Об упорядочении государственных контрольных и надзорных функций Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік бақылау және кадағалау жасауды тәртіпке келтіру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. "Мемлекеттік бақылау және қадағалау жасауды тәртіпке келтіру туралы" Казақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1225 "Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және бакылаудың жекелеген мәселелері" қаулысын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар, аудандар, селолық округтер, селолар мен поселкелер әкімдері, облыстық комитеттер, департаменттер және басқармалар басшылары 1999 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде мыналарды жүзеге асырсын: - мемлекеттік бақылау және қадағалау жасауды тек қана мемлекеттік органдар жүзеге асыратынын белгілеуді; - мемлекеттік орган мәртебесі жоқ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау жасау функцияларын беруге тыйым салуды; - жеке және мемлекеттік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын тұлғаларға мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлік қызметке бақылау жасау функцияларын беруді қарастыратын нормативтік-құқықтық актілерінің күшін жоюды; - бұрындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерін қолданылып жүрген зандарға сәйкестендіруді; - мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныштағы заңды тұлғалардың осы занды тұлғалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына құрылтайшылық құқын беруді қарастыратын ережелерін жоққа шығаруды қайта қарастыру жағын қамтамасыз етуді.
Тармақ 2
2. Мыналар еске алынсын: - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министірлігіне жеке және мемлекеттік кәсіпкерлікті жүзеге асырушы тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау жасаудың заңға кайшы келетін функцияларын орындалуына байланысты алған қаржыларын мемлекеттік бюджетке алып қою жөніндегі шараларды қабылдау тапсырылғаны; - Қазақстан Республикасының Әділет министірлігіне Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті корғау жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, 1999 жылдың 15 қарашасына дейін Казакстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына ведомстволық бағыныштағы барлық ұйымдардың құрылтайшы құжаттарының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу тапсырылғаны; тексеру нәтижелері бойынша заңда қарастырылған шаралар қабылдайтыны және атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне мәлімдейтіні; Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарын қатыстыра отырып занда белгіленген тәртіппен Казақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарына жеке және мемлекеттік кәсіпкерлікті жүзеге асырып жүрген тұлғаларға мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын беруге тыйым салуды қарастыратын заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінен ұсыныстар түсіретіні.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ә. Дәрменбаевқа жүктелсін.