Об утверждении изменений и дополнений в Правила "О порядке перехода банков второго уровня к международным стандартам" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы" ережеге өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 10
Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және 1999-2001 жылдары банк жүйесiндегi бухгалтерлiк есепке халықаралық стандарттарды енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы N 89, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 135, 1997 жылғы 15 қазандағы N 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411, 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 339 қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстерi мен толықтыруларына ұсынылып отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 7 қазандағы
N 316 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген
"Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. 10-тармақтың бiрiншi азатжолындағы үшiншi және төртiншi сөйлем алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 10-1
"10-1. Банктер бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына кезең-кезеңмен жетудi қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде және қойған талаптарға сәйкес:
Тармақша 1
1) бухгалтерлiк есептi қазақстандық стандарттарға сәйкес жүргiзудi;
Тармақша 2
2) барлық жүргiзiлетiн операциялар бойынша қосымша есеп конвертациясын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде бухгалтерлiк есептiң есепшот жоспарына негiзделген бас бухгалтерлiк кiтаптың болуын;
Тармақша 4
4) бас бухгалтерлiк кiтап пен қосымша кiтаптардың толық пайдаланылуына кепiлдiк беретiн бухгалтерлiк есептi автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн, сондай-ақ ақпарат өңдеудiң орталықтандырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ұлттық Банк банктердiң бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшуi бойынша мерзiмдер мен талаптарды (критерийлердi) олар ұсынған Бухгалтерлiк есептiң халы қаралық стандарттарына жету жөнiндегі iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасында бекiту жолымен әрбiр банк үшiн жеке белгiлейдi.