Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.20. N 1863
қаулысымен .
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.09. N 541 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Бекiтiлген штат саны лимитінің шегiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ведомстволары:
Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi;
Азаматтық авиация комитетi;
Темiр жол көлiгi комитетi;
Көлiктiк бақылау комитетi;
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.03. N 1665 , 2002.08.19. N 916 , 2003.08.06. N 786 , 2004.10.28. N 1111 қаулыларымен .
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Үкiметiне құрылған ведомстволардың ережелерi мен құрылымын бекiту және Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Ереже
📌 ЕСКЕРТУ. Мәтiндегi "көлiк, ақпараттық және коммуникациялық", "көлiктiк және ақпараттық, коммуникациялық", "көлiк пен коммуникациялар, ақпараттандыру" деген сөздер "көлiктiк, коммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.22. N 724 қаулысымен .
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) көлiктік, коммуникациялық кешенде басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары: Көлiктiк бақылау комитетi, Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi, Азаматтық авиация комитетi, Темiр жол көлiгi комитетi болады.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1521
қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000.11.03. N 1665 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002.08.19. N 916 қаулысымен .
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 995 қаулысымен .
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.22. N 724 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003.08.06. N 786 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрліктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтармен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 5
5. Министрлiктiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Министрлiктің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
Тармақ 7
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заң актілерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тармақ 2. 2. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Министрлiктiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) көлiктік, коммуникациялық кешендi дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) заңдарда белгiленген тәртiппен көлiктік, коммуникациялық кешен қызметiн мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) көлiк, ақпараттық жүйелер, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу және кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске мемлекеттiк қолдау көрсету;
Тармақша 4
4) тасымалдауларға, мемлекеттiк мұқтаждықтардың қажеттерiне болжамдар жасау және уақытында сапалы қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) көлiк қызмет көрсетулерiн тұтынушылардың құқығы сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 6
6) көлiк пен саласында заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруға, сондай-ақ олардың көлiк және салаларындағы кадрларды оқытуға, даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу болып табылады;
Тармақша 8
8) халықаралық трафикті есепке алуды жүзеге асыру.
Тармақша 9
9)
📌 Ескерту. 10-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.14. N 74 қаулысымен .
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1521
қаулысымен .
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 995
қаулысымен .
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.22. N 724 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 9)-тармақша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 1
1) жүктердi, жолаушыларды тасымалдауға қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясат пен стратегияны iске асыру;
Тармақша 2
2) Үкiметтiң шешiмi бойынша көлiктік, коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) көлiктiк, коммуникациялық қызметтi жүзеге асыратын объектiлердi жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде көлiктік, коммуникациялық кешеннiң дамуы мен жұмыс iстеуiнiң маңызды мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегiнде көлiктік, коммуникациялық кешеннiң қызметiне байланысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 6
6) өз құзыретiнiң шегiнде техникалық шарттар мен өзге нормативтердi бекiту, сертификаттау жүргiзу, сондай-ақ көлiктік, коммуникациялық кешенде белгiленген нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) көлiк пен коммуникациялар, қызметтерін көрсету, қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк тапсырысты орналастырады, мемлекеттiк тапсырысқа бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 9
9) әуе кеңiстiгiнiң пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) Министрлiктің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау;
Тармақша 11
11) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы көлiктік, коммуникациялық кешенiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) көлiктік, коммуникациялық кешенде мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын ақысыз негiзде, ал мемлекеттiк қызметкер болып табылмайтын мамандарды ақылы негiзде сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн тарту;
Тармақша 13-1
13-1) өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң жыл сайынғы жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу;
Тармақша 13-2
13-2)
Тармақша 13-3
13-3)
Тармақша 13-4
13-4)
Тармақша 13-5
13-5) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген бағыттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
Тармақша 13-6
13-6) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, көрсетiлген тасымалдаулардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
Тармақша 13-7
13-7) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдауларының бағыттар тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 13-8
13-8) өз құзыретiнiң шегінде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 13-9
13-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 13-10
13-10) автомобиль көлiгi саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен мемлекеттiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
Тармақша 14
14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. N 1521 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13-1) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.03. N 1665 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13-2) тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ 13-2) тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2002.07.17. N 794 қаулысымен .
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 995 қаулысымен .
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.22 N 724 қаулысымен .
Ескерту. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.19 N 432 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 13-3), 13-4)-тармақшалар алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
Тармақ 12
12. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардан Министрлiктiң құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректердi сұратуға;
Тармақша 2
2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
Тармақша 3
3) көлiктік, коммуникациялық кешенге кiретiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органы болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Yкiметтiң шешiмдерi бойынша көлiктік, коммуникациялық кешеннiң заңды тұлғалары акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiне иелiк етуге және пайдалануға;
Тармақша 5
5) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын iрiктеудi және тағайындауды жүзеге асыруға, заңдарға сәйкес бiрiншi басшылармен келiсiмшарттар жасауға;
Тармақша 6
6) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарда көлiктік, коммуникациялық кешеннiң мүдделерiн бiлдiруге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларына сәйкес келмейтiн бұйрықтарын тоқтатуға және хаттарын керi қайтарып алуға;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк сатып алу процесiнде тапсырысшы болуға;
Тармақша 9
9) өзiне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Министрліктің мүлкі
3. Министрліктің мүлкі
Тармақ 13
13. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады.
Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
Тармақ 17
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 18
18. Министр осы мақсатта:
Тармақша 1
1) вице-министрлердiң, Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмектер көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
Тармақша 4
4) Министрлiктің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Министрлiктiң құрылымын, штат кестесiн және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 6
6) Мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктің атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Министрлiктiң консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.
Тармақ 5. 5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 82. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 20 қарашадағы
N 1756 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 112-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 11-тармағы.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334
қаулысының 2-тармағының 3) тармақшасы.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.