О запрете практики наличных взаиморасчетов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қолма-қол ақшамен өзара есеп айырысу тәжірибесіне тыйым салу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Салық тәртібін күшейту және қоғамдық көліктегі жолаушылар ағынының есебін алуды реттеу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Меншік түріне қарамастан облыстың автовокзалдары мен автостанцияларының басшылары жолаушы тасымалдаушылармен қолма-қол ақшамен өзара есеп айырысу тәжірибесін тоқтатсын. Өзара есеп айырысуды жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарының есеп шоттарына ақша аударумен жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Алматы облысы бойынша салық комитеті (Л.Қ. Нұрбекова) жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарына жоспарлы тексеру жүргізу кезінде тасымалдаушылар мен автовокзалдар арасындағы өзара есеп айырысуды қарама-қарсы тексеру әдісін қолдансын.
Тармақ 3
3. "Көлік департаменті" МКҚК-ны (Құрманғалиев А.Қ.): - Облыстың автовокзалдарында (автостанцияларында) жолаушылар ағынының есебін жүргізуді ретке келтірсін; - Облыстың барлық жолаушылар тасымалдау кәсіпорнын осы шешіммен таныстырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін.