О разгосударствлении отрасли водопроводно-канализационного хозяйства области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың су құбыры-канализация шаруашылығы саласын мемлекет меншігінен алу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет (Құрмашев Қ.Қ.) "Облсуканал" өндірістік кәсіпорнымен (Бекбосынов А.Н.) бірлесе отырып, коммуналдық меншік болып табылатын су құбыры-канализация шаруашылығы саласын мемлекет меншігінен алуға кіріссін.
Тармақ 2
2. Су құбыры-канализация шаруашылығы саласын жекешелендіру жалгерлердің іс жүзіндегі заңға сәйкес негізгі қорларды сатып алуына қарай, кезең-кезеңімен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетке "Облсуканал" өндірістік кәсіпорны ұйғарған "жалдаушылар" ұсынылсын және тендер жеңімпаздарына негізгі қорларды жалға берудің сәйкес заң құжаттары, кейін сатып алу құқымен рәсімделсін.
Тармақ 4
4. Негізгі қорлардың толық жекешелендірілуіне дейін "Облсуканал" (Бекбосынов А.Н.) баланс ұстаушының және саланы дамыту мәселелерінде кәсіпорындар қызметіне басшылық ету міндеттерін атқарсын.
Тармақ 5
5. Селолық округтер әкімдері бір ай мерзімде коммуналдық шаруашылықтың су құбыры-канализация жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі кооперативтер құру туралы ұсыныс енгізсін, онда қолда бар жүйелерді кейін оларды жаңа құрылған кооперативтер жалға алатын етіп "Облсуканал" өндірістік кәсіпорнының балансына беру көзделсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуы туралы хабарлама тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына тапсырылып тұрсын.
Тармақ 7
7. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.