Об утверждении Инструкции "О порядке исчисления совокупного дохода" Күшін жойған
Басқа 0
Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы Нұсқаманы бекiту туралы
📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Ө бұйрығымен.
Еңбек министрлiгiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 2 бұйрығымен бекiтiлген аз қамтылған отбасыларына адрестiк көмек көрсету үшiн отбасының жиынтық табысын есептеудiң тәртiбi туралы Нұсқамаға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты бұйырамын:
Тармақ 1
1. Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы Нұсқама бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Еңбек министрлiгiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 2 бұйрығымен бекiтiлген аз қамтылған отбасыларына адрестiк әлеуметтiк көмек көрсету үшiн отбасының жиынтық табысын есептеудiң тәртiбi туралы бұйрығы күшiн жойды деп есептелсiн.
Басқа 3. Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң
1997 ж. 2 сәуiрдегi N 2 бұйрығымен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Статистикалық Агентствосы Төрағасының
1997 ж. 28 наурыздағы N З-1-14/124
бұйрығымен,
Қазақстан Республикасының Экономика
министрлiгiмен және Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiмен
келiсiлiп, бекiтiлдi
Жиынтық табысты есептеудiң тәртiбi туралы
Нұсқама
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
1.1. Отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына Қазақстан Республикасында және
одан тысқары жерлерде сол кезде ақшалай немесе заттай белгiленген
табыстың, алу көздерiне қарамастан, барлық түрi енедi, оларға:
Тармақша 1
1) еңбекақы түрiнде алынатын табыс;
Тармақша 2
2) кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыс;
Тармақша 3
3) мүлiктей табыс;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақылар, шәкiртақылар,
жәрдемақылар, өтемақылар* және әлеуметтiк қолдаудың басқа да түрлерi;
Ескерту:
<*>
Балалы отбасыларына берiлетiн бiрыңғай
жәрдемақыдан, жалғыз тұратын зейнеткерлерге ақшалай
немесе заттай түрiнде берiлетiн өтемақыдан, қайтыс
болғанда жерлеуге және бала туғанда берiлетiн
бiржолғы жәрдемақылардан басқалары.
Тармақша 5
5) балаларға және асырауындағы басқаларға алатын алименттер;
Тармақша 6
6) мертiгiуiне немесе денсаулығына өзгелеу зақым келуiне байланысты
өтем ретiнде алынатын бiржолғы сомалар;
Тармақша 7
7) ақшалай және зат түрiнде алған ұтыстар;
Тармақша 8
8) жеке меншiк қосалқы шаруашылықтан (соның iшiнде қорадағы малдан үй маңындағы учаскеден, бау-бақшадан, саяжайлық учаскеден алынатын табыстар).
Тарау 2. II. Еңбекақы түрiнде алынатын табыстар
II. Еңбекақы түрiнде алынатын табыстар
Еңбекақы түрiнде алынатын табыстарға мыналар жатады:
Тармақ 2.1
2.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистикалық Агентствосының Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттiк банкiмен, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен келiсе отырып 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 50 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 16 желтоқсанда N 244 болып тiркелген жалданып жұмыс iстейтiндердiң статистикалық саны және жалақысы жөнiндегi Нұсқаманың 6.1. және 6.3. бөлiмдерiнде көрсетiлген ақшалай және заттай жалақылардың, сондай сыйақылардың үстемелер мен әлеуметтiк жеңiлдiктердiң барлық түрлерi (қаржыландыру көздерiне қарамастан, қызметкерлерге заңғы сәйкес негiзгi жұмыс орны сияқты қосымша жұмыс орны бойынша жұмыс iстемеген уақыттарына төленетiн ақшалай сомаларды қоса алғанда).
Тармақ 2.2
2.2. Жалақыны есептеген кезде есепке алынбайтын және кәсiпорынның
(ұйымның) қаражаты есебiнен төленетiн, 7.1. (81-тармақтан басқасы); 7.2.;
7.3 (бала туғанда және қайтыс болғанда берiлетiн жәрдемақылардан басқа)
бөлiмдердегi басқа да төлемдер; 7.4. 86, 87-тармақтар.
2.3. Сонымен бiрге отбасының жиынтық табысының құрамына, контракт
бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң және iшкi iстер
органдарының қатардағы және басқарушы құрамы адамдарының ақшалай
жабдықталымдары да енедi.
Тарау 3. III. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыстар
III. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыстар
Тармақ 3.1
3.1. Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) өнiмдердi (жұмысты, қызметтi) сатудан түсетiн табыс;
Тармақша 2
2) тауарлы-материалдық құнды заттарды, мүлiктердi сату кезiнде
олардың құнын инфляцияға бейiмдеп түзетуге байланысты бағаның өсiмiнен
түсетiн табыстар;
Тармақша 3
3) өткiзу операцияларынан тыс табыстар, соның iшiнде:
- проценттерден түсетiн (кредит беруден (заемнан) алынған немесе
салымдар (депозиттер) бойынша проценттер) табыстар;
- дивидендтер;
- өтеусiз алынған ақша қаражаттары;
- жылжымайтын дүние-мүлiктер мен мүлiктердi жалға беруден түсетiн
табыс.
Тарау 4. IV. Жеке тұлғалардың мүлiктiк табысы
IV. Жеке тұлғалардың мүлiктiк табысы
Тармақ 4.1
4.1. Мүлiктiк табысқа мүлiктiң құнын инфляцияға лайықтап түзетудi ескергенде мыналарды сатудан алынатын құнның өсiмi жатады:
- жеке тұлғаның тұрақты орны болып есептелмейтiн жылжымайтын мүлiктi;
- бағалы қағаздарды;
- шетелдiк валютаны;
- қымбат тастар мен қымбат металдарды, олардың iшiнде зергерлiк бұйымдарды және қымбат тастар мен қымбат металдардан жасалған басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды.
Тармақ 4.2
4.2. Сонымен бiрге мүлiктiк табысқа табыстардың мына түрлерi:
- өтеусiз алынған жылжымайтын дүние-мүлiктердi, мүлiктердi қымбат тастар мен металдарды, оның iшiнде зергерлiк заттарды және қымбат тастар мен қымбат металдардан жасалған басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды сатудан алынған табыстар;
- мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша проценттер жатады.
Тарау 5. V. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақылар,
шәкiртақылар, жәрдемақылар, өтемақылар және
әлеуметтiк қолдаудың басқа да түрлерi
V. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақылар,
шәкiртақылар, жәрдемақылар, өтемақылар және
әлеуметтiк қолдаудың басқа да түрлерi
Тармақ 5.1
5.1. Жиынтық табыстың құрамына мыналар енедi:
- заңмен және басқа нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және жұмыс берушiлердiң шешiмiмен белгiленген тәртiпте тағайындалатын зейнетақылар мен оларға қосымша берiлетiн өтемақылық төлемдер;
- жоғары оқу орындарының студенттерiне, орта арнайы оқу орындары мен кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының студенттерiне, оқушыларына және тыңдаушыларына төленетiн шәкiртақылар, олардың қайдан төленетiнiне қарамастан;
- жұмыссыздығына байланысты берiлетiн жәрдемақылар, сондай-ақ кәсiптiк бiлiм алу және қайта оқу кезiнде Мемлекеттiк жұмыспен қамту қорынан алатын шәкiртақылар;
- әлеуметтiк сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан төленетiн жәрдемақылар;
- еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты (соның iшiнде балаға күтiм жасағаны үшiн);
- жүктiлiгiне және босануына байланысты;
- үйiнде тәрбиеленiп, оқылтылатын мүгедек балаларға берiлетiн жәрдемақы;
- отбасылық жәрдемақы: мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнiң балаларына берiлетiн ай сайынғы жәрдемақы, адамның иммундық вирус жұқтырған немесе СПИД-пен науқастанған балаларға ай сайын берiлетiн жәрдемақы, жетi жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға берiлетiн жәрдемақы;
- республикалық және жергiлiктi бюджеттiң, сондай-ақ жұмыс
берушiлердiң қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер мен
материалдарын көмек;
- заңдарға және өзге де нормативтiк құқылық актiлерге сәйкес
берiлетiн заттай жабдықталымның құны, сондай-ақ осы жабдықталымның орнына
төленетiн сомалар;
- тұрғын үй жәрдемақысы (жәрдемақының осы түрiн алу үшiн жиынтық
табысты есептеген кезде есепке алынбайды);
- жеке ақша аударымдары;
Тарау 6. VI. Балаларға және асырауындағы басқаларға
алынатын алименттер
VI. Балаларға және асырауындағы басқаларға
алынатын алименттер
Тармақ 6.1
6.1. Балаларға және асырауындағы басқаларға алынатын алименттер
жиынтық табыстың құрамына енедi.
Тарау 7. VII. Мертiгуiне немесе денсаулығына өзгедей
зақым келуiне байланысты өтем тәртiбiнде
алынатын бiржолғы сомалар
VII. Мертiгуiне немесе денсаулығына өзгедей
зақым келуiне байланысты өтем тәртiбiнде
алынатын бiржолғы сомалар
Тармақ 7.1
7.1. Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде өндiрiстiк
жарақат алу салдарынан еңбек ету қабiлетiн жоғалтуына, денсаулығына зақым
келуiне байланысты жұмыс берушiлердiң оларға өтем ретiнде заң белгiлеген
мөлшерде төлейтiн бiржолғы төлемдерi мен басқа да шығындары жиынтық
табыстың құрамына енедi.
Тарау 8. VIII. Ақша және зат түрiндегi ұтыстар
VIII. Ақша және зат түрiндегi ұтыстар
Тармақ 8.1
8.1. Ақша және зат түрiндегi ұтыстар жиынтық табыс құрамына енедi.
Тарау 9. IХ. Жеке қосалқы шаруашылықтан (соның iшiнде
қорадағы малдан, үй маңындағы учаскеден
бау-бақшадан, саяжайлық учаскеден түсетiн
табыстар)
IХ. Жеке қосалқы шаруашылықтан (соның iшiнде
қорадағы малдан, үй маңындағы учаскеден
бау-бақшадан, саяжайлық учаскеден түсетiн
табыстар)
Тармақ 9.1
9.1. Жеке қосалқы шаруашылық (соның iшiнде қорадағы малдан, үй маңындағы учаскеден, бау-бақшадан, саяжайлық учаскеден алынатын табыстар) отбасының жиынтық табысына енедi.
Тармақ 9.2
9.2. Отбасының тоқсан iшiндегi жиынтық табысына ескерiлетiн табыстың көлемiне қалада (қала үлгiсiндегi поселкеде) тұратын отбасы үшiн есептiк көрсеткiштiң 5 есе мөлшерi және ауылдық жерлерде тұратын отбасы үшiн есептiк көрсеткiштiң 6 есе мөлшерi алынады. <*>
📌 Ескерту. 9.2. тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1998.03.05. N 3 бұйрығымен.
Тарау 10. Х. Жиынтық табысты есептеу
Х. Жиынтық табысты есептеу
Тармақ 10.1
10.1. Жәрдемақының сол және басқа түрiн алу құқын анықталған кезде отбасының жиынтық табысы есептелiнедi.
Тармақ 10.2
10.2. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамына енген барлық адамдардың жәрдемақы тағайындау үшiн немесе басқа мақсаттар үшiн өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан iшiндегi (бiрiмен бiрiне дейiнгi аралықтағы) табысы енедi.
Тармақ 10.3
10.3. Отбасының тоқсан iшiндегi орташа айлық жан басына шаққандағы жиынтық табысы отбасының осы кезең iшiндегi жиынтық табысы отбасы мүшелерiнiң санына және тоқсан iшiндегi айлар санына бөлу жолмен есептеледi.
Тармақ 10.4
10.4. Есептеу кезiнде құрамында өзгерiс болған отбасының жиынтық табысын есептеген кезде отбасының жаңадан қосылған (кеткен) мүшесiнiң сол келген (кеткен) айынан бастап алған табысы есептеледi (есептелмейдi).
Отбасының бiр мүшесi бас бостандығынан айыратын жерде болуына немесе күштеп емделуге жiберiлуiне байланысты отбасында болмаған жағдайда отбасының жиынтық табысын есептеген кезде кеткен (келген) адамның табысы оның кеткен (келген) кезiне дейiн ескерiледi. Бiрақ отбасының сол отбасы мүшесiнен алатын алиментi немесе басқа сомалары отбасының жиынтық табысына енедi.
Егер осы адамдар жоғарыда аталған себептермен бүкiл кезең iшiнде отбасында болмай қалса, онда олардың табысы отбасының жиынтық табысын есептеген кезде есепке алынбайды.
Тармақ 10.5
10.5. Егер отбасының бiр мүшесi жиынтық табыс есептелiнетiн тоқсаннан аз уақыт жұмыс iстесе, оның осы кезеңде жұмыс iстеген айлары iшiндегi табысы ескерiледi, ал орташа айлық табыс жалпы жалақысы мен басқа да табыстарын тоқсан iшiндегi айларға бөлу арқылы анықталады.
Тарау 11. ХI. Отбасының жиынтық табысын есептеген
кезде ескерiлетiн ерекшелiктер
ХI. Отбасының жиынтық табысын есептеген
кезде ескерiлетiн ерекшелiктер
Тармақ 11.1
11.1. Шетелде жұмыс iстейтiн және отбасы құрамына есептелетiн адамдардың жиынтық табысына ұлттық валюта сияқты шетелдiк валюта да есепке алынады. Бұл орайда шетелдiк валюта түрiнде алған табыстар отбасының жиынтық табысын анықтаған кездегi Ұлттық банктiң белгiленген курсы бойынша ұлттық валютаға есептеледi.
Тармақ 11.2
11.2. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмысқа немесе оқуға келген шетелдiк азаматымен некеде тұрса және ол отбасының мүшесi деп есептелсе, отбасының ортақ табысы Қазақстан Республикасы азаматының табысынан және шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында алған ұлттық теңге түрiндегi сияқты шетелдiк валюта түрiндегi, яғни отбасының жиынтық табысын есептеген кездегi Ұлттық банктiң белгiлеген курсы бойынша теңгеге шаққандағы ұлттық валюта түрiндегi табысымен белгiленедi.
Тармақ 11.3
11.3. Азаматтық-құқықтық келiсiмдер, соның iшiнде ғылым, әдебиет немесе басқадай пайдалануға келiсiмдер болған жағдайда осы келiсiм есебiнен аванспен төленетiн сыйақы аванс берiлген бүкiл кезеңге бөлiнедi, ал ақырғы есеп айырысу кезiнде қалған сома келiсiмде аванс берiлгеннен кейiнгi күшi жойылмаған кезеңiне бөлiнедi.
Тармақ 11.4
11.4. Авторлық гонорарлар (келiсiм болмағанда), сондай-ақ жаңалықтар ашқаны, өнертабысы және рационализаторлық ұсынысы үшiн алған сыйақылар отбасының осыларды алған айлардағы табысына енедi.
Тармақ 11.5
11.5. Жұмыс берушiнiң несиелердi, кредиттердi өтеу сомалары жиынтық табысқа енедi және несие беру, кредит беру мерзiмiне оларды өтеу сәтiнен бастап (тепе-тең төленген, соманы жарым-жартылай өтеуде және несиенi, кредиттi беру мерзiмiнде) бөлiнедi.
Тармақ 11.6
11.6. Жеке азаматтарда немесе азаматтар ұжымында жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысына олардың нақты жалақысы ескерiледi. Бұл орайда жалақының заттай берiлетiн бөлiгi жиынтық табысқа рынок бағасы бойынша ақшаға бара-бар түрiнде енедi.
Тармақ 11.7
11.7. Әскери қызметшiлердiң ақшалай жабдықталымы отбасының жиынтық табысына үстемелерi мен қосымшалары ескерiле отырып енгiзiледi. Мұнда мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнiң, соның iшiнде әскери мiндетiн әскери-құрылыс отрядтарында атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң ақшалай жабдықталымы бұған кiрмейдi, өйткенi олар отбасы құрамының есебiне алынбайды.
Тармақ 11.8
11.8. Алынатын алименттер отбасының жиынтық табысына сол тиiстi және есепке алынатын кезеңiне есептеледi. Алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы қарыз деп есептелiнбейдi және отбасының жиынтық табысына оларды есептеген күннен бастап есепке алынады.
Егер сот шешесiне (әкесiне) алимент өндiруден бас тартса сондай-ақ ерлi-зайыптылар ажырасып, шешесi (әкесi) жазбаша түрде өтiнiш берiп алименттен бас тартса не оларды алмаса, онда сот шешiмiнiң көшiрмесi және жәрдемақы алуға өтiнiш жасаушының алимент алмағандығы туралы жазбаша өтiнiш бойынша жиынтық табыс алимент қосылмай есептелiнедi.
Ерлi-зайыптылардың некесi бұзылған, бiрақ жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш жасаған кезде сот әкесiнен (шешесiнен) алимент өндiрiп алу туралы шешiм шығарған жағдайда отбасының өткен уақыттағы жиынтық табысын анықтаған кезде әкесiнiң (шешесiнiң) табысы есепке алынады.
Тармақ 11.9
11.9. Құрамында жұмыс iстемейтiн бiр немесе бiрнеше мүгедегi бар отбасының жиынтық табысын есептеген кезде отбасының жиынтық табысына мүгедекке тағайындалған зейнетақы қосылады.
Егер жәрдемақы тағайындалғаннан кейiн мүгедек жұмысқа орналасса, онда отбасына жиынтық табысы мүгедектiң өткен уақыт iшiнде алған табысының жалпы сомасы ескерiле отырып қайта есептеледi.
Тармақ 11.10
11.10. Фермерлердiң жиынтық табысына ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатудан түскен, салық салу органдарына өткiзетiн алынған табыстары туралы декларацияда көрсетiлген нақты табыстары енедi. Бұл орайда жылдық табыс 12 айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi сол белгiлi бiр кезең iшiндегi жалпы жиынтық табысқа енедi.
Тармақ 11.11
11.11. Жиынтық табысты есептеген кезде шартты жер үлесiн және мүлiктiк үлестiк жарнаны пайдаланғаннан және iске асырғаннан түскен табыс та ескерiледi.
Тармақ 11.12
11.12. Отбасының жиынтық табысын анықтау жеке тұлғаларға салық салу кезiнде пайдаланылатын құжаттардың, сондай-ақ жәрдемақы алуға және басқа мақсаттарға өтiнiш жасаған азаматтың өткiзген басқа да құжаттары мен мәлiметтерi негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 11.13
11.13. Отбасының жиынтық табысын анықтау үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
- отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерi жұмыс iстейтiн жерiнен жалақысы туралы анықтама өткiзедi;
- жұмыссыз ретiнде тұрғылықты жерiндегi жұмыспен қамты орталығында
тiркелген адамдар алатын жәрдемақысының мөлшерi туралы анықтама өткiзедi;
- зейнетақы алатын адамдар жергiлiктi жерiндегi еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау органынан алатын зейнетақысының мөлшерi туралы анықтама
өткiзедi;
- кәсiпкерлiкпен айналысатын адамдар салық инспекциясының тиiстi
анықтамасын өткiзедi;
- алимент алушылар кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның аударып отыратын
алименттері туралы анықтамасын немесе алып отыратын алимент туралы почта
переводтарын, шешесiнiң (әкесiнiң) өтiнiшiн өткiзедi.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк Ұлттық статистикалық
қорғау министрлiгiнiң Агентствосының халық, еңбек
зейнетақымен қамсыздандыру, және үй шаруашылығы
еңбекақы төлеу және тұрмыс статистикасы Бас
деңгейi Бас басқармасы басқармасы