Об утверждении "Временного положения по оказанию адресной социальной помощи" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Уақытша ережені" бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен. Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 шiлдедегi № 1036 "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң Уақытша тәртiбiн бекiту туралы" қаулысына және атаулы әлеуметтiк жәрдем көрсету тәртiбiн реттейтiн басқада нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Уақытша ереже" бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң бастығы (А. Ахметов) атаулы әлеуметтiк жәрдем көрсету жөнiнде қажеттi ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзсiн. Облыстық салық комитетiнiң (Крипулевич В.А.), қаржы (Дүйсенбиев Қ.Б.) басқармаларының бастықтарына аудандық және қалалық бөлiмшелерiне жоғарыда көрсетiлген жұмыстарды өткiзуге қатысуы жөнiнде тиiстi нұсқаулар беру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi 2000 жылдың бюджетiн жасаған кезде атаулы әлеуметтiк жәрдем көрсету үшiн қажеттi қаржы қарастырсын.
Тармақ 4
4."Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Уақытша ереже" тұрақты ереже жасалғанша және бекiтiлгенше Оңтүстiк Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында қолданылады.
Тармақ 5. Негiзгi түсiнiктер
5. Аталған шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсiн. Негiзгi түсiнiктер
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк карта-тиiстi аумақта тұратын отбасыларының материалдық және әлеуметтiк жағдайын көрсететiн құжат.
Тармақ 2
2. Жәрдемақы - аз қамтамасыз етiлген отбасыларына көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек.
Тармақ 3
3. Баланың туылғанына байланысты, бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек - тиiстi жағдай туындағанда берiлетiн бiрмезгiлдi көмек.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек - жұмыссыз деген ресми мәртебесi бар тұлғалар қайтыс болған жағдайда берiлетiн бiрмезгiлдi көмек.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек - жұмыссыз деген ресми мәртебесi бар тұлғаларға берiлетiн көмек.
Тармақ 6
6. Тұрғын-үй көмегi - тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердiң ақысын төлеу үшiн атаулы әлеуметтiк көмек.
Тармақ 7
7. Отбасының жиынтық табысы - тиiстi кезеңде отбасы мүшелерi тапқан табыстардың барлық түрлерi.
Басқа 13
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 78 шешіміне қосымша Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы Уақытша ереже
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер Атаулы әлеуметтiк көмектi қолданылып жүрген Заңға сәйкес аудандық және қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармалары көрсетедi. Ауыл (қаладағы шағын округтер) әкiмдерi "Әлеуметтiк карта" бойынша отбасылардың есебiн жүргiзедi. Жасалған "Әлеуметтiк картаның" негiзiнде ауыл (қаладағы шағын округтер) әкiмдерi ұсынған мұқтаж отбасыларының тiзiмдерi атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзi болып табылады. Атаулы әлеуметтiк көмек жәрдемақы, әлеуметтiк, материалдық көмек және тұрғын үй көмегi түрiнде көрсетiледi: - балалы отбасыларына жәрдемақы; - баланың туылғанына байланысты әлеуметтiк көмек; - бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек; - жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек; - тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердiң ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегi (тұрғын үй жәрдемақысы); Атаулы әлеуметтiк көмек (осы ережеде қаралған жағдайлардан басқа) егер отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық табысы тиiстi кезеңде "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгiленген есептiк көрсеткiштiң екi мөлшерiнен аспайтын болса ғана көрсетiледi. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi қаржыландырудың көзi болып облыстың аудандары мен қалаларының жергiлiктi бюджеттерi табылады. Атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi тиiстi кезеңге "Республикалық бюджет туралы" Заңда белгiленген есептiк көрсеткiшке сәйкес белгiленедi.
Тармақ 1. 1. Балалы отбасыларына жәрдемақы
1. Балалы отбасыларына жәрдемақы
Тармақ 1
1. Балалы отбасыларының жәрдемақылары төмендегiше бөлiнедi: - кәмелетке жасы толмаған балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы (бiрыңғай); - отбасында 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп балалары бар жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға жәрдемақы; - мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына жәрдемақы; - адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға жәрдемақы; - үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын бала кезiнен мүгедек балаларға жәрдемақы;
Тармақ 2
2. Жәрдемақылардың бiрнеше түрлерiне жәрдемақы алуға құқық пайда болған жағдайда жәрдемақы,жәрдемақының өзге түрлерiн алғанына қарамастан тағайындалады және төленедi.
Тармақ 3
3. Жоғарыда аталған жәрдемақылардың барлығы 18 жасқа дейiнгi балаларға төленедi.
Тармақ 4
4. Жәрдемақы туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға тағайындалады және төленедi;
Тармақ 5
5. Мемлекеттiң қамқорлығына толық алынған, жұмыс iстейтiн балаларға, сонымен қатар ата-ана құқығынан айрылған ата-аналарға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейдi.
Тармақ 6
6. Жәрдемақы тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленедi. Шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтарда iстейтiндерге жәрдемақы өткен жылға тағайындалады. Кәмелетке жасы толмаған балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы (бiрыңғай) Бiрыңғай жәрдемақы кәмелетке жасы толмаған балалары бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларына тағайындалады. Отбасында баланың еңбекке жарамды әкесi жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу нысанында оқымайтын және әскер қатарында қызмет өткермейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңде жәрдемақы бiрыңғай жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейдi. Асыраушысынан айырылған отбасыларына жәрдемақы тағайындау туралы мәселе асыраушысынан айырылғандығы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы белгiленгеннен кейiн шешiледi, ол отбасының жиынтық табысына асыраушының жалақысының орнына отбасыға тағайындалған мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы есептеледi. Бiрыңғай жәрдемақы әр балаға ай сайын бiр есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде тағайындалады және төленедi. Отбасында 7 жасқа дейiн төрт және одан да көп балалары бар жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға жәрдемақы Отбасында 7 жасқа дейiн төрт және одан да көп балалары бар жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы (табысқа қарамай) бiр есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде төленедi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына жәрдемақы Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына жәрдемақы, табысқа қарамай әр балаға ай сайынғы бiр есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде тағайындалады және төленедi. Жәрдемақы әскери қызметшiнiң мерзiмдi мiндеттi әскери қызметтi өткерiп жүрген кезiнде төленедi. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға жәрдемақы Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға жәрдемақы тағайындау денсаулық сақтау органдары берген медициналық қорытындының негiзiнде жүргiзiледi. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға жәрдемақы тиiстi кезеңге табысқа қарамай "Республикалық бюджет туралы" Заңда белгiленген ең төменгi жалақының сексен пайызы мөлшерiнде тағайындалады. Үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы Үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы ата-анасының немесе оларды алмастырушы тұлғалардың бiреуiнiң арызының негiзiнде баланың тұрғылықты жерi бойынша тағайындалады. Арызға облыстық бiлiм басқармасының жанындағы ведомстволық психологтық-медициналық- педагогтық кеңестiк комиссиясының мүгедек баланы үйде оқытудың қажеттiлiгi туралы берген анықтамасы қоса тiркеледi. Үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақы, табысына қарамастан, ай сайын бiр есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде тағайындалады.
Тармақ 2. 2. Баланың туылғанына байланысты, бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек
2. Баланың туылғанына байланысты, бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек Баланың туылғанына, бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек пен жұмыссыз азаматтарды (жұмыссыз мәртебесiн алғандар) жерлеуге берiлетiн материалдық көмек тиiстi жағдай туындағанда көрсетiледi. Туылған балаға берiлетiн әлеуметтiк көмек әр туылған балаға төрт есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде көрсетiледi. Бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек пен жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек отбасының табысына қарамастан он бес есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде берiледi.
Тармақ 3. 3. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек
3. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек Жұмыссыздарға материалдық көмек белгiленген тәртiппен жұмыссыз мәртебесiн алған азаматтарға берiледi. Жұмыссызды кәсiптiк оқытуға немесе қоғамдық жұмысқа жолдаған жағдайда оған берiлетiн материалдық көмек оқу басталған немесе жұмыссыздың тiркеуден шықпай жұмыс iстеген күнiнен бастап тоқталады. Материалдық көмек көрсетудiң жалпы мерзiмi он екi айлық кезеңнiң алты айынан аспауы тиiс. Жұмыссыздарға материалдық көмек екi есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде ай сайын берiледi.
Тармақ 4. 4. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердiң ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегi (тұрғын үй жәрдемақысы)
4. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердiң ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегi (тұрғын үй жәрдемақысы) Тұрғын үй көмегi аз қамтамасыз етiлген отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы түрiнде берiледi. Тұрғын үй жәрдемақысы сол аумақта тұрғылықты тұратын тұрғын үйдiң иесi немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаға тағайындалады. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi бар (пәтер, үй) немесе жалға берушi тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығын жоғалтады. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғын үй алаңының нормасы мен тұрғын үй коммуналдық қызмет нормативтерi шегiнде төлеуге кететiн шығындар отбасы бюджетiндегi осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың үлесiнен асатын жағдайда ғана берiледi. Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй коммуналдық қызметтердi пайдалануға ақы төлеудiң рұқсат етiлген шектелген шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 30 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй коммуналдық қызметтерiн пайдалану үшiн ақы төлеу жалпы негiздер бойынша жүргiзiледi. Тұрғын үй жәрдемақысы аударымсыз нысанда тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер мен төлемдi тұрғын үйдi жалдаушыға (меншiк иесiне) есептелген сомамен салыстырғанда азайту ретiнде берiледi. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн нақты есептелген ақысынан артық болмауға тиiс. Отбасында күтудi қажет етедi деп танылған мүгедектердi күтудi жүзеге асырушы немесе 14 жасқа дейiнгi (бiр және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы болмайды.
Тарау 2. II. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде өтiнiш жасау
II. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде өтiнiш жасау Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi өтiнiш тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына тапсырылады. Жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш бiлдiрген тұлғалар тiзбеге сәйкес құжаттар тапсырады. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдары өтiнiш бiлдiрушiге қабылданған күнi мен қабылдаған тұлғаның аты-жөнiн көрсетiп құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi.
Тарау iii. III. Жиынтық табысты анықтау кезiндегi ерекшелiктер
III. Жиынтық табысты анықтау кезiндегi ерекшелiктер Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде жиынтық табыстың құрамына отбасының өткен тоқсандағы табыстарының барлық түрi есептеледi. Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 306 V970306_ , Ұлттық статистикалық агенттiгi Директорының 1997 жылдың 26 наурыздағы N Р-1-14/124 бұйрықтарымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы қаржы және экономика Министрiнiң келiсiлген жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы белгiленген нұсқауындағы шарттары мен тәртiбiнде есептеледi. Еңбекақы жөнiндегi табыстарға тиiстi кезеңдегi еңбекақының есептелген сомасы алынады. Отбасының жиынтық табысына жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстар енгiзiледi.
Тарау iv. IV. Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығын анықтау кезiнде ескерiлетiн отбасы құрамы
IV. Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығын анықтау кезiнде ескерiлетiн отбасы құрамы Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығын анықтау кезiнде отбасы құрамына: - ерлi-зайыптылар және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған немесе осы жастан асқан, бала кезiнен мүгедек ретiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балалар, сондай-ақ ерлi-зайыптылармен бiрге тұратын еңбекке жарамсыз, зейнетақы алмайтын: ерлер үшiн 60 жасқа толған, әйелдер үшiн 55 жасқа толған ата-аналары; - жоғары оқу орындарының студенттерi, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының (училищелердiң, мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың, колледждердiң, кадрларды даярлау жөнiндегi курстардың) 18 жасқа толмаған оқушылары, оның iшiнде стипендия алатын оқушылар (олардың ата-аналарымен бiрге тұратын-тұрмайтыны немесе басқа қалаларда, елдерде оқып жүргенiне қарамастан); - отбасында тұратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерiлмесе; - ауруханаларда, балалар санаторийлерiнде емделiп жатқан балалар, сондай-ақ мектеп-интернаттарда тәрбиеленгенi үшiн ата-аналары немесе қамқоршылар iшiнара ақы төлейтiн балалар. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету құқығын анықтау кезiнде отбасы құрамында мыналар ескерiлмейдi: - ерлi-зайыптылардың туыстары (еңбекке жарамды ата-аналары, зейнетақы алатын ата-аналары, аға-iнiлерi, апа-қарындастары, сiңлiлерi және басқа туыстары); - ата-аналары оларға қатысты ата-аналық құқықтан айрылған балалар; - мемлекеттiк қамсыздандырудағы балалар (тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген оқушылар мемлекеттiң толық асырауына алынған адамдардың қатарына жатқызылмайды); - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери оқу орындарының офицерлiк құрамының әскери атақтары жоқ, прапорщик, мичман курсанттары мен тыңдаушылары; - теңiз жолы училищесiнiң және азаматтық авиацияның арнаулы орта оқу орындарының курсанттары; - ақыл-ой және дене дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған мектеп-интернаттарға, балалардың орман-санаторийлiк мектептерiне, арнаулы балалар үйiне, жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм терiне, арнаулы балалар үйiне, жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернаттарға, олимпиадалық резерв мектептерiне, отбасылық үлгiдегi балалар үйлерiне орналастырылған балалар; - кәсiптiк-техникалық училищелердiң тегiн тамақ, киiм-кешек және жатақхана берiлген оқушылары; - қамқоршы (асырап алушы) отбасыларда тәрбиеленетiн балалар; - 18 жасқа толған және одан асқан балалар; - мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, соның iшiнде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер.
Тарау v. V. Отбасы құрамын анықтау кезiндегi ерекшеліктер
V. Отбасы құрамын анықтау кезiндегi ерекшеліктер Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету құқығын анықтау кезiнде отбасының көмек алуға өтiнiш бiлдiрген сәттегi құрамы ескерiледi. Асырауындағы балалардың бiрыңғай жәрдемақысын алу құқығын анықтау кезiнде отбасы құрамына тек асырауындағы балалар ғана енедi, ал жиынтық табысқа асыраушылардың табыстары емес, осы балалар үшiн алынатын жәрдемақылар мен алименттер кiредi. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда балалар шешесiнiң немесе әкесiнiң отбасында нақты тұруына қарай ескерiледi. Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалған бала мемлекеттiң қамсыздандыруына көшiрiлсе, отбасының жәрдемақы алу құқығын айқындау кезiнде ол отбасы құрамында ескерiлмейдi. Атаулы әлеуметтiк көмек алатын тоқсанда отбасы құрамында өзгерiстер болған жағдайда жәрдемақы алу құқығы келесi тоқсанда қайта қаралады.
Тарау vi. VI. Тағайындау тәртiбi
VI. Тағайындау тәртiбi Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларындағы комиссиялардың шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссия ауыл (қалалардағы шағын округтер) әкiмiнiң сол аумақта есепте тұратын азаматтардың, ұсынылған "Әлеуметтiк карта" үлгiсi бойынша тiзiмiмен көмек қажет ететiн үмiткердiң бар жоғын салыстырады. Атаулы әлеуметтiк көмектердiң барлық түрлерi көмек тағайындау жөнiндегi өтiнiш бiлдiрген айдан бастап жүргiзiледi, бiрақ өтiнiш берген күннен 12 айдан аспауы керек. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi тоқтатуға жағдай туындаған кезде (баланы асырап алу, қайтыс болу, 7 жасқа дейiн төрт және одан көп баласы бар көп балалы аналардың жұмысқа орналасуы, екiншi үйдi, пәтердi сатып алу және т.б.) атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлмейдi.
Тарау vii. VII. Атаулы әлеуметтiк көмектi көрсету негiзiнде ескерiлетiн ерекшелiктер
VII. Атаулы әлеуметтiк көмектi көрсету негiзiнде ескерiлетiн ерекшелiктер Атаулы әлеуметтiк көмек алушылар атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығына әсер ететiн барлық өзгерiстер туралы тиiстi комиссияларды хабарлауға мiндеттi. Барлық қажеттi құжаттары бар өтiнiштi тиiстi комиссиялар ол түскен күннен бастап 10 күн iшiнде қарайды. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссияның шешiмi комиссияның хаттамасымен рәсiмделедi. Жергiлiктi еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдары атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн тапсырған құжаттарынан дұрыстығын меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң нысанына қарамастан қалаған ұйымға барып тексеруге құқылы. Атаулы әлеуметтiк көмек ұсынылған құжаттар қолданыстағы нормативтi актiлерге сай болған жағдайда көрсетiледi. Атаулы әлеуметтiк көмектi заңсыз алуға негiз болған дәлелсiз құжаттар мен мәлiметтер комиссияға тапсырылған жағдайда заңсыз алынған сомалар керi қайтарылуға жатады. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда тиiстi комиссия бас тартудың себептерiн көрсетiп, шешiм шығарғаннан кейiн барлық құжаттарды өтiнiш берушiге қайтарады. Комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы өтiнiш барлық ұсынылған құжаттармен бiрге, сондай-ақ атаулы әлеуметтiк көмектiң тиiстi түрiнiң тағайындалғаны туралы комиссияның шешiмi бар хаттамасы (немесе көшiрмесi) алушының жеке iсiнде сақталады. Ерекше мәселелер комиссияда шешiледi.
Тарау viii. VIII. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету
VIII. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету Қазақстан Республикасының Халықтық жинақ банкiсiнiң бөлiмшелерi мен оның құрылымдық буындары арқылы жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзiмi Балалары бар отбасыларға жәрдемақы
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгi бойынша жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Жеке қосалқы шаруашылығы көрсетiлген отбасының құрамы туралы тұрғылықты жерiнен берiлген анықтама.
Тармақ 3
3. Еңбек кiтапшасы.
Тармақ 4
4. Неке туралы немесе ажырасқандығы туралы куәлiк.
Тармақ 5
5. Баланың тууы туралы куәлiгi.
Тармақ 6
6. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттен жер үлесi көрсетiлген анықтама.
Тармақ 7
7. Отбасының табыстары туралы анықтамалар.
Тармақ 8
8. Балалардың оқу орнынан анықтама.
Тармақ 9
9. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органнан материалдық көмектiң мөлшерi көрсетiлген анықтама.
Тармақ 10
10. Әкелiгiн белгiлеу туралы шешiм.
Тармақ 11
11. Ведомстволық психологтық-педагогтық-кеңестiк комиссиясының анықтамасы.
Тармақ 12
12. Бала жасынан мүгедек баланы үйде оқыту жөнiнде аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң бұйрығы.
Тармақ 13. Тұрғын үй жәрдемақысы
13. Денсаулық сақтау органдарынан берiлетiн медициналық қорытындының анықтамасы (адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен науқастанған балаларға). Тұрғын үй жәрдемақысы
Тармақ 1
1. Үй иесiнiң арызы.
Тармақ 2
2. Үй кiтабы.
Тармақ 3
3. Үй иесiнiң төлқұжаты.
Тармақ 4
4. Еңбек кiтапшасы.
Тармақ 5
5. Жеке қосалқы шаруашылығы көрсетiлген отбасының құрамы туралы тұрғылықты жерiнен берiлген анықтама.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қызметтердi тұтынғанын есепке алу жөнiнде абоненттiк кiтапша.
Тармақ 7
7. Отбасының табыстары туралы анықтамалар.
Тармақ 8
8. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттен жер үлесi көрсетiлген анықтама.
Тармақ 9. Баланың туылғанына байланысты әлеуметтiк көмек
9. Жұмыссыздарға жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органнан жұмыссыздық мәртебесi мен материалдық көмек мөлшерi көрсетiлген анықтама. Баланың туылғанына байланысты әлеуметтiк көмек
Тармақ 1
1. Арыз.
Тармақ 2
2. АХАТ бөлiмiнен баланың туылғанына байланысты бiрыңғай көмек алу үшiн баланың туылғандығын тiркеу туралы анықтама.
Тармақ 3
3. Ата-анасының неке туралы куәлiгi.
Тармақ 4
4. Жеке қосалқы шаруашылығы көрсетiлген отбасының құрамы туралы тұрғылықты жерiнен берiлген анықтама.
Тармақ 5
5. Отбасының табыстары туралы анықтамалар.
Тармақ 6. Бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек және жұмыссыздарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек
6. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттен жер үлесi көрсетiлген анықтама. Бұрын жұмыс iстеген азаматтарды жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмек және жұмыссыздарды жерлеуге берiлетiн материалдық көмек
Тармақ 1
1. Жерлеудi жүргiзген тұлғаның арызы.
Тармақ 2
2. АХАТ бөлiмiнен жерлеуге жәрдемақы алу үшiн арнаулы куәлiк (анықтама).
Тармақ 3
3. Қайтыс болған (жұмыс iстеген) азаматтың жұмыс орнынан анықтама.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздарға жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органнан жұмыссыздық мәртебесi туралы анықтама (жұмыссызды жерлеуге).
Тармақ 5. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек
5. Жерлеудi жүргiзген кiсiнiң жеке куәлiгi. Жұмыссыздарға берiлетiн материалдық көмек
Тармақ 1
1. Арыз.
Тармақ 2
2. Неке туралы куәлiк.
Тармақ 3
3. Баланың тууы туралы куәлiк.
Тармақ 4
4. Жеке қосалқы шаруашылығы көрсетiлген отбасының құрамы туралы тұрғылықты жерiнен берiлген анықтама.
Тармақ 5
5. Отбасының табыстары туралы анықтамалар.
Тармақ 6
6. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитеттен жер үлесi көрсетiлген анықтама.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарға жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органнан жұмыссыздық мәртебесi туралы анықтама. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге қажеттi құжаттар түпнұсқа немесе расталған көшiрме түрiнде белгiленген тәртiппен өтiнiш берген күннен бастап 12 ай iшiнде берiлуi мүмкiн.