Об утверждении методики расчета платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы " Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 487-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 223 бұйрығымен бекітілген Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі
Тармақ 1
1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)" 487-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жер үсті су ресурстарының су көздерін пайдалануда төлем мөлшерін есептеу кезінде (бұдан әрі - төлем мөлшері) қолданылады.
Тармақ 2
2. Төлемақы мөлшерлері осы әдістеменің қосымшасында көрсетілгендей базалық ставкалар негізінде өзен бассейндері және экономика салалары бойынша Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің жыл сайын жариялайтын, сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып, келесі формуламен есептеледі: Р р = Р б х К 2009 ж х … х К i мұндағы: Р р – төлемақы мөлшерлері. Р б – базалық төлемақы мөлшері (әдістеменің қосымшасында көрсетілген). К 2009 ж – 2009 жылғы инфляция коэффициенті (бірлікке келтірілген). К i – кейінгі жылдардағы инфляция коэффициенті (бірлікке келтірілген).
Тармақ 3
3. Төлемақы мөлшерін әзірлеу барысында аймақтың жағдайына байланысты төлемақы мөлшерін төмендету (0,2 кем емес) және жоғарылату коэффициентін жергілікті бюджетке түсетін төлемдердің жалпы сомасы осы әдістеменің 2-тармағы негізінде есептелген сомадан аспайтын болған жағдайда және екі еседен жоғары болмауы шарт болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Басқа 9. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық ставкалар
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесіне қосымша Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық ставкалар Ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­дың тү­рі Өзен­дер, көл­дер, те­ң­із­дер бас­сей­ні Тұр­ғын-үй пай­да­ла­ну және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер. (тең­ге/1000 тек.м) Өнер­к­ә­сіп жы­лу энер­ге­ти­ка­сын қо­са есеп­те­ген­де (тең­ге/1000 тек.м) Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы. (тең­ге/1000 тек.м) 1. Сыр­да­рия өзе­ні және Арал те­ңі­зі бас­сей­ні 65 184 51 2. Бал­қаш және Ала­көл көл­де­рі бас­сей­ні 58 160 46 3. Ер­тіс өзе­ні бас­сей­ні 63 181 51 4. Есіл өзе­ні бас­сей­ні 61 169 48 5. Нұ­ра, Са­ры­су және Кен­гір, бас­сей­ніне жа­та­тын өзен­дер 68 194 56 6. Тор­ғай, То­был, Ыр­ғыз бас­сей­ніне жа­та­тын өзен­дер 61 174 48 7. Жай­ық, Са­ғыз, Ем­бі, Еділ, Ой­ыл, Үл­кен және Кі­ші Өзен өзен­де­рі және Кас­пий те­ңі­зі бас­сей­ні 72 206 58 8. Шу, Та­лас және Аса өзен­де­рі бас­сей­ні 68 191 56 кестенің жалғасы Ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­дың тү­рі Су көз­де­рі­нен су алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын то­ған ша­ру­а­шы­лық­та­ры (тең­ге/1000 тек.м) Су энер­ге­ти­ка. (тең­ге/1000 кВт.сағ) Су кө­лі­гі (тең­ге/1000 тек.м) 1. 51 19 7 2. 44 17 5 3. 51 19 7 4. 48 17 5 5. 53 - - 6. 48 - - 7. 56 - 7 8. 53 19 -