О мерах по обеспечению теплоснабжения поселка Первомайский Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Первомайскі кентін жылумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен. Ертіс химия-металлургия зауытының тоқтап қалуына байланысты өнеркәсіптік қазандықтан жылу куатымен қамтамасыз тұрғын үйлері жылумен жабдықтаудың көздерінсіз қалды. Дизельдік отынмен жұмыс істейтін автономдық қазандықтар орнату жолымен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етудің қабылданған және орындалған схемасы мұнай өнімдеріне бағаның күрт өсуіне және халшстың төлемдік қабылеттілігінің төмендігіне (жан басының орташа табысы 2062 теңге құрайды) байланысты кенттің қоныстану аймағын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеуде. Зейнетақылар мен жөрдемақыларды тұрақты төлеу кезеңіне, Ертіс химия- металлургия зауытында өндірісті қайта бастауға дейін Первомайскі кентін толассыз жылумен жабдықтау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданының әкімі (Гречухин А.В.) қазандық жабдықтары мен инженерлік жүйелерді оңды пайдалану үшін Первомайскі поселкесінің әкімі жанын- да мемлекеттік қазыналы кәсіпорын курсын және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. Кәсіпорынды қаржыландыру мыналар есебінен қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) халықтың жылу мен ыстық су үшін қызмет көрсетудің осы түрлері үшін орта облыстық тариф бойынша телемдерінен;
Тармақша 2
2) 1999-2000 жылдардағы от жағу кезеңінде Первомайскі халқы үшін нақты қалыптасқан және белгіленген тарифтердің арасындағы айырмашылыққа жылу мен ыстық су үшін субсидия бөлуден;
Тармақ 2
2. Тұрғын үй секторында жылуды тез беру үшін Шемонаиха ауданының әкімі (Гречухин А.В.) үш күн мерзімі ішінде аудандық бюджет қаражаттары есебінен әрбір тұрғын үйге дизельдік отынның айлық нормативті қорын қамтамасыз етсін, кейін оны халықтың төлемдері есебінен өтесін.
Тармақ 3
3. Шемонаиха ауданының әкімі А.В.Гречухин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Бас Басқармасымен (Шерубаев А.С.) бірге қарттар үшін кентте үй-интернат орналастыру мүмкіндіктерін қарасын.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің орынбасары А.Б.Қалиев, Шемонаиха ауданының әкімі А.В.Гречухин кент тұрғындарының бір бөлегін селолық жерлердің бос тұрғын үйлеріне қоныстандыру мәселесін зерттесін.