Жер салығының ставкаларын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" кодексінің 387 бабы 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жер салығының ставкалары Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 378, 379, 381, 383, баптарымен белгіленген жер салығының ставкаларынан 50 пайызға жерлердің келесі санаттары бойынша жоғарлатылсын:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
Тармақша 3
3) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
Тармақша 4
4) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 15 қаңтардағы "Жер салығының ставкаларын бекіту туралы" № 4/17 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1614 тіркелген, аудандық "Аққу үні" газетінде 2003 жылдың 12 ақпанда жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.