Об организационных вопросах открытого акционерного общества «Костанайская распределительная электросетевая компания» (ОАО «КРЭК») Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қостанай электржелілерін тарату компаниясы" ашық акционерлік қоғамының ("КРЭК" ААҚ) ұйымдастыру мәселелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.12.2004 № 55 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі "Кейбір аймақтық электржелілер компанияларының мәселелері" атты 1502 Қаулысына сәйкес және "КРЭК" ААҚ қызметіне қажетті бақылау орнату мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне (М.Е.Толыбаев) мыналар тапсырылсын: - "КРЭК" ААҚ акцияларын Қостанай облысы әкімінің жеке шотына аудару; - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "КРЭК" ААҚ басқарушы және атқарушы органдарын қайтадан сайлау жөніндегі Үкімет Қаулысында көрсетіле қарастырылған шараларды өткізу; - "КРЭК" ААҚ істеріне алыс-беріс жасауды комиссия құрамына Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментінің өкімін кіргізе отырып жүзеге асыру; - "КРЭК" ААҚ 1998-1999 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу.
Тармақ 2
2. "Қостанай ЭТК" ААҚ істеріне алыс-беріс жасау актісін 1999 жылдың 30 қазанына дейін қарауға ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.