О работе органов налоговой службы области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық салық қызметі органдарының жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен
Облыстық салық комитетінің бастығы К.К. Кенжеғалиевтің "Облыстық салық қызметі органдарының жұмысы туралы" баяндамасын тыңдап және талқылай келе облыстық мәслихат облыстық салық органдары салық төлеушілердің салық заңдылықтарын орындауын бакылау жөнінде белгілі бір жұмыстар атқарғаның атап көрсетеді.
Бұл мақсатта салық қызметкерлері бақылау мен тексерудің әртүрлі тәсілдері мен әдістерін пайдалануда. Үстіміздегі жылы кәсіпорындар мен мекемелерге, ұйымдарға 928 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бюджетке 527,6 млн.тенге қаржылық және айып санкцияларынан қосымша салық төлемі қосылдтып болды. Оның 300,0 млн.теңгесі қазірдік өзінде өндіріліп алынды. 425 кәсіпорын мен ұйымның лауазым иесі 4,1 млн.теңгеге әкімшіліқ айыпқа тартылса, бюджетке оның 1,9 млн. өндіріліп алынды.
1997 жылдың бірінші жартыжылдығында салықтың түсүі мен жиналуы 129,2 процентке орындалды. Жоспарланған 2109,7 млн.теңгенің орнына бюджетке 2725,2 млн.тенге түсті. Информацияның 4,0 процентке өсуі, облыс кәсіпорындарының өнім өндіруінің 9,8 процентке төмендеуі жағдайына қарамастан өткен жылдың осы кезегімен салыстырғанда жалпы түскен ақша 500,2 млн.теңгеге ұлғайды. Сонымен қатар облыстық мәслихат облыстың салық қызметкерлері органы жұмысында елеулі кемшіліктер де бар екенін атап көрсетеді. Салық органдарының салық заңдарының жүзеге асырылдын бақылаулары нашар жолға қойылған соның салдарынан әрбір табыс көзінен тиісті жоспар орындалмайды, облыстық коптеген аудандары бюджетке түсетін белгіменен төлемдерге де қол жеткізе алмады. Төленбеген төлемдердің 1997 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы жалпы көлемі 1695,8 млн.тенге құрады. Өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда алынбаған сылық 1335,3 млн.тенгеге ұлғайды.
Салық төлемдерінің бюджетке түспеуіне халық шаруашылығындағы салық төлемеу елеулі әсер етуде. Үстіміздегі жолдың алғашқы жарты жылдығында облыс бойынша дебиторлық қарыз 13,0 млрд.теңген кредиторлық қарыз 21,0 млрд.теңгеге жетті. Аудандардың және Орал қаланың әкімшіліктері, олардың экономиқалық және қаржылық қызметтері жергілікті жерлердегі кәсіпорындармен шаруашылық ұйымдарының жұмысына жеткілікті дәрежеде қөніл бөліп, талдау жасамайды, олардың қаржылық жағынан молайуына нақты шаралар алмайды. Зеінет қорі мен бюджетпен уақытында және толық есептесіп отыруды қадағаламайды. Облыста 391 зиянмен жұмыс істейтін кәсіпорын болса, олардың бюджетқе бере жағы 500 млн.теңгеден асты. Негізінен бұл кәсіпорындар облыстың өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындары.
Аудан әкімдері мен селолық округтер сондай-ақ Орал қаласының салық органдары жергілікті жерлерде селолық және аудандық әкімшіліктердің бюджетіне табыс көздерінің орындалуы бағытында нашар жұмыс істейді. Табыс салығының заңды тулғалардан алынуы Жәнібек ауданында 3,6 процент, Казталовкада - 5,0, Тасқалада 12,4, Шыңғырлауда 16,4 процент қүраы отыр.
Жеке тұлғалардан кіріс салығын жинау облыстық 5 ауданында ғана +(Бөрлі, Жаңақала, Казталовка, бұрынғы Приурал және Орда) орындалды. Қалған аудандардан бюджетке 40 млн теңгеден астам қаржы түскен жоқ.
Аудандардағы заңды келесе жеке тұлғалардан мүлікке салық жинау жұмысы тіпті де сын көтермейді, автокөлі, жер салықтарын жинау туралада тап осы жағдайды айтуға болады.
Салықтан тыс басқа түсімдерге де бақылау босаңсын кеткенін жасыруді болмайды. Бұл тұрғыда облыс бюджетіне 35 млн.теңге түспей қалды немесе ол барлық орындалуға тиіс меженің 77,7 процентті құрады. Тек өздерінің жоспарларын екі аудан ғана (Теректі, Орда) орындап шықты.
Басқа да салықтан тыс төлемдерді орындамау кәсіпорындар мен ұйымдардың арнайы есеп шотына заңсыз ақша түсіруге әсерти тигізіп отыр.
Басқа да осындай кемшіліктер облыстық салық органдары, қала, аудан әкімдерінің, қала аудан мәслихаттарының тағы басқа да құрылымдардың жұмыстарындағы елеум кемшіліктерді көрсетеді.
Салық қызметкерлері жүргізген жұмыстар олардың салық төлеушілерінің проблемалары мен қажеттіктері облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында нашар көрініс табады. Кадрларды таңдау мен дайындауда, оқытудағы, тәжірибе алмасудағы жұмыстар өз дәрежесінде емес.
Депутаттардың облыстық мәслихаты ШЕШІМ алды:
Тармақ 1
1. Облыстық салық органының қызметкерлері негізінен алғанда Қазақстан Республикасының салық заңдарын жүзеге асыру үшін шаралар алып жатқаны, мәслихаттар бекіткен жергілікті бюджеттің табыс бөлігін орындауды мумкіндігіне қарай қамтамасыз етіп, жұмыста кездесіп отырған кемшіліктерді жою үстінде екені атап корсетілсін.
Облыстық салық комитетінің назары (К.К.Кенжеғалиев) әрбір табыс көзі бойынша жоспардың орындалмайтындығына, уақытында төленбеген салықтың осіміне, шығындағы кәсіпорын, ұйымдармен жұмыс жүргізуге, зейнет қорын қаржы мен қамтамасыз етудегі кемшіліктерге аударсын.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитетіне, Орал қаласы мен аудандар әкімдеріне 1997 жылдың бірінші жарты жылдығындагы бюджетке түсежақ салықтардың орындалу қорытындысын қарау, 9 айдың қорытындысы бойынша, жалпы алғанда 1997 жылға жіберілген кемшіліктер мен орын алған ол қылықтарды түзетуге тиісті шаралар алуы, әрбір шығыммен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмысын бақылауға олардын қаржылық жағдайларын жақсартуға ықпал ету, зейнет қорына бережақтарынан құтылып, уақытында салық төлеп тұруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық салық комитетіне жүктелсін:
- Салықтың түрлері мен төлемдердің әрқайсысының уақытыңда түсіп орындалуын тексеру уақытында төленбеген салықтардың өсу себептерін анықтау, жергілікті бюджеттең табыс бөлігін орындау жөнінде нақты шаралар алу, сондай-ақ, жалпы алганда табыс көздерінің әрбірінен салықтың түсуін қамтамыз етіп, уақытында төленбеген салықтарды ең төменгі деңгейге дейін қысқарту;
- зейнет қорына жалпы облыс бойынша соның ішінде аудандық, қалалық бөлімдерден қаржы жинауды қамтамасыз ету жөнінде кең көлемде шаралар алынсын.
Тармақ 4
4. Облыстық экономика және сауда басқармасы (Е.М.Жұмағалиев), монополияға қарсы комитет (В.А.Кондратенко), облыстық қаржы басқармасы (А.С.Жобалбаев), облыстық салық комитеті (К.К.Кенжегалиев), ұлтық банкінің облыстық басқармасы (Б.І.Ізбасаров), облыстық статистика және талдау басқармасы үстіміздей жылдық 1 қыркүйегіне дейнгі мерзімде шығынмен жұмыс істейттін кәсіпорындардың жұмыс қортындыларын қарап, олардың қаржылық жағынан сауығуына, қарыздарынан құтылып, зейнет қорына және бюджетке тиісті төлемдерін уақытында түсіруге ықпал ететін нақты бағдарлама жасап оны жұмысқа еңгізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары, қалалық, аудандық мәслихаттар салық қызметі жұмысындағы проблемаларға тереңрек үңіліп өздерінің отырыстары мен сессияларында салық жинау мәселелерін жүйелі түрде қарап, қоғамдық, пікірді зерттей, салық төлеуден жалтарған, уақытыңда төлемейтін фактілерді жауапқа тартуәі, бюджетке түскен салықты мақсатты пайдалана отырып қатаң бақылау орнатсын.
Облыстық "Орал онірі", "Приуралье" газеттері, телерадиокемені, қалалық, аудандардың копшілік ақпарат құралдары салық қызметі органдарының жұмысын кенірек насихаттан, олардың ісіндегі оң нәтижелері мен тәжірибелерді таратып отыруға, сын материалдар мен басқа да кемшіліктерді салық, төлеушілердің, оқырмандар мен тыңдармандардың назарына коптен ұсынытын болсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, қаржы және нарық қатыныстарын дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.