Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына, 531 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 505, 506 және 531 баптың 2 тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 126 шешіміне қосымша N 1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. (Салық кодексінің 378 бабы)
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 126 шешіміне қосымша N 2 Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.(Салық кодексінің 379 бабы)
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 126 шешіміне қосымша N 3 Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) (Салық кодексінің 381 бабы)
Басқа 6
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 126 шешіміне қосымша N 4 Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері (Салық кодексінің 383 бабы)