекеттің меншігіндегі
мүлікті пайдалануға;
Тармақша 6
6) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйі мен пайдаланылуына
техникалық қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) мыналарға:
астық туралы, фитосанитарлық қадағалау, мал тұқымдарын асылдандыру
ісі, мал дәрігерлігі, өсімдіктерді қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық
актілердің сақталуына;
мал дәрігерлігі дәрі-дәрмектерін шығаруға;
мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға;
астықтың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 584
қаулысымен.
Тармақ 12
12. Министрліктің барлық деңгейдегі мемлекеттік инспекторларының
бақылау және қадағалау саласындағы өздерінің құзыретіне жататын мәселелер
бойынша шешімдері, талаптары және нұсқаулары барлық жеке және заңды
тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Тарау 3. 3. Министрліктің мүлкі
3. Министрліктің мүлкі
Тармақ 13
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен
қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны
Министрліктің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке
жатады.
Тармақ 15
15. Министрліктің бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері), оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
📌 Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 704
қаулысымен.
Тармақ 17
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Министр осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарларының және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен Министрліктің аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Министрліктің және оның аумақтық органдарының құрылымын, орталық
аппаратының штат кестесін, Министрліктің заңды тұлға болып табылмайтын
құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Министрліктің
атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 18-1
18-1. Бiрiншi вице-министр Министр болмаған кезде оны ауыстырады,
Министрлiк құрылымдық бөлiмшелерінiң қызметiн үйлестiредi, Министр оған
жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.28.
N 704 қаулысымен.
Тармақ 19
19. Министрліктің, оның жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып
табылатын Алқасы болады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының арасынан Министр бекітеді.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.