О товарных биржах Қолданыста
Басқа 0
Тауар биржалары туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 1-1
1-1) биржадағы сауда-саттық – тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржа саудасы қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
Тармақша 1-2
1-2) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) биржалық дилер (бұдан әрi – дилер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 2-1
2-1) биржалық қамтылым – биржа саудасына қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тауар биржасының клирингтік орталығына биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтылым;
Тармақша 3
3)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
Тармақша 5
5)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) биржалық тауар – биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;
Тармақша 8
8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;
Тармақша 8-1
8-1) биржа саудасы – тауар биржасында электрондық нысанда биржадағы сауда-саттықты өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды өткізу (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
Тармақша 8-2
8-2) биржа саудасына қатысушылар – тауар биржасында биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
Тармақша 9
9) бұйрық – клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;
Тармақша 9-1
9-1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа мүшелерінің жарналары есебінен тауар биржасының клирингтік орталығы қалыптастыратын ақша қоры;
Тармақша 9-2
Тармақша 10
10) клиент – осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 11-1
11-1) кросс-мәміле – брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
Тармақша 11-2
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
Тармақша 11-3
11-3) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;
Тармақша 12
12) мерзімді келісімшарт – орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;
Тармақша 12-1
12-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14
14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;
Тармақша 14-1
14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым – тауар биржаларының, брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 14-2
14-2) резервтік қор – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
Тармақша 14-3
14-3) сауда лоты – биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;
Тармақша 15
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 16
16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;
Тармақша 16-1
16-1)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 16-2
16-2)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 16-3
16-3)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 17
17) тауар биржасының мүшелері – осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер,
сондай-ақ дилерлер және маркет-мейкерлер;
Тармақша 18
Тармақша 19
19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасында биржа саудасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;
Тармақша 19-1
19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – биржадағы сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;
Тармақша 20
20) фьючерстiк мәмiле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;
Тармақша 21
21) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары
2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) биржа саудасына қатысушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестік;
Тармақша 3
3) тауар биржасында жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) биржа саудасын жүзеге асыру заңдылығы;
Тармақша 2
2) биржа саудасына қатысушылардың тең мүмкіндіктерін және жауапкершілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі.
Тарау 2. 2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауар биржаларының қызметі саласында:
Тармақша 1
1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындайды және оларға қойылатын өлшемшарттарды белгілейді;
Тармақша 3
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 4. 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының, брокерлердің, дилерлердің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 2-1
2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржа саудасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2-2
2-2) биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2-3
2-3) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3-1
3-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3-2
3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3-3
Тармақша 3-4
3-4)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3-5
3-5) тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді
және бекітеді;
Тармақша 3-6
3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3-7
3-7) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4-1
Тармақша 5
Тармақша 5-1
5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;
Тармақша 6
6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;
Тармақша 6-1
Тармақша 7
7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 7-1
7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен.
Тармақша 9
9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 10
Тармақша 10-1
Тармақша 10-2
10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 10-3
10-3)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-4
10-4)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-5
10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 10-6
10-6) тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржадағы сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілейді;
Тармақша 11
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 4-1. 4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер
4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер
Бап 4-2. 4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
Бап 4-3. 4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті
4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті
Монополияға қарсы орган:
Тармақша 1
1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді;
Тармақша 4
4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді;
Тармақша 5
5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 5. 5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Тармақ 1
1. Тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының және брокерлердің қызметін лицензиялау осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Монополияға қарсы орган тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған және (немесе) монополияға қарсы органның нұсқамасында көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған;
Тармақша 2
2) тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 3
3) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиялық қызметті қатарынан күнтізбелік алты ай бойы жүзеге асырмаған;
Тармақша 4
4) осы Заңда тыйым салынған қызмет жүзеге асырылған;
Тармақша 5
5) тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының қызметін тексеруге байланысты монополияға қарсы орган өз құзыреті шегінде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартылған;
Тармақша 6
6) лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісі анықталған;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Лицензияның қолданысы тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы міндетті түрде хабардар етіле отырып, тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жүзеге асырылуына тыйым салуға алып келеді.
Тармақ 3
3. Лицензия тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданысын қайта бастауды монополияға қарсы орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының лицензиясынан айыру (кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;
Тармақша 2
2) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясы қолданысының бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұруы;
Тармақша 3
3) тауар биржасына, брокерге, тауар биржасының клирингтік орталығына қатысты қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
Лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпарат монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жарияланады.
Тарау 3. 3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Бап 6. 6-бап. Тауар биржасы
6-бап. Тауар биржасы
Тармақ 1
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен биржадағы сауда-саттықты Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурс негізінде айқындаған тауар биржалары жүзеге асырады.
Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Тауар биржасының атауында "тауар биржасы" деген сөздер болуға тиіс.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Тауар биржасы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері кемінде екі миллиард теңгені құрайды.
Бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшалай енгізіледі.
Бап 6-1. 6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;
Тармақша 2
2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;
Тармақша 3
3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.
Бап 7. 7-бап. Тауар биржасының жарғысы
7-бап. Тауар биржасының жарғысы
Тармақ 1
1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.
Бап 8. 8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
Тармақ 1
1. Биржалық мәмілелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.
Тармақ 2
2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.
Бап 9. 9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы
9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы
Мамандануы бойынша тауар биржалары:
Тармақша 1
1)
биржадағы сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;
Тармақша 2
2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.
Бап 10. 10-бап. Биржа саудасы қағидалары
10-бап. Биржа саудасы қағидалары
Тармақ 1
1.
Биржа саудасы қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржа саудасына қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Биржа саудасы қағидалары мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;
Тармақша 4
4)
биржадағы сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;
Тармақша 5
5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;
Тармақша 6
6) биржадағы сауда-саттықты өткізу тәртібі;
Тармақша 7
7) биржадағы сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;
Тармақша 8
8) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша биржадағы сауда-саттықты өткізу шарттары (биржа саудасына қатысушыларға қойылатын талаптар, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары және ең төмен мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін тауардың көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);
Тармақша 9
Тармақша 10
10) биржалық қамтылым мөлшерін айқындау тәртібі;
Тармақша 11
11)
биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 12
12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;
Тармақша 13
13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;
Тармақша 14
14) тауар биржасындағы биржадағы сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;
Тармақша 15
15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;
Тармақша 16
16)
биржа саудасы бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;
Тармақша 17
17) биржалық және биржадан тыс мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;
Тармақша 18
18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;
Тармақша 19
19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;
Тармақша 20
Тармақша 21
21) өткізілетін
биржадағы сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;
Тармақша 22
22)
биржа саудасына қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;
Тармақ 3
3. Тауар биржасы
биржа саудасы қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.
Бап 11. 11-бап. Тауар биржасының мүшелері
11-бап. Тауар биржасының мүшелері
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3.
Тауар биржасының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар осындай тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
Бап 12. 12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері
12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының жұмыскерлері болып табылады. Тауар биржасы жұмыскерінің бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен, өзге тауар биржаларымен және өзге тауар биржаларының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруына тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
Тарау 4. 4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Бап 13. 13-бап. Тауар биржасының қызметі
13-бап. Тауар биржасының қызметі
Тармақ 1
1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Тармақ 2
2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
Тармақша 2
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спорт-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;
Тармақша 2-1
2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;
Тармақша 2-2
2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;
Тармақша 2-3
2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;
Тармақша 2-4
2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің
биржа саудасы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
Тармақша 2-5
2-5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;
Тармақша 3
3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
Тармақша 4
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
Тармақша 5
Тармақша 6
6)
биржадағы сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржа саудасына қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
Тармақша 7
7)
биржа саудасымен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
Тармақша 8
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 9
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;
Тармақша 10
10)
биржа саудасына қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;
Тармақша 11
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;
Тармақша 12
12) халықаралық биржадағы сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік, маркет-мейкерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
Тармақ 5
5. Тауар биржалары және
биржа саудасына қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.
Бап 13-1. 13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
Бап 13-2. 13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тауар биржасының:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2)
биржадағы сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Тауар биржасы:
Тармақша 1
1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;
Тармақша 1-1
1-1)
биржа саудасы қағидаларын сақтауға;
Тармақша 2
2) өз интернет-ресурсын иеленуге;
Тармақша 2-1
2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.
Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген,
сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;
Тармақша 3
3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
Тармақша 3-1
3-1) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді, сондай-ақ биржадағы сауда-саттық нәтижелерін лицензияның барлық қолданылу кезеңі барысында өзінің интернет-ресурсында сақтауға;
Тармақша 4
4)
биржадағы сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Тармақша 5
Бап 13-3. 13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы
жүзеге асыратын тауар биржасы
13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы
жүзеге асыратын тауар биржасы
Бап 14. 14-бап. Тауар биржасының кірістері
14-бап. Тауар биржасының кірістері
Тармақ 1
1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.
Тармақ 2
2. Тауар биржасы мыналарды:
Тармақша 1
1) тауар
биржасының мүшелері жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;
Тармақша 2
2)
биржа саудасы қағидаларына сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің
мөлшерін белгілеуге құқығы бар.
Тармақша 2-1
2-1)
алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3
3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4.
Биржа саудасына қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және
биржа саудасына қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
Бап 15. 15-бап. Биржалық мәміле
15-бап. Биржалық мәміле
Тармақ 1
1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және
биржа саудасы қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржа саудасына қатысушыларымен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.
Тармақ 2
2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.
Тармақ 3
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.
Тармақ 4
4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.
Тармақ 5
5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) биржа саудасына жіберілген биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;
Тармақша 2
2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;
Тармақша 3
3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тауар биржаларының биржалық тауарлар және әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбелеріне енгізілмеген тауарлармен биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыруына тыйым салынады.
Тармақ 6
6.
биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аяларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
Тармақ 8
8. Тауар биржасында жасалған мәмілелер туралы мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.
Бап 15-1. 15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргізу режимі
15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргізу режимі
Тармақ 1
1. Биржадағы сауда-саттық қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізіледі.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Биржадағы сауда-саттық:
Тармақша 1
1)
биржа саудасына қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
Тармақша 2
2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
Тармақша 3
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
Тармақша 4
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 5
5.
Алып тасталды - ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 6
6.
Алып тасталды - ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 7
7.
Алып тасталды - ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
Тауар биржасында:
Тармақша 1
1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спорт-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;
Тармақша 2
2) фьючерстік мәмілелер;
Тармақша 3
3) опциондық мәмілелер;
Тармақша 4
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.
Бап 16-1. 16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы резервтік қор құрады, ал тауар биржасының клирингтік орталығы кепілдік беру қорын құрады.
Тауар биржасы резервтік қорының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшерін құрайды.
Кепілдік беру қорына жарнаның ең төмен мөлшерін тауар биржасының клирингтік орталығы тауар биржасының тиісті мүшесі қол жеткізе алатын сауда секцияларына қарай тауар биржасымен келісу бойынша белгілейді.
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржалары осындай тауарлармен сауданы бастаған күннен бастап бір жыл ішінде резервтік қор мөлшерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап 17. 17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
Тармақ 1
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан, клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлға тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады.
Клирингтік орталықтар бір немесе бірнеше тауар биржасына, электрондық сауда алаңдарына, сондай-ақ биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқылы.
Тауар биржасына бірнеше клирингтік орталықтың клирингтік қызмет көрсетуіне тыйым салынады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Тауар биржасы клирингтік орталығының өз қызметін жүзеге асыру үшін биржа саудасына қатысушылар енгізген биржалық қамтылым сомасына қарай олардың биржадағы сауда-саттыққа жіберілуін автоматтандырылған бақылауды қоса алғанда, клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешенінің болуы міндетті.
Тармақ 6
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
Тармақша 3
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
Тармақша 4
4)
биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
Тармақша 5
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
Тармақ 7
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 7-1
7-1. Алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 7-2
7-2. Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету үшін тауар биржасының клирингтік орталығы биржадағы сауда-саттыққа әрбір қатысушыға биржалық қамтылымды және биржалық мәміле бойынша тауарға ақы төлеу үшін енгізілген ақшаны есепке алу жөніндегі бөлек тіркелімдері бар сауда шоттарын ашады.
Биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы тауар биржасы клирингтік орталығының жеке банктік шотында сақталуға тиіс.
Тауар биржасының клирингтік орталығы брокердің және оның клиенттерінің ақшасын бөлек есепке алуды жүргізеді.
Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша бұғатталған биржалық қамтылымды есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 8
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
Бап 18. 18-бап. Биржалық баға
18-бап. Биржалық баға
Тармақ 1
1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
Тармақ 2
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
Бап 18-1. 18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі
18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі
Тармақ 1
1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі:
Тармақша 1
1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар;
Тармақша 2
2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар;
Тармақша 3
3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тізілімде болу мерзімі монополияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт айды құрайды.
Қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы шешімге ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Тармақ 4
4. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген сатушылар немесе сатып алушылар биржадағы сауда-саттыққа қатысуға жіберілмейді.
Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.
Тарау 5. 5-тарау. БРОКЕРЛЕРДІҢ, ДИЛЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МАРКЕТ-МЕЙКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ
5-тарау. БРОКЕРЛЕРДІҢ, ДИЛЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МАРКЕТ-МЕЙКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ
Бап 19. 19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі
19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Тауар биржасындағы
брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі биржадағы сауда-саттыққа дилер ретінде қатысады.
Тармақ 1-1
1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1)
дилердің, маркет-мейкердің қызметі тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;
Тармақша 2
2)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасында брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметін жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;
Тармақша 2-1
2-1) брокердің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғанда, оны лицензиясынан айырғанда (кері қайтарып алғанда) тауар биржасында аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Тармақша 3
3)
алып тасталды - ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1-2
1-2. Тауар биржасы мүшелерінің өтінімдер ұсыну және мәмілелер жасасу үшін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жүгіну жылдамдығы секундына екі және одан да көп жолданымды құрайтын, деректерді автоматты түрде жеделдетіп өңдеу мен беру технологияларын және сыртқы бағдарламалық-техникалық жүйелерді пайдалануына тыйым салынады.
Осындай технологиялар пайдаланылып жасалған мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Өтінімдерді жинаудың, енгізуге дайындаудың және оларды тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жіберудің, сондай-ақ сауда жүйесі пайдаланылып жасалатын барлық әрекетті тауар биржасының мүшелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ететін режимде жұмыс істейтін осындай жүйеден ақпаратты алу мен өңдеудің автоматтандырылған бағдарламалық-техникалық құралдары тауар биржасының шешімімен міндетті түрде сертификатталады.
Сауда-саттыққа қатысушылар тауар биржасы сертификаттамаған осындай бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланып жасасқан мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Тауар биржасы күшін жойған мәмілелер бойынша биржалық тауарлар осы Заңның талаптары сақтала отырып, келесі және (немесе) қосымша сауда сессиясы шеңберінде сауда-саттыққа қайта шығарылады.
Тармақ 2
2.
Брокер, дилер және маркет-мейкер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Мінсіз іскерлік беделі жоқ адам брокер және дилер бола алмайды.
Тармақ 3
3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.
Тармақ 4
4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.
Тармақ 5
5. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Маркет-мейкер биржадағы сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржалық сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.
Маркет-мейкердің биржадағы сауда-саттықта дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.
Маркет-мейкердің қызметі базалық активі биржалық тауарлар болып табылатын мерзімді келісімшарттармен биржадағы сауда-саттықта ғана жүзеге асырылады.
Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржа саудасы қағидаларында белгіленеді.
Бап 19-1. 19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі
реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі
реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
Тармақ 1
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.
Тармақ 4
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.
Тармақ 6
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.
Тармақ 7
7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) брокердің, дилердің және маркет-мейкердің өтініші бойынша;
Тармақша 2
2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды,
биржа саудасы қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде
биржа саудасына қатыса алмайды.
Тармақ 8
8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.
Бап 20. 20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы
Тармақ 1
1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды – клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
Бап 21. 21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді,
биржа саудасын бұзушыларға шаралар қолданады.
Тармақ 2
2. Тауар биржасы брокерлер мен дилерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі үлгі стандарттар әзірлейді және бекітеді.
Брокерлер мен дилерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды бекітеді және тиісті шаралар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Клиенттермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) клиенттермен үлестес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде брокерге:
Тармақша 1
1) биржалық мәміле жасау кезінде клиенттердің нарықтық мінез-құлқын өзгерту мақсатында оларға тікелей немесе жанама қысым көрсетуге;
Тармақша 2
2)
биржадағы сауда-саттықта баға өтінімдерін әдейі жоғарылату (кеміту) мақсатында орындалуы көзделмейтін шарттар жасасуға (өтінімдерді беруге, кері қайтарып алуға);
Тармақша 3
3) өткізілетін биржалық тауарларға баға белгілеуге әсер ететін бағаларды белгілеу не ұстап тұру мәселелері бойынша екі және одан да көп клиент арасында келісімдер жасасуға (келіссөздер жүргізуге);
Тармақша 4
4) қандай да бір таңдалған клиенттің басқа клиентке мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын артықшылығын беруге;
Тармақша 5
5)
биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін басқа брокерлермен және (немесе) дилерлермен
биржадағы сауда-саттықтың бәсекелестігін азайтуға бағытталған үлестес болуды пайдалануға тыйым салынады.
Бап 21-1. 21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі
21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі
Бап 22. 22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржалық саудаға қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.
Тармақ 2
2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.
Бап 23. 23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
Тармақ 1
1. Коммерциялық құпия:
Тармақша 1
1) тіркелген биржалық саудаға қатысушылар туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 2
2. Маркет-мейкерлер, брокерлер, дилерлер және тауар биржасының жұмыскерлері табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына алып келуі мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол бермеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.
Бап 24. 24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
Тармақ 1
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Тармақ 2
2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржалық саудаға қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:
Тармақша 1
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
Тармақша 1-1
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
Тармақша 2
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;
Тармақша 3
3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;
Тармақша 4
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына;
Тармақша 6
6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға
қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және
тәртіппен;
Тармақша 7
7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
Бап 25. 25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары
туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары
туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау не Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 26. 26-бап. Тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі
26-бап. Тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі
Бап 27. 27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай
профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай
профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
Тармақ 5
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырыс хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 7
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 28. 28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап
кемінде күнтізбелік он бес күнде және күнтізбелік
отыз күннен кешіктірмей орындайды.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 29. 29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 30. 30-бап. Өтпелі ережелер
30-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.
Бап 31. 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 143-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.