О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О государственных закупках" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап . "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-баптың 20-2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды; Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
Тармақша 2
2) 41-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы "қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады." деген сөздер "қызметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: "9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.";
Тармақша 3
3) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".
Бап 2
2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.