Мектепке дейінігі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі туралы Қолданыста
Басқа 0
Мектепке дейінігі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңының 6- бабының 4 – тармағы 4) тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік қаулы етеді;
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 3
Аудандық әкімдіктің
2009 жылғы 13 наурыздағы
№ 40 қаулысымен бекітілген
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі
Тармақ 1
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды 0 жас пен 6 жас аралығы есепке алуды Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 6 бабы 5 тармағының 1 тармақшасына сәйкес село, селолық округтердің әкімдері жүргізеді.
Тармақ 2
2. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді аудан орталығында Бейнеу аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің , ауылдық елді мекендерде село, селолық округ әкімдерінің аппараты есепке алуды жүргізеді.
Тармақ 4
4. Өтініштерді қабылдау, қарау, тіркеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардығы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына аудан орталығында Бейнеу аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік бөлімі мемлекеттік мекемесінің , ауылдық елді мекендерде село, селолық округ әкімдерінің жолдамасы, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің анықтамасы негізінде бір жастан бес жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Тармақ 6
6. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына сәйкес, бюджеттік және ақылы топ ұйымдастырылады.
Тармақ 6.1
6.1. Бюджеттік топқа мына саннаттағы балалар белгіленген тәртіппен қабылданады
Тармақша 1
1)Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 2
2)Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін көп балалы отбасылардың балалары.
Тармақша 3
3)Ата-анасының екеуі 1 немесе 2 топтағы мүгедек болса ;
Тармақша 4
4)Ата-анасының екеуі де бюджеттік қызметте, не біреуі бюджеттік қызметте екіншісі жұмыс жасамайтын, не екеуіде жұмыс жасамайтын болса.
Тармақ 6.2
6.2. Бұл санаттағы балаларға жолдама беру білім беру, әлеуметтік қорғау қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құрылған комиссия қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6.3
6.3. Бюджеттік топқа қабылданатын тәрбиеленушілердің ата-анасының өтінішімен қоса, жан басына шаққандағы табысын анықтайтын құжаттары болу керек.
Тармақ 6.4
6.4. Мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама беру тіркелу кезегіне сай жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мына жағдайларда сақталады:
Тармақша 1
1) бала ауырып қалғанда;
Тармақша 2
2) бала медициналық, санаторийлік-курорттық және өзгеде де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;
Тармақша 3
3) ата-анасынаң біреуіне еңбек демалысы берілгенде;
Тармақша 4
4) бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда;
Тармақ 8
8. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау үшін кіру жарналары, сондай-ақ бала мектепке дейінгі ұйымда ұзақ мерзім болмаған немесе қатыспаған жағдайда дәлелді себептермен орынды сақтау үшін төлемақы алынбайды.
Тармақ 9
9. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы өзара қарым – қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын Шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану саны, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге жағдайлар айқындалады.
Тармақ 10
10. Басшы құрылтайшының, болмаса құрылтайшы белгілеген басқару органының келісімі бойынша баланы мектепке дейінгі ұйымнан мына жағдайларда шығарады.
Тармақша 1
1)Баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбегенде (10 күннен астам);
Тармақша 2
2)Бала дәлелсіз себепсіз және әкімшілікке ескертпей балабақшаға бір айдан астам келмегенде;
Тармақша 3
3)Баланы мектепке дейінгі ұйымға келуіне кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болса.